gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Жаңалықтар

Саратов ансамбльдері Астана төрінде ән шырқады
Уральский федеральный университет и Казахский национальный университет будут готовить магистров-превентологов
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумына қатысу үшін Екатеринбургке келді
Мәскеуде қазақстандық студенттер арасында Жалпыресейлік ұлттық өлеңдер жарысының бірінші іріктеу айналымы өтеді
Тверь облысында XV Жаздық дипломатиялық ойындар өтті
Қазақстанның жас белсенділері Орынборда басталған "Көршілер" атты жастар форумына қатысуда
Екі күн бойына, яғни 23-24 шілдеде Атырауда трансшекаралық су бассейндерінің өзекті мәселелерін талқылаған Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының отырысы өтті
Оралдықтар А.Пушкиннің туған күнін атап өтті
Елшінің Мәскеу студенттерімен кездесуі туралы
Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар мен Том ғалымдары экологиялық таза мотор отыны - диметил эфирін алу пробемаларын талқылады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі
Қазақстанның Елшісі Ғ.Оразбақовтың Свердлов облысына жұмыс сапары туралы
"Талисман Тенгри" атты кітаптің тұсаукесері туралы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.А.Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапарына
Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның жетекші филолог ғалымдары Павлодар мемлекеттік университетіндегі "дөңгелек үстел" басында тәжірибелерімен алмасты, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
14-17 қараша аралығында Астана қаласында Конгресс-холл сахнасында "Астана - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы" халықаралық жобасының аясында Олег Табаковтың жетекшілігімен А.Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының гастрольдері өтеді.
Биыл Ресей мен Қазақстан өзара достық қарым-қатынастың 20 жылдығын атап өтуде.
Мәскеу қаласында ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Парламент депутаттарының тобы жұмыс байланыстары аясында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша Беларусь, Қазақстан және Ресей парламентаршілерінің кездесуі өтеді.
19 қыркүйек күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге екі ел ықпалдастығының ІХ Өңіраралық форумына қатысу үшін.
Павлодар педагогикалық институтының, мәскеулік мемлекеттік университет пен Ресей ғылым академиясының экология және эволюция проблемалары институтының зерттеушілерінен құралған халықаралық ғылыми экспедиция Зайсан көліне шықты, деп хабарлады ПМПИ-ның баспасөз қызметінен.
Қазақстанның әріптес елдері рейтингінде Ресей мен Қытай көш бастап тұр. Бұл мәліметті "Рейтинг.KZ" зерттеу агенттігі таратып отыр.
Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері біздің әлемде маңызды рухани және құнды үдерістердің қозғаушы күші бола алады.
Ресей федерациясының консулдығы Орал қаласында бас консулдық мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды тілшісі Сергей Прохоров консулына сілтеме жасап.
Бүгін - орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні. Ақын есімі оралдықтар үшін ерекше жақын.
1 мамырда Элистада будда I Халықтарының кубогына "Ақ лотос" шағын футболдан халықаралық жарыс ашылды
Православ күнтізбесінде 25 қаңтар - ұлы азапталушы Татьянаның күні, ал ол тарихта Ресейдегі бірінші Мәскеу университетінің негізін салушы ретінде қалған.
"Отырыста БЭК қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жоспарының орындалу барысы туралы мәселелерді, паспорттық-визалық бақылауды біріздендіру, КО мүше-мемлекеттерінің экспорттық бақылауын қарастыру жоспарланған", - деп көрсетілген хабарламада.
QS World University Rankings агенттігімен құрастырылған әлемнің 700 үздік университеттерінің тобына 13 ресейлік жоо кірді.
2011 жылдың 28 қазанында сағат 09:30-да Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің негізінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау үшін шетел тілі ретінде орыс тілі бойынша мемелекеттік тест жүргізу өтеді.
Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресей VIII аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты
Қазақстан мен Ресей құқықтық ынтымақтастығын кеңейте түспек
Ақтөбеде "Қазақстан - достық бесігі" атты халықаралық жастар лагері өтті.
Таразда орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің ескерткішінде "Пушкин оқулары" өтті.
Алматы облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбавтың өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумның өтуіне қолдау білдіргендер арасында алғашқы қатарға жатады және бұл ұжым "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалына жиынның қарарын жіберді.
Батыс Қазақстан облысында табиғат қорғаушылар альянсын құру қажет. Бұл туралы "Жас эколог" жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Экологиялық туризмді дамыту және БҚО-дағы табиғи аумақтарды қорғаудағы әріптестік" деген тақырыптағы дөңгелек үстел отырысында айтылды.
Жер қойнауын игеруші жамбылдық фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгенің зиянын келтірді Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
2014 жылы Қазақстанда "Еуро-5" экологиялық стандарты енгізілуі мүмкін. Бүгін Алматыда мұнай өңдеу экологиясы мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында халықаралық сарапшылар 2014 жылға қарай Қазақстанның "Еуро-5" экологиялық стандартын енгізу жөніндегі жоспарының жүзеге асырылу мүмкіндігін растады.
Бүгін "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалының ғимаратында Әлеуметтік шиеленістерді қарастыру мен шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеше елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бірінші дәрежелі жеңімпазы "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтті.
Көкшетау өңіріндегі экологиялық мәселелер өте күрделі. Бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясының Үкіметтік емес ұйымдары форумында сөз алған "Ekol" экологиялық тұрақтылық Көкшетау-Бурабай қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Мұқаш осылай деп дабыл қақты.
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарындағы жабайы құстарды көктемде атуға тыйым салу мәселесі көтеріліп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада "Жыл құстары мекен ететін маңызды сулы-батпақты алқаптарды кешенді түрде қорғау" жобасын басқару бойынша ұлттық комитеттің 12-ші отырысында аталған жобаның ұлттық менеджері Талғат Кертешев айтты.
Санкт-Петербордағы Ресей этнографиялық мұражайында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстары ашылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің осы саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша екіжақты өзара іс-әрекеттерін одан әрі тереңдету үшін жақсы негіз бола алады. Беларус Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі құқықтық және кадрлық жұмыстар басқармасы бастығының орынбасары Елена Корякина осындай пікірін жеткізді. Ол Келісім жобасын аяқтау бойынша 23-24 қараша күні Минискде өтіп жатқан сарапшы топтың отырысына қатысуда, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінінің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 16 қараша күні экология мәселелері жөніндегі халықаралық конференция аясында делегаттар Арал маңы аймағында болды.
"Берингер Ингельхайм Фарма Гес мбХ" компаниясының қызметкерлері, "PosadiDerevo.kz" ерікті қозғалыс өкілдері, денсаулық сақтау органдары, Алматы қаласының Қалалық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары бүгін N7 Алматы қалалық клиникалық аурухананың аумағына қылқан жапырақты 125 ағаш көшетін отырғызды.
Ауыл әкімдерінің қызметін ширатпаса болмайды - Қызылорда облысы
Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты "Жұлдыз-1" ықшамауданында заманауи жабдықталған спорт алаңқайының ашылу салтанаты өтті.
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 42 миллиардтан астам теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді
Астанада 7-нші Қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш монеталардың таныстырылымы өтті
Астанада "ЕҚЫҰ - еуразияшылдықтың жаңа өлшемі" атты халықаралық дөңгелек үстел өтеді
Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарына арналған "Әкімшілік іс жүргізу: Қазақстан мен Германияның тәжірибесі" тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Аталған ресми шарадан кейінгі брифингте Парагвай елшісі Марсиал Бобадилья Гильен Қазақстанмен технологиялар, білім беру, ғылым және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді. "Мемлекеттік хатшысымен пікір алмасу кезінде ол маған қазақстандық спортшылардың Бразилияда оқу-жаттығудан өтіп жатқандығын айтып өтті. Осы орайда футбол спортында біз де Қазақстанмен осындай қарым-қатынасты орнатқымыз келеді", - деді ол.
ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуі - Тәуелсіздігіміз бен Елбасы беделінің арқасы. Бұл туралы Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев мәлім етті.
Оңтүстік Қазақстан облысында "Алматы-Термез" көлік жолының бойында Қазығұрт ауданының "Көкпарсай" асфальт зауытына қарсы беткейде сәрсенбі, 10 қарашада белгісіз снаряд табылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Сәрсенбі, 10 қарашада Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ЕҚЫҰ саммиті мен Азиада іс-шараларын жаңа ұрпақ байланысымен қамтамасыз ететін байланыс операторы анықталды
Біз ветеринар мамандарды әлеуметтік сала қызметкерлеріне теңестіруді ұсынып отырмыз - А. Күрішбаев
Бүгін селекторлық жиналыста бірінші вице-премьер ШҚО Индустриялизациялау картасының жүзеге асырылуына баға береді
Азия ойындарына орай Ұлттық банк ақшаның жаңа түрлерін жарыққа шығарды. Бүгінде базарлық тиынның үш үлгісі жасалған. Әрқайсысында Азиада белгілері бейнеленген.
Қызылорда облысының бюджеттік мекемелерінде жыл басынан бері 80,4 млн. теңгенің қаржы бұзушылығы орын алды
Бүгін Астанада еліміздегі Киото хаттамасын іске асыру аясында парниктік газдар мен экологиялық қалдықтарды жоюды заңнамалық реттеу мәселесіне арналған "дөңгелек үстел" отырысы өтті.
Жамбыл облысында Иранға тасымалдауға арналған алғашқы мал басы сойыла бастады
Қызылордада "Нұр Отан" партиясының филиалы энергия үнемділігін күшейту жөнінде дөңгелек үстел өткізді
Қазалы ауданында жылына 10,8 мың тонна өнім шығаратын тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілуге жақын - Қызылорда облысы
ЕҚЫҰ Саммитіне байланысты ішкі рейстерді қабылдауын тоқтататын Астана әуежайы қалыпты жұмысына желтоқсанның 2-сінен 3-іне қараған түні кіріседі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ бірінші вице-президенті Есбол Керей мәлім етті.
Қызылорда облысы Қазалы ауданының диқандары биылғы егін жинау науқанының аяқталуына орай "Алтын дән" сабантой мерекесін өткізді. Ол егіншілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуінен басталды. Ал аудандық мәдениет үйінде жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды.
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін соңғы үш жылда мемлекеттен 5,3 млрд. теңге көмек берілді
"Air Astana" әуе компаниясы Санкт-Петрборға өз рейстерін ашады
Павлодар қалалық ТЖ жөніндегі басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерін қаржы полициясы 28 000 теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұстады, деп хабарлайды Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет
11 қараша күні Астанада Чили Республикасының Қазақстандағы Консулдығының инаугурациясына арналған салтанатты шара өтеді.
Жоспарлы шаралар жүзеге асса 2015 жылға қарай асыл тұқымды малдың үлес салмағы 3 есе артып, оны 15 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгін елдің батысында жауындар мен күшті желдер күтілуде
Астанадағы Саммитке қатысушыларға қызмет көрсету үшін жедел медициналық жәрдемнің қосымша 33 бригадасы бөлінетін болады
Мәслихат депутаттары Арал ауданының әкімін қызметіне қайта сайлады
Ертең - Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудан сақтау күні
ЕҚЫҰ саммитіне келетін Елбасылар мен оларға еріп жүретін делегациялар Астана әуежайында кедендік бақылаудан өтпейді. Олар ұшып-қону алаңынан Саммит өтетін орынға тікелей кортежбен жеткізілетін болады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ бірінші вице-президенті Есбол Керей мәлім етті.
Алматы облысында коммуналдық қызмет үшін төленетін дебиторлық берешек барынша өтелді.
Мектеп басшыларының заңсыз әрекеттері адам өліміне соқтыруда
Бүгін Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауындар, күшті желдер мен температураның төмендеуі күтілуде
Еуропалық Одақ 2011-2013 жылдарға Қазақстанның басымдықты бірнеше саласын дамытуға 30 млн. еуро бөледі. Бұл туралы бүгін "Қазақстан мен Еуропалық Одақ (ЕО): ынтымақтастықтың нәтижелері мен болашағы" тақырыбьында өткен халықаралық конференцияда ЕО-ның Қазақстандағы делегациясының басшысы Норбер Жустен мәлім етті.
2012 жылы Қазақстанда жалпыхалықтық үш сайлау науқаны өтеді, соның ішінде Президент сайлауы да бар - ОСК төрағасы
Қызылорда облысы бюджетінің шығыс бөлігі 106 млрд. теңгеге жетті
Қызылорда облысында жалақы қарызы 127,7 млн. теңге болып отыр
Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы департаменті өткен тоғыз айда жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 58 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін өткен брифингіде аталмыш Департаменттің баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.
Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, астаналық тұрғынның ақшасын тартып алған екі студент ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Таразда полиция қызметкерлері антиквариат заттарын сататын дүкен иесін өлтіру фактісі бойынша қылмысты ашты. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Астанада әлеуметтік қамтамасыз етілмеген азаматтардың аттарына жалған кәсіпкерліктерді тіркеп келген қылмыскерлер құрықталды
"ҚазСат-1" жер серігінің сақтандыру шаралары бойынша қаржыны қайтарып алу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
Кез келген мемлекеттік сатып алулар отандық өндірісті дамытуға негізделуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қазақстандық қамту мәселесі қаралған кезде тиісті орындарға осы міндетті жүктеді.
Еліміздегі мектептер мен мемлекеттік органдарда планшеттік компьютерлерді енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Бүгін Ақтауда "Mangystau Oil, Gas & Infrastructure 2010" халықаралық экспо-көрме өтті.
Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі АҚШ-тағы орыс тілді туристик компаниялар қауымдастығымен бірлесе отырып,
Бүгін Өскемендегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне Германия ғалымдарының делегациясы келеді, деп хабарлады оқу орнының ақпараттық орталығы.
19-қараша күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов басқарған қазақстандық делегация Еуразиялық экономикалық қауымдастық Мемлекетаралық кеңесі мен ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Санкт-Петерборға келді.
Прокуратураның ұсынысы бойынша "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттің пайдасы үшін жалпы сомасы 7,5 миллион теңгенің шығыны өтеп алынды.
Брюссельдегі Еуропалық Парламентте Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында сейсенбі, қазанның 12-сі күні ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының экология және қоршаған орта мәселелері жөніндегі меншікті өкілі Страун Стивенсонның ұйымдастыруымен Арал теңізінің мәселелері жөніндегі арнайы кеңес болып өтті.
ЕҚЫҰ-ға төрағалығы басталғаннан бері Қазақстан Орталық Азия проблемаларына баса назар аударуда, өйткені осы беделді халықаралық Ұйымға басшылық жасап отырған Қазақстан осы аймақтағы және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден бір ел болып отыр.
Қарағанды облысының қоғамдық экологиялық ұйымдары жаһандық "350" қозғалысына қосылды. Қарағанды және Теміртау қалаларында Климаттық шаралардың жаһандық күнге арналған түрлі іс-шаралар болып өтті.
Бүгін Алматыда "Іле-Балқаш бассейніндегі су ресурстарын ықпалдасып басқару: бірлескен шешімдер мен болашақ" атты екікүндік халықаралық конференция басталды.
Қарағандыда экологиялық сенбілікке қатысушылар 1300-ден астам ағаш отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
сы жылғы ең жетік дүниежүзілiк ғылыми зерттемелер мен агротехнологиялар қолдану арқылы Алматы облысында 2008 жылы отырғызылған эксперименталдi қарқынды бақтардың 25 гектарынан 100 тоннадан астам жоғары сапалы алмалардың өнiмiн жинауға жоспарланып отыр.
Бүгін Алматыда "Таза қала" акциясының қорытындысы жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, бұл шара қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен қыркүйек айының 1-де басталды. Оның мақсаты - үлкен мегаполис саналатын Алматы қаласының тазалығын сақтау, қаланың көркіне титтей де нұқсан келтіргендерді әшкерелеу. Акцияда қала тазалығын сақтамағандар, инфрақұрылымға зиян келтіргендер, жол қозғалысына қолбайлау жасап, қоқыстарды төккен не лақтырғандар әкімшілік жазаға тартылатындығы хабардар етілді.
Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Орталық Азияның тұрақты дамуына арналған халықаралық семинар басталды.
Бүгін Алматыда мұнайгаз өндірісіне арналған екі күндік VII халықаралық қазақстандық-ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында бүгін "Абай және Пушкин: мәдениеттер диалогы" деген тақырыпта "дөңгелку үстел" отырысы өтті.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы экологиялық қауіпті радиоактивті заттарды пайдалану мен сақтаудың экологиялық талаптарын бұзу фактісі бойынша "Каспий Экология" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Астана қаласының маңындағы Тайтөбе ауылының тұрғындары әлі күнге дейін алаңдаулы. Ауылдың маңында кезінде сібір жарасымен ауырған малдың өліктері көмілген бірнеше орын бар. Сол жердің тас құмын қазып сатып жатқан өндіріс мекемесі жұмысын әлі күнге дейін тоқтатар емес. Естеріңізде болса, Тайтөбе ауылындағы осы жағдай туралы біз бұдан бұрын хабарлағанбыз. Содан кейін сот отырысы өтіп, 19 тамызда кеніш қазуды уақытша тоқтату туралы шешім де шыққан. Бірақ жергілікті тұрғындар жағдайдың өзгермегенін айтып дабыл қағып отыр.
Әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан Рафаэль Бадрутдиновтың ата-анасына Қорғаныс министрлігі 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Істі 4 айдан аса уақыт қараған Астана қалалық сотының шешімі осындай. Былтыр күзде әскер қатарына шақырылған жігіт бір айға жетпей командирінің қолынан қаза тапқан еді. Оқиға Жамбыл облысының Гвардейский кентіндегі 82796 әскери бөлімшесінде орын алған. Бірнеше ай бұрын дәл осы бөлімшеде тағы бір көкшетаулық жігіт әлімжеттіліктің құрбаны болды. Қазір оның ата-анасы да әскери ведомствомен соттасып жатыр.
Бүгін еліміздің бас алаңы апат ошағына айналғандай. Астанадағы Тәуелсіздік сарайы алдында барлық құтқару қызметтері жиналып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Дәл осы жерде желтоқсанның 1-де ЕҚЫҰ-ның саммиті өткізілмек. Ауқымды жиынның қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі оқу-жаттығу ұйымдастырды. Жоспар бойынша, тілсіз жаудан зардап шеккен делегаттар уақтылы құтқарылды. Іс-шара барысын біздің тілшіміз Әлия Нұрлан бақылап қайтты.
Киота хаттамасының бекітілуіне орай Қазақстанда бірқатар заңдарға жаңа өзгерістер әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан " Төмен көміртекті даму: стратегиялық тәсілдер және нақты шешімдер" деп аталатын ұлттық конференцияда белгілі болды.
Қазақстан Киота хаттамасындағы міндеттемелерін орындау бойынша ерікті түрде 2008-2012 жылдары парникті газдарды шығаруды 1992 жылғы деңгейден асырмайды. Бұл жайында бүгін Алматыда өткен "Төмен көміртекті даму: стратегиялық тәсілдер және нақты шешімдер" деп аталатын ұлттық конференцияда айтылды.
Алматыда үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген "Ақ кент" тұрғын үй кешенінің жұмысшылары наразылық білдірді. Салынып жатқан кешеннің алдына жиналған 50 шақты адамның талабы біреу. "Ала жазғы маңдай тер, еңбекақыны компания басшылығы қайтарсын" дейді.
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін дәнді-дақылдар тапшылығы Ақтөбеде де сезіле бастады. Өңірдегі сауда нүктелеріне қарақұмық қана емес, ас тұзының да жеткізілмегеніне екі аптадан асты. Қазір тек көтерме сауда базарлары қорда қалған тұз бен қарақұмықты өлшеп сатуда. Оның бағасының өзі бір аптада үш есеге өсіпті. Мамандар қарақұмық тапшылығын көршілес Ресейдегі қуаңшылықпен байланыстырса, тұздың жоқ болу себебін нақты айта алмайды.
Шымкент мектебінде тағы да дау. Бұл жолы қаладағы N52 білім ордасының төрт мұғалімі "директор соққыға жықты" деп полицияға арызданып отыр. Алайда осы оқиға бойынша құзырлы органдар қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Енді басшылықтың теріс тірлігін айтып арызданған ұстаздардың өздері "жала жапты" деп айыпталуда.
Алматы дәріханаларында марганцовка ерітіндісі де таусылған. Денсаулық сақтау министрлігі калий перманганатының таусылуын оны дайындауға қажет шикізаттың уақтылы жеткізілмеуімен байланыстырып отыр. Мұндай техникалық кедергілер Кеден Одағына кіргелі басталыпты. Дегенмен "алдағы бір айда мәселе толық шешіледі" дейді.
"Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, қыркүйектің 16-сы күні Қазақстанның басым өңірі жоғары қысымды аумақтың ықпалында болады, тек республиканың оңтүстік бөлігі ағымды бөліктер аумағында орналасады.
Ақтөбеде Білім және ғылым министрлігін сотқа берген мектептің биылғы түлегі Артем Заваданың арызы бойынша сот отырысы басталды. Алғашқы отырыс жабық түрде өтті.
Венесуэлада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Бортында 47 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар әуе кемесі Маргарита аралынан Гуайана қаласына ұшып бара жатқан екен.
Америкалық пасторлардың әрекеті Үндістандағы мұсылман қауымының ашуын туғызды. Осы елдің Пенжаб, Жамму және Кашмир штаттарында өткен наразылық шаралары қақтығысқа ұласты. Наразы топтың екпінін басуға шыққан полиция қызметкерлері тегеурінді қарсылыққа тап болды.
Қазақстанда төрт күн ішінде 6 жасқа дейінгі 1 млн 656 мың 253 бала полиомиелитке қарсы егілді. Бұл бүлдіршіндердің 98 пайызын құрайды. Осы ақпаратты таратқан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары жаппай вакцинациялау шарасы аяқталды деп мәлімдеді.
"Қазақтың Бауыржаны". Алматыда режиссер Қалила Омаровтың осындай атпен шығарылған деректі фильмі көрсетілді. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы жайында түсірілген кинотуындыда ол туралы тың деректер көп. Фильмнің жарыққа шығуына батырмен дәм-тұздас болған адамдар, замандастары және туған-туысқандары септігін тигізген. Туындының тұсаукесер рәсіміне тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы да қатысып қайтты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Павлодар облысындағы орман өрттерін сөндіру кезінде ерлік пен батырлық танытқан бірқатар азаматтарға ведомстволық наградалар табыс етті.
"Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, қыркүйектің 15-і күні Қазақстанның басым өңірі жоғары қысымды аумақтың ықпалында болады, тек оңтүстік өңірлер ағымды бөліктер аумағының әсерінде болады.
Облыс әкімдігінде бір топ мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес ант қабылдау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 27-сі мен қазанның 2-сі аралығында Астанада Азия және Тынық Мұхиты аймағы өңірлері қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VI конференциясы өтеді. Оған әлемнің 40-тан астам елінен өкілдер қатысады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова айтты.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2010 жылдың соңына дейін парниктік газдардың квотасын сататын Чикаго климаттық биржасымен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның вице-министрі Елдана Сәдуақасова мәлім етті.
Қарағанды облысының Балқаш аймағында орналасқан бұрынғы құпия әскери "Дарьял-У" нысанындағы рұқсат етілмеген химиялық қауіпті электр конденсаторлары кәдеге жарату үшін 2011 жылдың ортасына дейін Германияға жөнелтілетін болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова айтты.
Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің саны алдағы жылы 15 пайызға қысқарады. Бұл туралы бүгін Қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады. Оның айтуынша, 2011 жылы Президенттің жарлығы бойынша 25 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады. Сондай-ақ, енді елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір тәсілі ретінде өтірікті анықтау детекторы қолданыла бастауы мүмкін. Мұндай ұсынысты "Нұр Отан" партиясы жасап отыр.
Арқаға келген күздің қара суығы Үкіметте үлкен қарбалас тудырды. Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов арнайы жиын өткізіп, аймақтардың қысқа дайындығы туралы сұрады. Бұл салаға жауапты Идустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, еліміз алдағы қыста "тұралай қоймайтын" сияқты.
Бүгін Семейде бірнеше ықшамаудан ауыз сусыз қалды. Қарапайым тұрғындарды былай қойғанда, әлеуметтік нысандар да тіршілік нәрінен қағылып отыр.
Еліміздің барлық түзеу мекемелеріндегі жағдай адам төзгісіз. Оған соңғы кездері түрмелерде орын алып жатқан түрлі бүліктер айғақ. Сол себепті бас бостандығынан айырылған жазасын өтеушілер мекеме қызметкерлері тарапынан жасалып жатқан озбыр әрекеттерге қарсы жаппай наразылық білдіруге мәжбүр, - деп мәлімдеді бүгін бірқатар қоғамдық бірлестік жетекшілері. Олардың айтуынша, билік тарапынан бұған тиісті назар аударылмай отыр. Сондықтан құқыққорғаушылар "Озбырлыққа қарсы тұру" атты сотталғандардың құқын қорғайтын Қоғамдық бірлестік құрды.
Үндістанның оңтүстік-шығыс өңірлерінде тырысқақ және жұқпалы ішек аурулары белең алуда. Қауіпті дерттің үлкен қарқынмен таралуына су тасқыны себеп болған.
Бүгін "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратында Қазақстан мүгедектерінің құқығын қорғауға қатысты шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыға түскен "дөңгелек үстел" болып өтті.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов әкімдерге Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқан өздері жетекшілік жасайтын нысандардың құрылысының барысымен танысуды тапсырды.
Өңірлерден Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген бірқатар жобалардың іске қосылу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныстар түсуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев айтты.
"Қазгидромет" бүгін түнде оңтүстік өңірлерде ауа райы суытатындығы туралы ескерту жасады.
Қыркүйектің 11-інде ел көлемінде өткізілген "Денсаулық" фестиваліне батысқазақстандықтар да белсене қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталықта Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың "Көңіл қымбат" атты шығармашылық кеші болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тілдерді дамыту бағдарламасына 2011-2013 жылдары 19 млрд. теңге жұмсау көзделеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Астанада оққағарлар сайысы басталды. Биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтіп отырған бәсекеге 16 команда қатысуда. Бұл жолы өз оққағарларын Елордаға Украина мен Беларусь президенттерінің күзет қызметі жіберіп отыр. Сайыстан үздік шыққан топ 22 қыркүйекте Ялтада өтетін оққағарлар чемпионатына жолдама алады.
"Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы өткізген дөңгелек үстел отырысында өңірдің экологиялық жай-күйі, Орал қаласының санитарлық тазалығы, абаттандыру мәселелері талқыланды.
Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы республикалық және жергілікті маңыздағы күре жол бойларында өткізілген "Таза жол" экологиялық акциясына біржарым мың адам қатысып, жол бойын тазарту жұмыстары іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазанның 10-ы күні бүкіл әлем бойынша "Жұмысқа" ұранымен "Жексенбілік климат 10/10/10" атты экологиялық шара өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында 350 Қазақстан экологиялық қозғалысының өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Суматра аралында Синабун жанартауы тағы белсенділік танытып жатыр. Кеше түнде жанартаудан шыққан от пен күлдің биіктігі 3 шақырымға дейін жетті.
Шымкентте 46 жастағы әйел қаланың қақ ортасындағы ғимараттың сегізінші қабатынан секіріп мерт болды.
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева Халықаралық SOS Kinderdorf International қорының жоғары дәрежелі "Құрметті алтын сақина" сыйлығына ие болды. Сыйлықты тапсыру рәсімі бүгін Алматыда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әкімшілік-тұрғын үй орталығының құрылысы аяқталу кезеңінде екенін мәлім етті. Бұл туралы Президент жұма, қыркүйектің 3-і күні "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенінде болған кезінде журналистерге мәлім етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада "Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешенінде болды. Бұл кешеннің құрылысы елордадағы құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі мемлекетік дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында қаржыландырылуда.
Астананың әкімшілік орталығында телеарналар орналасатын медиа-кешен салынып жатыр. Бұл туралы, жұма, қыркүйектің 3-і күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенін аралау барысында журналистерге мәлім етті.
Астана мектептерінің жанындағы бірқатар көшелерге қозғалысты шектеуге арналған белгілер орнатылды. Сонымен қатар, Астана қалалық Жол полициясы басқармасы көшелердің қай учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
Оралда жеңіл автокөлік жылу құбырларын жөндеу үшін қазылған терең шұңқырға түсіп кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бет-аузы жараланған көлік жүргізушісіне дәрігерлік көмек көрсетілді, қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын көрсетеді. Бүгін Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында палата төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақыт Сыздықова қыркүйектің 1-і - Білім күнін демалыс ретінде жариялау туралы бастама көтерді. Депутат осы мәселені қамтыған сауалын Үкімет басшысының атына жолдады.
Алматының N181 мектебінде де алғашқы қоңырау соғылды. Бүгінде қала бойынша 159 мың оқушы болса, оның 15 мыңы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Салтанатты жиында қала мектептерінің бірінде цирк артистері өнер көрсетті.
Үкімет жақын аралықта Парламенттің қарауына жаңа халықаралық университет мәртебесі туралы заң жобасын ұсынады. Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Президенттің зияткерлік мектебінде оқуды кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді. Себебі, оқу ақысы жылдан-жылға өсіп келеді. Осының салдарынан қалтасы жұқа ата-аналар білімі жетіп тұрған балаларын бұл мектепте оқыта алмай отыр.
Петропавлда Конституция күніне орайластырылған концерт жанжалмен аяқталды. Мерекелік шараны ұйымдастырушылар гастрольдік сапармен келген эстрада жұлдыздарына ақша төлемей, әншілер сахнаға шығудан бас тартқан. Көрермендер шу шығарған кезде ғана жұлдызды топтың біреуі өнер көрсетіпті. Ал ұйымдастырушылар ол ақшаны біреулер ұрлап әкеткенін, сондықтан көрермендерге билет құнын қайтаруға мүмкіндік жоқ екенін алға тартады. Берекесіз аяқталған мереке жөнінде Гүлмира Тасболатқызы.
Парламент пен Үкімет даму бағдарламасына бағытталған бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылауы қажет. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау жүйесіне қатысты заң жобалары топтамаларын қабылдау қажеттігін атап өтті.
Бүгін Елбасы Н. Назарбаев "Атамекен" Қазақстан картасы" - этно-мемориалдық кешенінде болып, ондағы ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай ашылған "Мың жылдықтар тоғысындағы - Қазақстан" диорамалық павильионын аралап көрді.
Бүгін, Астанадағы "Атамекен" Қазақстан картасы" - этно-мемориалдық кешенінде 11 сынып оқушылары мен аталмыш кешеннің патриоттар клубының мүшелерімен кездескен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, болашақ ұрпақ - жастар Қазақстанды әр уақытта басқа елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті ететініне үміттенетінін және Қазақстанның сауатты да мәдениетті, денсаулықтары мықты жастарын дүниежүзі сыйлайтын болса екен деп армандайтынын айтты.
Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының әкімі өз-өзіне қол салып қайтыс болды. Мұрат Абуллин үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған. Әзірге шенеунікті мұндай оқыс қадамға не итермелегені белгісіз. Жергілікті прокуратура мен полиция өкілдері ешқандай ресми мәлімет бермей отыр. Мәселенің мән-жайын біздің астаналық тілшілеріміз анықтап көрді.
Ел экономикасы қарқынды дамып, біз дағдарыстан кейінгі кезеңге нақты қадам бастық. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында ел экономикасы өсім траекториясына шықты. Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Қазақ журналистикасы тағы бір талантты ұлынан айырылды. Газет, радио, телевизия саласында еңбек етіп, мемлекеттік қызметте де елеулі еңбек сіңіріп үлгірген арыстай азаматымыз Алмас Жолтаев өткен түнде жүрек талмасынан дүниеден өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, биыл желтоқсанда Астанада өтетін ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиті Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына серпін береді.
Еліміздің Бас прокуратурасы қырғыздың танымал саясаткері Ұрмат Барықтабасовты Қазақстанға экстрадициялауды жоспарлап отырған жоқ. Себебі, оның Қазақстан азаматтығын заңсыз түрде алғаны бірнеше жыл бұрын анықталды дейді Бас прокуратура өкілдері.
Таяуда Петропавлдың орталық саябағына орнатылған ескерткіштерге көптің көңілі толмайды. Қазақ және орыс ақын жазушылардың 34 тас мүсінін қарапайым тұрғындар тұрмақ, өнертанушы мамандардың өздері ажырата алмай әлек. Осыған байланысты қала басшылығы атүсті жасалған тас мүсіндерді автордың өзіне қайтармақ.
Алматы облысына жұмыс сапарының аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Жастар" спорт сарайына ат басын тірейді. Одан кейін Президент су тасқынынан кейін қалпына келтірілген Қызылағаш ауылына баруды, күрделі жөндеуден өткен Ілияс Жансүгіров атындағы мектептің, 120 орындық балабақшаның, ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Мәдениет үйінің ғимараттарын аралауды жоспарлап отыр.
Бүкіл Қазақстанды өз бетімен шарламақ болған павлодарлық жеткіншектің әрекеті сәтсіз яқталды. Полиция қызметкерлері 11 жасар Нұрболат Қошкәрімовті Семей маңындағы ауылдардың бірінен тауып алды. Жас саяхатшының айтуынша, ол Шығыс Қазақстан облысына жол-жөнекей кезіккен көліктермен жеткен. Ал бұл сапарға шығуға оны екі жолдасы көндіріпті. Тәртіп сақшылары енді баланың ата-анасын таба алмай отыр.
Иран қорғаныс министрлігі АҚШ-пен арадағы болуы мүмкін қақтығысқа шындап дайындала бастады. Бүгін ел әскерилері ядролық соғыс бола қалған жағдайда қаза табатын америкалық жауынгерлерді көму үшін мыңдаған көр қазып тастады.
Үндістанда экологиялық апат орын алды. Араб теңізіндегі Мумбай портына жақын маңда екі кеме соқтығысып, соның салдарынан теңізге мұнай төгілді.
Петропавлда пара алу үстінде ұсталған шенеунікке қатысты сот ісі дауға ұласты. Ондағы басты куәгер бұған дейін берген жауаптарынан аяқ асты айнып, Қаржы полициясы қызметкерлеріне қарсы шығып отыр. Оның айтуынша, құзырлы органдағылар бұған қоқан-лоққы көрсетіп, сол арқылы еш кәнісі жоқ санитар дәрігерді заңсыз айыптаған.
Орман және дала алқаптарын тілсіз жаудан қорғау үшін ел қазынасынан қосымша қаражат бөлінбек. Үкімет Ресейдегі төтенше ахуалға байланысты өрт қауіпсіздігі мәселесін ерекше назарға алды. Бұл орайда жауапкершілік жергілікті билік өкілдеріне жүктеліпті. Өйткені мемлекеттік орман қорының 90 пайызына жуығы қазір әкімдердің құзырында.
Орталық Еуропа елдерінде де толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болып, 10-нан аса адам қаза тапты. Табиғат апаты Чехияда, Германияда және Польшада орын алды. Қазір бұл аймақтарда мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде.
Ресейдегі орман өрттерінің кесірінен Мәскеуде қалың тұман сейілмей тұр. Соның салдарынан Внуково және Домодедово әуежайларында 20 ұшақ рейске шыға алмады.
Көкшетаулық шенеуніктер қаладағы балабақша мәселесін шешудің ерекше жолын ойлап тапты. Енді олар мектеп жасына дейінгі мекемені "кәсіпкерлер ашсын" деген ұсыныс білдіріп отыр. Бірақ таяуда ғана іске қосылған жекеменшік балабақша ата-аналардың алаңдаушылығын туғызуда. Өйткені 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленетін мекемемен бір ғимаратта дүкен, монша, тіпті сырахана орналасқан. Ал ауласы көпшілік көңіл көтеретін орынға айналған. Ата-аналар: "Әзірге бұл жағдайға көнуге мәжбүрміз, өйткені балаларымызды апаратын басқа жер жоқ", - дейді.
Аптап ыстықтан еліміздің батыс өңірі ғана емес, солтүстік аймақтар да зардап шегуде. Бұл әсіресе қан қысымы жоғары, жүрек, қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға қиын тиюде. Ыстықтан бас сауғалаған халық қазір суға көбірек түсетін болған. Осыған байланысты өзен-көлдерде қайғылы жағдайлар жиі орын алуда. Жаз басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 36 адам суға кеткен.
Үндістандағы су тасқыны толастар емес. Елдің солтүстігіндегі табиғат апаты салдарынан 50-ден астам адам қаза тауып, 300-дей тұрғын зардап шекті.
Алматыда тау жақтағы шипажайлар мен туберулезден емдеу мекемесіне жалғанған кәріз құбыры жарылды. Енді қаланың жоғарғы жағынан шыққан шайынды су төменгі аудандарға ағуда. Тіпті ол бүтіндей бір көшеге жайылғандықтан, тұрғындардың аулаға шығуы қиындаған. Ал қалдық судың мүңкіген иісі мұрныңды жарады. Тексере келе, бұл құбырдың не тау жақтағы шипажайлардың, не "Алматы су" Холдингінің қарауында жоқ болып шыққаны анықталды. Сондықтан жарылған құбырдың иесін іздеген тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды.
Адам денсаулығы үшін зияны жоқ қауын-қарбызды қай жерден сатып алған жөн? Дәл қазір Астана көшелерін бойлай бақша дақылдарын сатушыларды жиі кездестіруге болады. Бірақ олардың сатып тұрған өнімінің біразы адам ағзасы үшін өте зиянды көрінеді. Оның үстіне Елордаға ерте жеткізілетін өнімдер арнайы химиялық тыңайтқыштардың күшімен ғана піскен. Сондықтан осы жағдайлардың алдын алу үшін Астана қаласында бүгін арнайы рейд жүргізілді. Осы топтың құрамында біздің тілшіміз Ғабит Ұзақбай да болып қайтты.
Павлодарда көпбалалы отбасы шенеуніктердің салғырттығынан тиесілі жәрдемақыдан қағылып отыр. Алты бала тәрбиелеп отырған Татьяна Прилепина қажетті құжаттарды әкімдіктің әлеуметтік қорғау бөліміне осыдан жарты жыл бұрын тапсырыпты. Дегенмен оған осы күнге дейін күміс алқа берілмеген. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, Татьяна бұл алқаның иесі аталмайынша, жәрдемақыға қол жеткізе алмайды. Өкініштісі сол, сегіз адамнан тұратын Прилепиндер отбасының тұрмыстық жағдайы ескерусіз қаллып отыр. Тілшіміз Айжан Әлібек көпбалалы отбасының жағдайын сұрастырып келді.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мұсылман мәдени орталығы мен мешіт салынатынына байланысты тұрғындар арасында түсінбестік туындады. Өйткені бұл мешіт 2001 жылы 11 қыркүйекте қираған Дүниежүзілік сауда орталығының орнына тұрғызылатын болды. Жергілікті жұрт соған байланысты наразылық білдіруде.
Алматыдағы уақытша тергеу абақтысын қала аумағынан тыс жерге көшіру керек. Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Әділет министрі Рашид Түсіпбековке осындай мазмұнда хат жолдады.
Қазақстан-Ресей-Финляндия бағытындағы автошеруге қатысушылар бүгін елге аман-есен оралды. Екі апта ішінде он мың шақырым жол жүріп өткен спортшыларды еліміздің шекарасында петропавлдықтар қарсы алды.
"Меркур Град" компаниясы үлескерлерінің бір бөлігі мүлдем баспанасыз қалайын деп тұр. Аталмыш компанияға ақша салған 327 адам өткен жылдың наурыз айында Алматының "Думан" ықшамауданындағы жаңа үйлерге қоныстануы керек еді. Алайда тек биылғы мамыр айында ғана үлескерлердің бір бөлігі, яғни 240 адам баспаналарына қол жеткізді. Ал үйсіз қалған 87 үлескер енді әділеттік іздеп, Елбасының атына шағым хаттарын жолдауға бел буып отыр. "Меркур Град" компаниясының басшылығы болса, барлық үлескерлердің мәселесі келесі жылы шешіледі деп сендірді.
Қырғызстанның Ош қаласында балаларға білім беру мәселесі тығырыққа тірелейін деп тұр. Маусым айындағы қақтығыс кезінде ондағы бірнеше мектепке зақым келтіріліп, тіпті екеуі мүлдем қирап қалған. Енді жарамсыз болған білім ошақтарының оқушылары басқа мектептерге ауыстырылады. Бірақ ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Сондай-ақ, Ошта ұстаздардың тапшылығы да байқалуда. Сондықтан балаға да, мұғалімге де психологиялық көмек қажет.
Ресейдің Краснояр аймағында Ан-24 ұшағы апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам қаза тапты. 3 адам ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы оқиға Игарка қаласындағы әуежайда орын алған.
Құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға жан-жақты көмек көрсетілуі қажет. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа осындай тапсырма берді.
Тамыз айының соңына дейін америкалық әскерилер Ирактан шығарылатыны анық болды. Бұл туралы АҚШ Президенті Барак Обама Джорджия штатында ардагерлермен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Ұлыбританияда маймылдың мерейтойы аталып өтті. Кәрі маймыл қатарына жататын горилла 50 жасқа толды. Туған күн хайуанаттар саябағында ұйымдастырылды.
Павлодар маңындағы "Құс өткелі" палеонтологиялық ескерткіш маңынан ертедегі жануардың сүйегі емес, иесіз жатқан көлік табылды. Куәгерлердің айтуынша, "Москвич" 50 метр биіктіктен Ертіс өзеніне бірнеше метр жетпей құлаған.
Көкшетауда жергілікті әкімдік пен олардың шешіміне наразылық танытқан базар сатушыларының арасындағы дауға нүкте қойылды. Коммуналдық базарды жауып тастаған шенеуніктердің шешімімен келіспеген саудагерлер екі апта бойы аштық жариялаған. Енді оларға өзара келісім бойынша, қаланың басқа жеріндегі базарлардан орын берілмек.
Қайырымды жандардың назарына! Алматыда 1 айлық баланың өмірі қыл үстінде тұр. Ислам Шәкіров қазір қаладағы N2 аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Нәрестенің жүрегіне тез арада Ресейдің Новосібір қаласында операция жасату үшін 11 мың доллар қажет.
Жерсеріктік антенналар сертификациялануы керек. Еліміздің Ақпарат және байланыс министрлігі шетелден әкелінетін аталмыш құралдардың біразын сапасыз, қауіпті және адам денсаулығына зиянды деп тапты. Осылайша біздің елге бұл тауар түрін әкелуге шектеу қойылмақ. Бұдан былай тек арнайы құжаты бар антенналарды орнатуға рұқсат беріледі. Бүгінде мамандардың бірқатары және тұтынушылар бұл өзгерістерге қарсылық білдіруде.
Белгілі жас әнші Қайрат Түнтеков Юрмалада өткен "Новая волна - 2010" Халықаралық байқауда IV орынды иеленді. Бірінші орынға шығу үшін Қайратқа небәрі 7 ұпай жетпей қалған. Нәтижесінде, бірінші орын армениялық әнші Сона Шахгельдянға бұйырса, екінші орынды украиналық, үшінші орынды эстониялық әнші жеңіп алды.
Тамыздың 7, 8-і күндері Алматы маңындағы Өтеген батыр кентінде өтеді деп жоспарланған "AppleRock" рок-фестивалі биыл өткізілмейтін болды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа фестивальдің ұйымдастыру комитетінен хабарлады.
Алматыда шілденің 30-ы күні "Қазақстанда табиғатты қорғау бағдарламасын жасау мен жүзеге асыруға қоғамдық қатысудың әлеуетін өсіру" жобасының 2 жылғы жұмысының нәтижесі шығарылады.
Бүгін Алматыда "Орнықты даму үшін салааралық ынтымақтастық" деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазан айының 6-ы мен 8-і аралығында Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде химия және экология мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді.
Алматыда ауаға таралатын зиянды заттар соңғы жылдары жылына 18 пайызға төмендеп келе жатыр. Оны Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Сұлтанбек Макежанов бүгін жартыжылдықтың қорытындысына арналған қалалық әкімдіктегі алқалы жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейлік БАҚ британдық жазушы Джонатан Айткен жазған "Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы" кітабы туралы біршама пікірлерді жариялады.
Егер әлемде Қытай жөнінде құрметпен көбірек айтылса, бұрынғы кеңестік кеңістікте - Қазақстанды ауызға алады. РАТА-ТАСС-та британдық жазушы Джонатан Айткен жазған "Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы" кітабын талқылау барысында "Художественная литература" баспасының директоры Георгий Пряхин осындай пікір айтты.
Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданы сыртқы әлеммен мүлдем байланыссыз қалуы мүмкін. Өйткені осы өңірді облыс орталығымен жалғастыратын жалғыз су жолы жабылудың алдында тұр. Ірі паромдарды тексерген заң өкілдері олардың тозығы жеткенін анықтап, қолдануға тыйым салды. Енді Күршімдегі өткел басы кезекке толып кетті. Кішігірім баржалар халықты тасымалдап үлгермей жатыр. Ірі паромдардың тоқтатылуы салдарынан ауданда азық-түлік бағасы қымбаттап, қатынас қиындады. Тілшіміз Эльмира Ахметова Күршімдегілердің жанайқайын тыңдап қайтты.
Испания халқы екінші апта қатарынан Сан-Фермин фестивалін тойлауда. Жергілікті тұрғындар мен туристер үшін бұл мерекенің ең қызықты кезеңі - өгіздер шабуылы болып есептеледі.
Археологиялық сенсация! Орталық Қазақстанда тағы бір Алтын адам жерленген қорым табылды. Ғалымдардың айтуынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі 5-7 ғасырларда, ерте көшпенділердің заманында өмір сүрген.
Ресейге 35 жылдан бері болмаған қуаңшылық келді. Одан елдің 14 аймағы зардап шегуде. Синоптик мамандардың хабарлауынша, әсіресе Татарстан, Башқұртстан, Орынбор және Самара өңірлері қатты зардап шегуде.
Келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған Алматы метросына электр пойыздарының алғашқы легі жеткізілді. Соңғы үлгіде жабдықталған бұл көлік түрі Оңтүстік Кореяда құрастырылған. Метрода енді төрт пойыз рельске орналастырылып жатыр. 2 айдан соң тағы үшеуі әкелінеді деп жоспарланып отыр. Барлық пойызды жасату үшін 13 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Жаңа көлік түрін тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы да көріп қайтты.
Қазақстан соңғы уақытта Голливудке айналып бара жатқандай. Бұлай дейтініміз, елімізде бірінен соң бірі түрлі кинофестивальдер өтуде. Жақында ғана экшн-фильмдер фестивалі аяқталса, енді "Номад" фестивалі жалауын көтерді. Астанада ашылған мәдени шараға Голливуд жұлдыздары - Марк Дакаскос, Эдриан Броуди, Арманд Ассанте сияқты кино саңлақтары келді. Толығырақ актерлермен тілдесіп қайтқан тілшіміз Бекзат Жүсіп айтып береді.
Қызылорда қаласында орналасқан "СНПС Ай-Дан Мұнай" акционерлік қоғамының мұнайшылары "Сарыбұлақ" кен орнындағы перфорациялық жұмыстар кезінде аварияға жол берген еді.
Лондондағы өнердің жаңа маусымын Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мен жеке коллекциядағы ХХ ғасырдың сурет туындыларының көрмесі өз есігін күзде айқара ашады.
Қызылорда қаласында орналасқан "СНПС Ай-Дан Мұнай" акционерлік қоғамының мұнайшылары "Сарыбұлақ" кен орнындағы перфорациялық жұмыстар кезінде аварияға жол берген еді.
Ресей Қазақстанның үш облысынан жеткізілетін ет өнімдеріне шектеуді алып тастады. Бұл туралы бүгін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлады. Ресей нарығына ет өнімдерін экспорттауға еліміздің тек төрт облысының ғана мүмкіндігі бар еді.
Погон таққан қаскөйлер! Ресей азаматына қасақана есірткі салып жіберген семейлік екі полиция қызметкері бас бостандығынан айрылды.
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында оқыс оқиға орын алды. Бір азамат "Emсore" компаниясы кеңсесінің алдында жұртқа қарай оқ жаудырған. Үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Батыс Қазақстан облысында суға кетіп мерт болғандар көбейіп жатыр. Бұл өңірде жыл басынан бері 28 адам осындай жағдайда ажал құшқан. Соңғы үш күннің өзінде Орал өзенінде 5 адам қайтыс болды. Олардың екеуі - кәмелет жасына толмаған апалы-сіңлілер.
Қытайда су тасқыны мен лай көшкіні толастар емес. Елдің оңтүстігіндегі Юньнань провинциясының Чжаотун елдімекенінде табиғат апаты тағы 50 адамның өмірін жалмады.
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында 2 күн бұрын басталған діни қақтығыс өршіп барады. Христиан дінінің екі ағымын ұстанған тұрғындар арасындағы төбелесті тіпті тәртіп сақшылары да тоқтата алмай отыр.
VII Қысқы Азия ойындарының басталуына 200 күн қалды. Ал дайындық жұмыстары 75 пайызға орындалған. Осыған орай, Туризм және спорт министрлігі мен ойындарды ұйымдастыру комитеті бірлесіп жұмыс нәтижелерін қорытындылады.
Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты конкурс аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысы Успен аудынының әкімдігі.
Алдағы демалыс күндері елордада "Астана-2010" XII авторлық әндердің халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихаты барысында "Доминанта" авторлық әндер қорының директоры Мақсат Сәрсенбеков мәлім етті.
Microsoft Қазақстан Windows дербес компьютерлеріне арналған Windows® 7 жаңа операциялық жүйенің қазақша нұсқасының шығарылғанын ресми түрде жариялайды. Өнім Language Interface Pack (LIP) интерфейсінің көмегімен мемлекеттік тілде қолжетімді, ол Windows® 7-нің орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нұсқаларына орнатылуы мүмкін. Language Interface Pack (LIP) нұсқасы қазақ тіліндегі интерфейстің 80%-ға дейінгі элементтерін пайдалануға мүмкінідік береді. Аталмыш өнім тегін таратылады және оны Microsoft-тың http://www.microsoft.com/kazakhstan сайтынан көшіруге болады.
Қырғызстанда өзбек әншісі Юлдуз Усманованың жаңа әніне қатысты туындаған дау өрши түсті. Бүгін Қырғыз Республикасының Мәдениет министрлігі Сыртқы істер министрлігінен Өзбекстанға наразылық нотасын жіберуді сұрады.
Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті. Қырғызстанның Ош облысындағы қақтығыс кезінде белсенділік танытқан 22 жастағы Азизулло Таширов біздің елде бой тасалап жүр екен. Ол милиция қызметкерлерін өлтірді деп айыпталуда.
Қырғызстандағы демалыс орындарына адам бармай жатыр. Қазақтар көп баратын Ыстықкөл жағасы биыл 10 пайызға ғана толған. Онда да демалушылардың басым көпшілігі - Бішкек тұрғындары. Қырғызстанның негізгі табыс көзіне айналған Ыстықкөлдегі қызмет көрсету саласында қазір 35 пайызға дейін жеңілдік жасалса да, сәуірдегі қақтығыстың салқынын әлі ұмытпаған отандастарымыз басқа демалыс орындарына барғанды жөн көрген.
Бүгіннен бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету жүйесі бақылауға алынады. Үкіметтік емес ұйымдар Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Семей қалаларында тегін дәрі-дәрмектің науқастардың қолына дұрыс жетуін қадағаламақ. Өйткені ұйым өкілдерінің "Самұрық-Қазына Фармацияның" жұмысына көңілі толмай отыр.
Астаналық мүгедектер үшін енді такси тегін. Елордада зағип жандарға арналған жалдамалы көлік жүйесі ашылды. Бұл мақсатта қала қазынасынан 11 жарым миллион теңге бөлінді.
Ұшақ ұрлайтын "жалаң аяқ қарақшы" ұсталды. Багам аралдарында АҚШ-тың қауіпсіздік қызметтерін талай рет сан соқтырып, екі жылдан бері ұстатпай жүрген 19 жасар күдікті қолға түсті. Қылмысқа жалаң аяқ шығуды әдетке айналдырған Колтон Харрис Мурды тәртіп сақшылары дәл осы ерекшелігі арқылы тауып отыр.
Төрт мыңға жуық ауылды елді мекендер бүгінде сапалы және қол жетімді сумен қажетті көлемде қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишембаев мәлім етті.
2010 жылдағы бюджетті нақтылау кезінде 11 млрд. теңгеден астам қаржыны ауызсу бағдарламасы аясында қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында таратылған мәліметтерде айтылған.
Ауыз сумен қамтамасыз етудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишембаев мәлім етті.
Үкімет Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасын мақұлдады. Сәйкес құжатты бүгін Үкімет отырысы барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау алқалы жиынға қатысушылар назарына ұсынды.
2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы күрделі жөндеу жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Оны спорт сарайының директоры бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еіліміздің үстіміздегі жылғы индустриялық-инновациялық жобасына Қызылорда облысынан енгізілген он жобаның жетеуі жылдың бірінші жартысында іске қосылды. Ал қалған үшеуі жақын аралықта пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлдағы жүйке дертіне шалдыққан балалар интернат үйін тексеру барысында аталмыш мекеме директорының жалақысына әртүрлі мөлшердегі үстеме қосып алғандығы туралы фактіні анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бүгін елордада "Сәби" жеке қайрымдылық қоры "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" РҚБ-на арбаға таңылған мүгедек жандарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған 4 инватаксилерді сыйға тартты.
Қазақстанның байырғы әскери оқу орнында - Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер Әскери институтында жауынгерлік тумен қоштасу салтанаты өтті. Бұл енді жас офицерлердің 38-інші түлегі, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Caspian Publishing House баспасы дайындаған "Қазақстан-ЕҚЫҰ-2010" мемлекеттік кітабы жарық көрді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Шығыс Қазақстан облысындағы Лесхоз ауылының тұрғындары шошқа иісіне тұншығып отыр. Өйткені жергілікті бір кәсіпкер ауылдың қақ ортасына шошқа өсіретін ферма салған. Одан шыққан жағымсыз иістен демалу мүмкін болмаған соң, тұрғындар наразылық шарасына шықты. Ал шошқа фермасының қожайыны: "Менің еш кінәм жоқ", - дейді.
Бүгін Қарағандыда өрт салдарынан облыстық Жол полициясы басқармасының жұмысы тоқтап қалды. Ғимараттан 350 қызметкер мен басқа да адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.
Қарағандыдағы автотұрақтардың бірінде бірден екі көлік өртенді. Тағы төрт көлікке зақым келген.
Австралияның Перт қаласында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, жақын маңдағы дәмхананың ішіне кіріп кеткен.
Ақтөбе облысында мектеп жөндеп жатқан кезде екі жұмысшы үшінші қабаттан құлап мерт болды. Олар ғимарттың сыртын сырлап тұрған кезде ағашқа байланған арқан үзіліп кеткен. Бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі бір күннен соң қайтыс болды. Мектеп басшылығы еден жуушы болып жұмыс істейтін екі әйелді жөндеу жұмыстарына жеккен көрінеді.
КТК арнасы "Халық қалаулысы" атануға лайық қарапайым адамдарды іздестіруде. Бұл республикалық жобаның ұйымдастырушысы - КТК арнасы мен Қоғамдық саясатты дамыту институты. Жоба жүрегінде иманы бар, әр адамға қол ұшын беруді парызым деп білетін жандарды марапаттауға бағытталған. Сонымен бүгінгі "Халық қалаулысы" айдарында Семей қаласының тұрғыны - Рымбек Жанпейісов. Ол осыдан екі ай бұрын басын қауіпке тігіп, өртенген үйден сәбиді құтқарды.
Алматыдағы пәтерлерді ағаш қандаласы жаулап жатыр. Аптап ыстықта үйдің қуыс-қуысына кіріп алған жәндіктер тұрғындардың мазасын кетірді. Биыл қандаланың бұл түрі көбейіп кеткен. Тұрғындар осыған байланысты дабыл қағуда. Десе де, зоолог мамандар бұл жәндіктің адам денсаулығына еш зияны жоқ деп сендіреді.
Жеті ұлды дүниеге әкеліп, соңғы жылдары соқыр бола бастаған күйеуімен тарығып, уайымға батып, күйзеліп жүрген әйел суыт хабар естиді. Әскер қатарында борышын өтеп жүрген ұлы жаманқа душар болған...
Ақтаудағы 172/1 қатаң тәртіптегі колонияда орын алған оқиғаға қатысты қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшылары қызметінен кетті. Олар Әділет министріне 22 маусымда болған оқиғадан кейін өздерін жұмыстан босату туралы өтініш жазды.
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жүргізген жұмысшы мерт болды. Оқыс оқиға лифт шахтасында орын алған. Марқұмның "Қазинтерлифт" ЖШС-де механик болып істегені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақтамауы себеп. Қазір мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бірінші кезекте куәгерлерден жауап алынбақ.
Судың да сұрауы бар. Елімізде суға дефференциалдық тариф жүйесі енгізілмек. Яғни, енді тұтынушылар бірнеше топқа бөлінетін болады. Нақты айтқанда, заңды тұлғалар мен кәсіпорындар бөлек тариф бойынша ақы төлейді. Жаңа жүйені ең бірінші, Астана қаласында 1 тамыздан бастап енгізу жоспарланып отыр.
Қырғызстанда өзбек әншісі Юлдуз Усманованың шығармашылығына тыйым салынды. Оған Өзбекстан халық артисінің жақында шығарған жаңа әні себеп болған. Айыр қалпақты ағайындар орындаушының жаңа туындысы "ұлтаралық наразылықты одан сайын өршітіп отыр" деп санайды. Қырғыз Республиканың Мәдениет министрлігі Өзбекстан үкіметіне наразылық білдіріп, хат жолдап үлгерді. Бішкекте орындаушының дискілері дүкен сөрелерінен алынып жатыр.
Мексиканың Коаулиа штатында жоғары шенді шенеуніктер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе апатының себебі ұшақ қозғалтқышындағы ақаудан болған.
Куба билігі 52 саяси тұтқынды бостандыққа шығаратынын мәлімдеп, олардың елден кетуіне рұқсат берді. Бұл мәлімдеме ел басшысы Рауль Кастро мен Гавана архиепископы Хайме Ортеганың кездесуінен кейін жария етілді. Мұндай шешімге биыл ақпан айында Кубаның белгілі диссиденті Орландо Сапата Тамайоның қайтыс болуы себеп болған көрінеді. 32 жастағы оппозиция өкілі 85 күн аштық жариялағаннан кейін көз жұмған.
Францияда ірі жанжал шықты. Ел прокуратурасы Президент Николя Саркозидің осыдан үш жыл бұрынғы сайлау науқаны барысындағы заңбұзушылықтарды анықтады.
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыруымен өткен "Баланың салыққа көзқарасы" тақырыбындағы балалар арасындағы сурет байқауы мәреге жетті.
Халық арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай қаласындағы перзентхананы аралау барысында мәлім етті.
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының қамқорлығын сезінуі тиіс. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұма, шілденің 9-ында Қостанай қаласындағы әйелдер босанатын үйге бас сұққанда мәлім етті.
Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын ойдағыдай орындап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Арқалық қаласында өткен брифингіде айтты.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік тілді дамытуды басты назарда ұстауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің басшысы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына болған кезінде айтты.
Бүгін Ақтөбеде Денсаулық сақтау министрлігінің "2010 жылдың І жартыжылдығы бойынша Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындылары туралы" республикалық кеңес өтті.
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында да болды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі Қостанай облысының Арқалық қаласын түлету үшін қаржылай ресурстар бөледі. Бұл туралы бүгін Арқалық қаласында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хабарлады.
ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқынына оң баға берді. "ҚР Президентінің тапсырмасымен мен бүгін Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу қарқынын қарастырдым. Нақтырақ айтсам, индустриялық бағдарлама жобасының, Жол картасының атқарылу барысымен танысып, "Салауатты Қазақстан" және "Балапан" бағдарламаларын, ауыл шаруашылығы мен ТКШ дамуы мәселелерін талқыладық", - деп атап өтті Петропавлда өткізген брифинг барысында К.Мәсімов.
Бүгін Егемен еліміздің бас қаласы - Астананың туған күні. Сарыарқа төсінде бой көтерген Елордамызға биыл - 12 жыл! Аспаны әнге бөленген Астананың тұрғындары мен қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болуда. Мерекенің ресми шараларына тілшіміз Нұржан Сабырұлы қатысты.
Ханзада Эндрю кімнен жеңілді? Құрыш қалай шынықты? Президенттер нені жасырады және олар күйзелісті қалай жеңеді? Бүгін "Бірінші арна Еуразияда" Елбасының туған күніне орай көрсетілетін Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнен осы сұрақтардың жауабын табуға болады.
Жаз маусымының айрықша мерекесі - Астана күні алматылықтардың да айтулы мейрамына айналып үлгерді. Бүгін қаланың әр жерінде түрлі мерекелік шаралар өтті. Концерттік қойылымдар, арнайы байқаулар, тіпті сурет көрмесінің өзі бірнеше жерде ұйымдастырылды. Біздің тілшілер барлығына қатысып үлгермесе де, бірнеше қызықты шараны тамашалап қайтты.
"Сүйемін сені, өмір!". Алматыда Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен ескі әндер кеші өтті. Мерекелік концерт Астана күніне орайластырылған.
Әлем жұлдыздары Астана қаласының бас сахналарында өнер көрсетуде. Андреа Бочелли, Дмитрий Хворостовский, Игорь Крутой, Моранди тобы, NE-YO сынды әлемге танымал жұлдыздар Астана мерекесіне арнайы шақырылды. Әйгерім Асқарқызы концерттердің біразын тамашалап үлгерді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды металлург мамандығын таңдауға шақырды. Президент бұл ұсынысын бүгін Теміртау қаласында Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына орай өткен салтанатты жиын кезінде айтты.
Республиканың пенитенциарлы жүйесінде Астана күні мерекесіне арналған мәдени қоғамдық шаралар өткізілуде, деп хабарлады Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз орталығы.
1 шілдеде Астанада 1-ші Қазақстандық халықаралық минералдық ресурстар және металлургия жөніндегі "Astana Minerals & Metallurgy-2010" (АММ-2010) конгрессі өзінің жұмысын аяқтады. Екі күннің барысында әлемнің 9 елінен келген 400-ден астап қатысушылар металлургия саласының әлемдік контексттегі даму мәселелері мен перспективаларын талқылады.
Ресей Федерациясы Алтай аймағының Шығыс Қазақстан облысына жасаған екі күндік сапары барысында кәсіпкерлік, білім беру, автокөлік құрылысы мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бірнеше келісімдерге қол қойылды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жексенбі күні "Назарбаев Университетінің" стратегиялық әріптестері -жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі
Бүгін павлодарлықтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар қаласына келуін күтуде, деп хабарайды облыс әкімінің баспасөз қызметі
Маусымның 28-де Астанада "Назарбаев университетінің" салтанатты ашылу рәсімі болады және "Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз" атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді.
Жыр сүйер қауымның назарына. "Алтын арқау" Мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ақын Ғалия Қайдауылқызының "Жүректегі тәтті мұң" деп аталатын алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
Елордаға жақын "Қызылжар" бекетінде сәрсенбі, маусымның 9-ы күні Ресей Федерациясына маусымдық жұмысқа Қырғызстан азаматтарын тасымалдап бара жатқан шағын автобус ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыдағы N81 мектеп-гимназияда жанжал шықты. Мұндағы ұстаздардың айтуынша, олар білім ордасындағы жөндеу жұмысын өздері жүргізуге мәжбүр. Әрі бұл үшін ақы төленбейді. Оның үстіне, жөндеу жұмысына қажетті ақша оқушылардың ата-анасынан жиналған. Ал қызметіне жақында ғана келген мектеп басшысы осы мәселеге байланысты сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Мұғалімдердің мұңын тыңдап қайтқан тілшіміз Бекзат Жүсіп толығырақ айтып берсін.
Қарағанды облысында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты Сарань шахтасында шұғыл құтқару шарасы жүргізілді. 250 жұмысшы кеніштен сыртқа шығарылды.
Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңды президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдамай қойды. Яғни, аталмыш заңға Елбасы қол қоймайтындығын білдіріп, Қазақстан халқына, ел Парламентіне және "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесіне осындай Үндеу жолдады. Президенттің Үндеуін бүгін Мәжіліс және Сенат төрағалары шұғыл жиын жинап, арнайы жариялады. Алғашқылардың бірі болып Үндеуді тілшіміз Ғабит Ұзақбай да тыңдап қайтты.
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары Санкт-Петербордан келген ғалымдармен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Мәдина Кенжеғалиева мен Еркебұлан Жоламанов М.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы А.Колмогоров атындағы физика-математика мектебіне оқуға қабылданды.
Қазақстанның тұңғыш президентінің ұлт көшбасшысы мәртебесін заң деңгейінде бекіту жаппай қабылданған демократиялық нормаларға қайшы келмейді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мәжіліс депутаты Әмзебек Жолшыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы бұрынғы Қарлыкөл ауылының орнында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыста қаза тапқан әскерлердің аналарына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Ресей Федерациясының Кемерово облысындағы "Распадская" шахтасында 8 және 9 мамырда болған екі жарылыстан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті. Қаза тапқан тағы 4 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.
Петропавловск қаласында 9 мамыр қарсаңында Жеңіс саябағы жаңғыртудан кейін салтанатты түрде қайта ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада бірқатар соғыс ардагерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімінде оларды Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
РФ премьері Владимир Путин Азербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдавия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина секілді ТМД елдерінің, сондай-ақ, Абхазия мен Оңтүстік Осетия үкімет басшыларын Жеңіс күнімен құттықтау жолдамасын жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ үкіметі мен ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
Петропавловск қаласында би верандасының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today мәдениет бөлімінің бас маманы Динара Мырзахметовға сілтеме жасап.
РФ Әскери-теңіз күштерінің "Маршал Шапошников" атты үлкен кемесі бүгін түнде 23 адаммен және құны 53 млн доллар тұратын шикі мұнаймен Сомали қарақшыларының қолына түскен "Мәскеу университеті" танкерінің экипажын босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы кеше заңгерлік комитеттің "Бұрынғы КСРО-дағы ауқымды ашаршылық құрбандарының құрметіне тағзым ету" атты баяндамасына қосымша резолюцияға енгізілген түзетулерді қабылдамай тастады, онда 1930-шы жылдардағы ашаршылықты тек украин халқына ғана қатысты геноцид деп тану ұсынылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ тамшылатып суару технологиясын енгізу бағытында ауылда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын дақылдар тізбесін ұлғайтатынын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Минск қаласында бүгін Беларусь Республикасына Шанхай ынтымақтастығы ұйымы диалогы бойынша серіктес мәртебесін беру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
РФ Федералдық кеңесі Кедендік одақ комиссиясының хатшылығы туралы келісімді ратифицикациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.
Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына Жеңіс Нұрғалиев сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның орталығындағы Тэджон қаласында орналасқан "Даэдок Иннополис" зерттеу орталығын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Корея Республикасында мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі корейлік компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі республика аумағына келген ТМД елдері азаматтарын тіркеу ережелерінің өзгерістері туралы жариялайды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметі.
Қырғызстандағы Қазақстан елшісі уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отунбаеваға Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеменің түпнұсқасын табыс етті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның уақытша үкіметі аппаратының жетекшісі Эдиль Байсалов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің елден кетуі азаматтық қақтығыстардың алдын алды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ж.Түймебаев ҚР Президентіне Астанада сәуірдің 23-27-сі күндері өтетін ТМД елдері мұғалімдері мен педагогтерінің бірінші съезіне әзірліктің барысы туралы баяндады
Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шағын таулардағы өзендерде нөсер суынан тасқындар болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазгидромет" хабарламасына сілтеме жасап.
Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге қосымша 4,7 млрд теңге қажет. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы тауларда таяудағы тәуліктерде қар көшкіні түсуі мүмкін - Қазгидромет
Екатеринбург қаласында метроның теміржол бекетіне таяу жердегі "Уральская" бекетіне кіреберісте қолдан жасалған жарылғыш затпен ұсталған ер адамның, Қазақстанның 36 жастағы азаматы Дмитрий Нетесов есімді адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін екі рет, соның ішінде соңғы рет 1998 жылы сотталған бұл азамат жарылғыш затты Челябинск қаласында тұратын әпкесінің ұлына отшашу көрсету үшін алдым деп жауап берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ИТАР-ТАСС Урал" сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың "Ломоносов - 2010" атты ғылыми конференциясы басталды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 2010 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен сағат 19.57 -де РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыран тасығышы "КриоСат-2" ғарыштық аппаратын алып сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Түріксіб ауданында уақытша сақтау қоймасының аумағынан минометтік мина табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан РФ мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту жөніндегі шартқа қол қойылуын құптайды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу қорытындысы бойынша мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мәскеу метросында болған жарылыстардан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасай отырып.
Шешен сепаратистерінің серкелерінің бірі Доку Умаров Мәскеу метросында болған жарылыстарды ұйымдастыруға қатысты жауапкершілікті өзіне жүктеп алды. Бұл туралы бір сепаратистік сайтта жарияланған бейнемәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей аумағында 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өмірлік маңызы бар аса қажетті дәрілік заттардың бағасын мемлекет тарапынан реттеу тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.
Мәскеуде РФ Мемлекеттік Думасында Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Борис Грызлов Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековпен кездесті.
Петропавловск қаласында әкімдіктің жергілікті салықтарды жинау бөлімінің ғимаратында өрт шықты, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Каспий теңізіне мұнай өнімдерін төккені үшін "Аджип ККО" компаниясы 90 млн астам теңгенің айыппұлын төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресейдің бірінші вице-премьерлері Өмірзақ Шүкеев пен Игорь Шуваловтың 24 наурыз, сәрсенбі күні Мәскеуде өткен жұмыс кездесулерінің барысында азық-түлік саласы мен автокөлік өнеркәсібіндегі Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.
"Союз-ТМА-16" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен бірге Қостанай облысының Арқалық қаласының маңына келіп қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресейде киберқылмыстармен күрес шеңберінде іске асырылған арнаулы іс-шараның нәтижесінде 216 ақпараттық ресурстың қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа "Время новостей" газетіне берген сұхбатында атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Алматыда 2010 жылдың 27-28 сәуiрінде әлемнің әр түкпірінен келген медиасарапшылар, ғалымдар, саясаткерлер, журналистер және кәсіпкерлердің қатысуымен Еуразия Mедиа Форумының (ЕАМФ) IX конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ЕАМФ Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент бір-біріне сыйлық жасауға арналған бап бюджетте жоқ екенін шенеуніктерге ескертті. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Инвестиция салынбаған энергетикалық нысандар мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Петропавловск қаласында Мәңгілік алаудың өшіп қалуына себепкер болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев серпінді индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үкіметпен және облыс әкімдерімен кеңес өткізеді. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Қазақстан үшін "Протондардың" ұшырылымын доғару мүмкіндігі жоқ деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігі - Роскосмос "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің атына Байқоңырда Федералдық агенттіктің іс-қызметіне қандайбір шектеу қойылғандығы туралы ешқандай да ресми қарсылық білдірген емес. ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путин бүгін Мәскеуге жұмыс сапарымен келетін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.
Байқоңырдан "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блогын алып "Протон-М" зымыраны сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.
Кедендік одаққа қатысушылар Кедендік кодекс бойынша барлық мемлекеттік процедураларды 10 сәуірде аяқтауға келісті. Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында Ресей Федерациясының Кедендік одақ бойынша келіссөздер жүргізуші тобының жетекшісі, РФ вице-премьері Игорь Шувалов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today
Ресей ТМД аясында көлік, энергетика, еңбек рыногы, білім және мәдениет салаларындағы жаңа жобаларды ұсынбақ. Бұл туралы Ресей Федерациясының үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетекші мұнай биржаларында 2010 жылдың 1 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" агенттігіне сілтеме жасап.
Құрамына Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының және Омбылық жоғары оқу орындары директорлары кеңесінің өкілдері кірген делегациясы Шығыс Қазақстанға келді.
Қазақстан кейбір мәселелер бойынша Ресейдің Байқоңырды пайдалануға қатысу дәрежесін шектеп отыр. Бұл туралы Роскосмос басшысы Анатолий Перминов сенбі күні өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Space Daily сайтына сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2 және 3 наурызда Румыния президенті Траян Басеску Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 3 және 6 наурыз аралығында Швейцария Конфедерациясындағы ресми сапармен барып қайтады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюне 3 және 5 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Банктер кәсіпкерлердің дағдарыстан шығуын жеңілдететін шараларды қабылдаулары қажет. Бұл туралы Елбасы өткен аптада Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақордада жұма күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші пленарлық отырысы өтті. Онда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының бесжылдық жоспарын іске асыру аясында бизнес ортаны жақсарту мәселесі қаралды.
АҚШ пен Қазақстан ғалымдары бірлесе жүргізген зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қайта жаңғырту кілті - шабақтарды жіберуді ұлғайту емес, оларды аулауды қысқарту болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today EurekAlert сайтында жарияланған ғылыми зерттеулер қорытындысы бойынша баспасөз баянына сілтеме жасап.
Жаңалықтың толық нұсқасын алу үшін ақылы жазылу жүйесіне көшу қажет.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарын тексеру кезінде өндірісті тоқтататындығы үшін құқық қорғау органдарына сын айтты. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Астанада 24 ақпанда су қамтамасыздығы жүйесінде апат шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының Арал ауданында Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын жүк пойызының цистернасынан флотореагент-оксаль төгілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мемлекеттік шекараны қорғауда күрделі проблемалар туындап отырғанын атап көрсетті. Ол осы жөніндегі депутаттық сауалды бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше палата төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттар тобымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавловск қаласында балалар үйіндегі 5 жастағы бүлдіршінді ересек бала буындырып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО) төрағасы Аркен Арыстановты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы ұйымның іс-қызметін жаңаша деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Бұл туралы ол кеше Мәскеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады
Алматы қаласының прокуратурасы педиатрия институтын тексере бастады
Президент Қазақстанның иммунитетін және оның меншігін шет ел мемлекеттер соттарының құзыретінен қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды
Қазақстан мұнай қорының қаражатын пайдалану бойынша норвегиялық тәжірибені алып пайдаланбақ ниетте. Осы жөніндегі уағдаластыққа бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнустың (Crown Prince Hokon Magnus) кездесуі кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпорындары мен қауымдастығының "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Бәйкен Әшімовтің дүние салуына байланысты отбасы мен туған туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге сапармен келген Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнусты (Crown Prince Hokon Magnus) қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Кеше Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының ректоры Михаил Мейерді және осы жоғары оқу орнының профессоры Жібек Сыздықовты қабылдады.
Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыстың" Орлов кен орнында екі жұмысшы мерт болды
Байқоңырдан "Прогресс М-04М" транспорттық жүк кораблі мен "Союз-У" зымыраны сәтті ұшырылды
Moody's үш қазақстандық банктің гибридтік бағалы қағаздарының рейтингін төмендетті
Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт жасар екі бала мерт болды
Атырау облысында Астрахань - Ақтөбе трассасында болған апаттан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды
Петропавловск қаласында бір ер адам пойыздың астына түсіп опат болды
Алматы облысында кеше екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты
Алматыдағы Вознесенский кафедралы соборында Мәскеу және Бүкіл Орыс Патриархы Кирилл басшылығымен литургия өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Қазақстан өңірлерінде бір тәулікте жол апаттарынан үш адам қаза тауып, 13 адам жарақаттанды
Солтүстік Қазақстан облысындағы бір кентте екі қария көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты
Петропавловск қаласында он қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 60 адам басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патриарх Кирилл бүгін Алматыда 28 панфиловшылар саябағында соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың бейітіне гүл шоқтарын қояды
Павлодар мен Алматы облысында өрт салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті
Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын ұшақ бір жолаушының халі төмендеп кетуге байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, бірақ жолаушы жедел жәрдем көлігі келмей, ұшақ бортында көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағандыдағы "Сарыарқа" әуежайының бір қызметкеріне сілтеме жасап.
Павлодарда қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген автокөлік ұсталды
Бішкек - Новосибирск пойызында Қырғызстанның екі азаматынан 4 килограмм героин табылды
Педиатрия институты мен қан орталығы директорларының орынбасарлары жұмыстан шығарылды - Денсаулық сақтау министрі
Атырау облысында қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Интерполдың Қазақстандағы бюросына үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарының Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ - ІІМ
Тараз. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық соты 35 жастағы Жақсылық Уәлиевті бір жарым жасар қызды өлтіргені үшін мүлкін тәркілемей, 5 жылға түрмеде отыруға және 18 жыл қатаң тәртіптегі абақтыға қамауға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Жұмаділдаеваға сілтеме жасап.
Петропавловск қаласында төрт адамды өлтіргені үшін Көкшетау тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілді
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Көптілдік білім мектеп-семинары жұмыс істей бастады.
Бүгін "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері білім министрлерінің ХV Конференциясы өтті
Білім және ғылым министрлігіне кіретін 170 ресейлік жоғары оқу орындарында 100 мыңға жуық шетелден келген студенттер оқиды
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны