|
|
Таразда орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің ескерткішінде "Пушкин оқулары" өтті
Таразда орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің ескерткішінде "Пушкин оқулары" өтті.
"Пушкин атындағы көше бойында салынған ақынның ескерткішінің жанында Пушкин оқуларын өткізу қаламыздағы жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналған. Біз ешкімді арнайы шақырмаймыз, қала тұрғындары өз жүрек қалауларымен келіп, Александр Пушкиннің өлеңдерін оқиды, оның ескерткішіне гүл қойып, ақын шығармашылығы туралы өз ойларын бөліседі",- дейді ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық Орыс қауымының төрағасы Светлана Чаутина.
С. Чаутинаның хабарлап өткеніндей, Жамбыл облысынан төрт адам 17-23 маусым күндері Талғарда өтетін "Пушкин жазы" атты ТМД елдерінің байқауына қатысады.
www.inform.kz
|
|