gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресей VIII аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты

16.09.2011 15:11

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. BNews.kz -  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астрахандағы Қазақстан мен Ресей VIII аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

  Форумның басты тақырыбы - "Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларда бірлесе әрекет ету".

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Аймақаралық ынтымақтастық форумы Қазақстан мен Ресей арасындағы ерекше одақтастық қарым-қатынастардың маңызды элементіне айналғанын атап өтті.

- Бүгінде қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың дәнекері Астрахань қаласы - өнеркәсібі дамыған және мәдениеті бай еуразиялық қала қатарында саналады. Ерекше үлгідегі бұл қаланы "Еділ бойындағы Венеция" деп тегін атамаған. Мұнда Еуропа мен Азия тату көрші, әртүрлі ұлт пен конфессия өкілдері өздерін жайлы сезінеді, біздің ортақ тарихымыз бен мәдениетіміздің түп-тамыры тереңде. Қазақстанда астрахандықтардың композитор Құрманғазы мен Бөкей Ордасының билеушісі - қазақ тарихындағы ұлы да танымал тұлға Бөкейханды мәңгі есте қалдыруға қосқан үлестерін жоғары бағалайды, - деді Мемлекет басшысы.

Президент Аймақаралық ынтымақтастық форумы - бұл посткеңестік кеңістікте екіжақты ынтымақтастықты дамытуда нақты қадамның бірегей мысалы болып табылатынын атап көрсетті. Форум Кеден одағын қалыптастыруда, біздің елдеріміздің аймақтарын жақындату жоспары тұрғысынан алғанда пайдалы механизмге айналды. Бүгінде іс жүзінде кедендік және сауда кедергілері алынып тасталды. Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін орнықты негіз қалануда. Бұған біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымының орнықты өсуі дәлел. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ол көрсеткіш 32 пайызға өсіп, 11,2 миллиард долларды құрады.

- Бүгінгі форумның басты тақырыбы - трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайда бірлесе әрекет ету. Табиғи және техногендік апаттардың жиілеп кетуі мен қиратушы ықпалы әлемде толастамай отыр. Ол көптеген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және демографиялық мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруде. Бұл құтқарушылар ғана емес, сондай-ақ бірқатар өзге қызметтер мен органдардың нақты да үйлесімді өзара іс-қимылын қажет етеді. Біздің елдерімізде бұл салада жақсы тәжірибе жинақталған, жедел өзара іс-қимыл орныққан, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей - егеменді Қазақстан өнеркәсіп авариясы, апаттар, кездейсоқ бақытсыздық пен олардың салдарларын жою саласындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы мемлекет. Ресейлік және қазақстандық құтқарушылар ТМД күштері корпусы құрамына, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның жедел әрекет ету Ұжымдық күштерінің тиісті бөлімінің құрамына енген. Құтқарушылар қызметінде трансшекаралық төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы кезіндегі бірлескен өзара іс-қимыл Жоспары бар. Өткен жылы Павлодар облысы мен Алтай өлкесіндегі шекаралық аймақта орын алған табиғи өртті сөндіру кезінде олардың тарапынан болжамдық ақпаратты жедел алмасу ерекше тиімділігін көрсетті. Бірлескен жаттығулар, семинарлар, жарыстар тұрақты өткізіліп келеді. Тәуекелдерді, кездейсоқ бақытсыздықты, авария мен апаттарды азайтуда инновациялық көзқарастар талқыланылатын ғылыми-тәжірибелік конференциялар жақсы дәстүрге айналды.

- Жалпы, Қазақстан мен Ресей дұрыс бағытта келеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарларын жою саласындағы біздің елдеріміздің өзара іс-қимылын одан әрі дамыту керек. Бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақсыздық үшін маңызды шарт, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі төтенше жағдайлардың бірлескен мониторинг және болжамды жүйесін құру, оның ішінде аумақты ғарыштан арақаштықтан байқап көру әдістемесін әзірлеу болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мен Ресейдің құтқарушылары үшін орманда және далада өрт шығуы, трансшекаралық өзендерде тасқынның қауіптілігі, Каспий теңізі айдынында төтенше жағдайлардың орын алуы күтпеген жәйт болмауы тиіс. Серіктестіктің маңызды элементі азаматтық қорғаныс саласында ғылым мен жаңа технология саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады. Қазақстан үшін табиғи-техногендік тәуекелдер, оның ішінде зілзаланың болатынын қысқа мерзімде болжау саласындағы инновация ерекше қызығушылық тудырады.

Президент мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру үдерісі елеулі орын алатынын атап өтті. Мысалы, техногендік авариялар мен апаттардың 70 пайызына адам факторы қатысты екенін статистика көрсетіп отыр. Бұл көрсеткішті азайту үшін мамандарды сапалы дайындаудың маңызы зор. Сонымен бірге құтқарушы, өрт сөндіруші, диспетчер, оператор жұмысының беделін көтеру керек. Бұл мамандықтар жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Төтенше жағдайлар жөніндегі біздің ведомстволар мектеп түлектері арасында кәсіби-бағдарлау жұмысын мақсатты түрде жүргізулері тиіс. Бүгінде қазақстандықтар ресейлік Азаматтық қорғаныс және мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясында жеңілдікпен оқып жатыр. Қазақстан бұл оң тәжірибені жалғастыруға мүдделі.

- Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтеді. Осы жылдардың ішінде біздің халықтарымыз арасындағы тарихи байланыс пен достық нығайды және нығая береді. Келесі жылы біздің елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа қол қойылғанына 20 жыл толады. Мен біздің Үкіметтерімізге осы мерейтойлық датаға арналған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге және оны келісуге жіберу туралы тапсырма беруді ұсынамын. Қазақстан жерінде өтетін келесі форум аясындағы біздің кездесуімізге орайлас қандай іс-шараларды өткізу керектігі жайлы мәселені пысықтау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Форумның қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде, "Алтай" трансшекаралық қорын құру туралы үкіметаралық келісім, 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті туралы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу туралы құжаттар бар. Бұл мәселенің барлығы тараптар табысты орындап отырған 2011-2012 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл Жоспарында көрініс тапқан.

Журналистерге арналған брифингте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы VIII аймақаралық ынтымақтастық форумында шекаралық аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан мен Ресейдің тиісті қызметтерінің өзара іс-қимылы талқыланғанын атап өтті. Індеттің таралуын, табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың салдарларын жою жөнідегі ісқимыл алгоритмі анықталды.

- Қазақстан мен Ресейде өзара іс-қимыл жасауда табысты тәжірибе барын атап өткім келеді. Сондықтан жоғары деңгейдегі әрбір кездесу - бұл жаңа жобалар мен нақты келісімдерге қол жеткізу. Біз жақындап қалған, елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына және Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуының мәнін ерекше атап өттік. Форум барысында қол жеткізілген келіссөздер біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызмет ететініне сенім білдіремін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведев Астрахандағы жаңа мемлекеттік опера және балет театрында болды.

Ақпарат көзі: http://www.bnews.kz/kk/news/post/58482/

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны