gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қанат Саудабаев бірқатар елдердің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады

11.11.2010 19:09
Аталған ресми шарадан кейінгі брифингте Парагвай елшісі Марсиал Бобадилья Гильен Қазақстанмен технологиялар, білім беру, ғылым және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді. "Мемлекеттік хатшысымен пікір алмасу кезінде ол маған қазақстандық спортшылардың Бразилияда оқу-жаттығудан өтіп жатқандығын айтып өтті. Осы орайда футбол спортында біз де Қазақстанмен осындай қарым-қатынасты орнатқымыз келеді", - деді ол.


Сонымен қатар ол өз сөзінде Парагвай Қазақстанның ауыр индустриядағы, металлургия, ғылым салаларындағы тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытып отырғандығын айтты.


Өз кезегінде Кувейт елшісі Науаф Абдель Азиз әл-Онейзи екі елдің арасындағы қарым-қатынастар бүгінде жақсы дамығанын және мемлекеттер арасында достық байланыстар орнағанын атап көрсетті.


Сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды мүмкіндігінше терең жақындастыру және түрлі салалар бойынша өзара ынтымақтастықты арттыруға ниетті екендіктерін Чили елшісі Хуан Эдуардо Эгигурен мен Мавритания елшісі Сиди Мохамед Ульд Талеб Амар да білдірді.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны