gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Астанада Қазақстан мен Германияның соттары екі күндік семинарда бас қосты

11.11.2010 19:10
Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарына арналған "Әкімшілік іс жүргізу: Қазақстан мен Германияның тәжірибесі" тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарды өткізу келісімі, 2009 жылдың қазан айында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Мұсабек Әлімбаевтың Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Германия қорының (IRZ) өкілдері Матиас Веккерлингпен және Кристиан Хукпен болған кездесуі барысында жасалды. IRZ-пен кездесу барысында, сондай-ақ бірқатар бағыттар бойынша, соның ішінде "Еуропаға жол" Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу уағдаласылды.

"Еуропаға жол" бағдарламасы аясында 2010 жылдың наурызында Қазақстанның бірқатар судьясы Федералдық әкімшілік сотының жұмысымен танысып қайтса, бұл жолы германдық соттар өз тәжірибелерімен бөлісу үшін және Қазақстанның үлгісімен танысу үшін Астанаға келді.

Федералдық Әкімшілік сотының төрағалық етуші соты Отто Мельманның айтуынша, Германияның соттары Қазақстан секілді Конституцияға сүйеніп жұмыс істейді. Бірақ олардың бұл салаларында өзгешеліктер бар. Мәселен, Германияда соттар - тәуелсіз.

"Бұл кез-келген құқықтық мемлекеттің міндетті шарттары. Бізде соттар қызметке өмір бойына тағайындалады және егер ол басқа жұмысқа ауыспаса, не өз еркімен кетпесе, оны бұл қызметінен ешкім ала алмайды. Соттарды тағайындау мәселесіне тоқталсам, Әділет министрі кандидатты іздестіріп таба алады, бірақ оны Сот комиссиясының келісімінсіз өз еркімен тағайындай алмайды. Барлығы демократиялық нормаларымыз бен ережелеріміздің негізінде жүзеге асырылады", деп атап өтті ол.

Жалпы бас қосу барысында Республиканың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті нормаларын қолдану кезінде соттар мен мемлекеттік органдардың құқықтық қолдану қызметінде туындайтын мәселелер, іс жүргізу сипатындағы проблемалар талқыланды.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны