gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Бүгін Ақтауда "Mangystau Oil, Gas & Infrastructure 2010" халықаралық экспо-көрме өтті

02.11.2010 19:19
Бүгін Ақтауда "Mangystau Oil, Gas & Infrastructure 2010" халықаралық экспо-көрме өтті.


Қараша айының 2-4 аралығында Ақтау қаласында "Mangystau Oil, Gas & Infrastructure 2010" және "OilTech Mangystau 2010" техникалық конференциясы өткізіліп жатыр.


Ұйымдастырушылар - Ұлыбритания мен Ресей елдерінің халықаралық әріптестерімен бірлескен "Iteca" қазақстандық көрме компаниясы.


ҚР мұнай және газ министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және "ҚазМұнайГаз" Барлау. Өндіру" АҚ-ы ресми демеушілік көрсетті. Осы жылы іс-шаралардың көлемі едәуір ұлғайып, былтырғы жылмен салыстырғанда көрме аумағы 40%-ға өсті.


"Mangystau Oil, Gas & Infrastructure 2010" экспо-көрмесіне мұнайгаз саласына сервистік қызмет көрсетіп, құрал-жабдық, жұмыс киімі мен қоршаған ортаны қорғауға арналған технологияны жеткізіп жүрген Қазақстан, Әзербайджан, Италия, Люксембург, Нидерланды, Ресей, Румыния және Франция елдерінен 60-тан астам компания қатысып отыр.


Қатысушылардың арасында - құрылыста және инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпорындар: "АтырауНефтеМаш" ЖШС, "Arcelor Mittal Aktau", "Каспий машинақұрылыс кешені" ЖШС, "GMMOS Kazakhstan", "Paker", "Larmax International BV" және т.б.бар.


Экспоненттердің арасынан тікелей мұнай өндірумен айналысатын "ҚазМұнайГаз" Барлау.Өндіру" АҚ өзінің өндірістік филиалдарымен "ӨзенМұнайГаз" және "ҚаражанбасМұнай", сондай-ақ "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ және "Shell" мұнайгаз концерні сияқты компанияларды атап өту керек.


Көрменің аясында "Мұнай өндіруде шиеленістерді болдырмауға бағытталған жаңа техникалық құрылғылар мен технологиялар" және "Индустриалдық Парк: Инвестициялар, Инфрақұрылым, Логистика" тақырыбында семинарлар өтеді.


"OilTech Mangystau 2010" техникалық конференциясының жұмысына 100 делегат қатысады, пленарлық мәжілісте 30-дан астам спикердің баяндамалары тыңдалады. Олардың арасында - Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстан елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Дэвид Моран, Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры Ұзақбай Қарабалин, "ТенизСервис" компаниясының бас директоры Ғазиз Құсайын бар.


"Елбасымыздың тапсырмасына орай өңірде индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Оның ішінде теңізде тасымалдау көлемінің ұлғаюына басты назар аударылып отыр. Қазіргі таңда қазақстандық мұнайдың 15 пайызға жуығы теңізбен тасымалданады. Біздің алдымызда - мұнайгаз өндірісін бір жолға қою және Каспийдегі мұнай өндіруді дамыту үшін толық қазақстандық инфрақұрылымды жасақтап, ұсынылатын жұмыстар мен қызметтер сапасының халықаралық стандарттарға сай деңгейіне шығу нақты міндеті тұр",- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.


Конференция аясында облыс әкімінің және жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өтеді, онда Маңғыстау облысының инфрақұрылымын дамыту жобаларында және "Ақтау-Сити" қалақұрылыс жобасында әлеуетті инвесторлардың қатысуы туралы мәселелер талқыланады.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны