gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

"ҚазСат-1" жер серігінің сақтандыру шаралары бойынша қаржыны қайтарып алу жұмыстары күрделі жағдайда болса да жалғасуда - Т.Мұсабаев

03.11.2010 19:23
"ҚазСат-1" жер серігінің сақтандыру шаралары бойынша қаржыны қайтарып алу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.


"Аталмыш жер серігін сақтандыру жұмыстарын кімнің және қандай жолмен іске асырғанын білмеймін. Бірақ оның сақтандыру шарасына байланысты қаржыны қайтарып алу жұмыстары өте күрделі жағдайда жүріп жатыр. Ең бастысы бұл бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы бұл өзі ұзаққа созылатын күрмеуі көп үдеріс. Сондықтан ол әлі де жалғасады. Бұл жағдай бойынша үкіметтің деңгейінде мәселе көтеру керек болды. Осы үдерістің өзі ұзаққа созылды", деді агенттік төрағасы.


Оның сөзіне қарағанда, аталмыш спутник ғарышта бір жарым жылдан астам уақыт ұшып жүрді. Осы уақытта ол шамамен 18 миллион долларға жуық қаржы тапты. "Ал 65 миллионнан 18 миллионды алып тастағанда 47 миллион қалады. Сонымен қатар біз ескеретін мәселе спутник өздігінен ұшып жүре бермейді. Оны жерден басқаратын да құрылғылар керек. Мысалы Астанадан 100 шақырым жерде осы спутникті жерден басқару орталығы орналасқан. Бұл ең озық технологиялар негізінде салынған соңғы үлгідегі құрылғы. Ол біздің мақтанышымыз десек болады. Өйткені онда тек біздің жоғары білікті мамандарымыз жұмыс істеуде. "ҚазСат-1" спутнигін пайдалану кезінде біздің мамандар тарапынан ешқандай да кемшілік жіберілген жоқ. Ал бұл құрылғыны салу үшін де шамамен 5 миллион доллардың көлемінде қаржы жұмсалды. Осылайша спутниктің бағасының мөлшерлеп алғанда 20 миллионға жуық доллары алынды деп есептеуге болады. Сонымен қатар онда осы тектес тағы да бірқатар есептеуді қажет ететін дүниелер бар", деді Т.Мұсабаев.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны