gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

2012 жылы Қазақстанда жалпыхалықтық үш сайлау науқаны өтеді, соның ішінде Президент сайлауы да бар - ОСК төрағасы

04.11.2010 19:35
2012 жылы Қазақстанда жалпыхалықтық үш сайлау науқаны өтеді, соның ішінде Президент сайлауы да бар. Бұл туралы бүгін Еуропалық Парламенттің социал-демократтар делегациясымен кездескен ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.



"2012 жылы бізде электоралдық үш науқанды өткізу міндеті тұр, олар - ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын, сондай-ақ ҚР Президентін сайлау", деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.


Оның сөзіне қарағанда, бір жылда бірден үш сайлауды өткізуге ешқандай құқықтық кедергілер жоқ. Себебі оларды өткізу мерзімдері бір-біріне сәйкес келмейді. Оның үстіне, Қазақстанда мұндай жағдайлар бұған дейін де болған. Мәселен, 1999 жылы елде Президент және Парламент сайлаулары өтті.


"Осылай, Конституцияға сәйкес, 2012 жылдың екінші тоқсанында біз Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын, ал жетоқсан айының бірінші жексенбісінде Президент сайлауын өткізуіміз қажет", - деді Қ.Тұрғанқұлов.


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сондай-ақ, 2011 жылы ҚР Парламенті Сенатына депутаттардың кезекті сайлауы өтетінін жеткізді. Оған барлығы 16 депутат сайланады.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны