gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

2015 жылға қарай асыл тұқымды малдың үлес салмағын 3 есеге арттырып, 15 пайызға жеткізу көзделеді - А. Күрішбаев

08.11.2010 19:49
Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздің мал шаруашылығын дамыту мәселелері тақырыбында өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда мал шаруашылығы саласында малдың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша 2 бағытта жұмыстар атқарылуда. Бірінші бағыт - ірі көлемде селекция бағдарламасы аясында мақсатты селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізу есебінен қолда бар мал басын жақсарту. "Себебі селекциялық-асылдандыру жұмыстары жөнге қойылмаған. Жергілікті жерлерде тұқымдық бұқаларды және олардың ұрықтарын дұрыс пайдаланбағандықтан, 70 пайыз жағдайлар туыстық шағылысуға әкеп соғып отыр. Нәтижесінде, малдың өнімділігі мен асыл тұқымдылығы жағынан әзірге оң өзгерістер байқалмайды", - деді министр. Оның айтуынша, ендігі күні бұл жағдай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл ретте кең ауқымды селекция бағдарламасын жүзеге асыру көзделеді. "Атап айтқанда, бұқаның бір жынысты ұрығын қолдану және эмбриондарды трансплантациялау секілді биотехнологияның өз төлінен өсіру әдістері кеңінен қолданылатын болады. Ол өз кезегінде асыл тұқымды малдың көбею коэффициентін және табынның жаңару үдерісін жеделдетеді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта ірі көлемді селекция бағдарламасы басталды және бұл 850 ауыл шаруашылығы құрылымдарын қамтиды. Шара еліміздің аграрлық ғылымының маманданған орталығының басшылығымен шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асуда. Жалпы, бағдарламаны іске асырмас бұрын дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйендік. Атап айтсақ, Германияда соғыстан кейінгі қысқа мерзімде осы әдістің негізінде мал шаруашылығының генетикалық қоры қалпына келтірілген", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, қазіргі күні кең ауқымдағы селекция бағдарламасымен ірі қара мал ғана қамтылған. Алдағы уақытта бұл бағдарлама мал шаруашылығының басқа да салаларына енгізілетін болады. "Аталған шаралардың бәрі 2015 жылға қарай асыл тұқымды малдың үлес салмағын 3 есе арттырып, 15 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", деді А. Күрішбаев.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны