gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Шығыс Қазақстан: Күршімді облыс орталығымен жалғастыратын жалғыз су жолы жабылудың алдында тұр

17.07.2010 20:37
Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданы сыртқы әлеммен мүлдем байланыссыз қалуы мүмкін. Өйткені осы өңірді облыс орталығымен жалғастыратын жалғыз су жолы жабылудың алдында тұр. Ірі паромдарды тексерген заң өкілдері олардың тозығы жеткенін анықтап, қолдануға тыйым салды. Енді Күршімдегі өткел басы кезекке толып кетті. Кішігірім баржалар халықты тасымалдап үлгермей жатыр. Ірі паромдардың тоқтатылуы салдарынан ауданда азық-түлік бағасы қымбаттап, қатынас қиындады. Тілшіміз Эльмира Ахметова Күршімдегілердің жанайқайын тыңдап қайтты.


Жүк көліктерінің тоқтап тұрғанына 4 күн болған. Паром жүреді деп ойлаған көлік жүргізушілерінің тұмсығы тасқа тірелді. Облыстық прокуратура "ірі паромдар адам өміріне қауіпті" деген себеппен оларды пайдалануға тыйым салған. Қазір өткелдің бергі беті халыққа лық толы.


Валерий Беспаев, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Күршім ауданы мүлдем жұмыстан қалды. Міне, менің осы жерде тұрғаныма 3 күн болды.Күршім ауданының тұрғындары бұл жерден көшіп кетуі мүмкін. Жұмыс жүріп жатқан, үлкен мекемелер салынғалы жатыр. Осы жалғыз паром сақтап отырған.

Бұл - прокуратура жұмысын тоқтатып тастаған паромдар. Заң өкілдерінің айтуынша, бұларға 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Әдетте паромдар күніне 400-ге жуық көлік пен жолаушыларды тасымалдайтын. Енді қаңтарылып тұрғанына 1 ай болды. Ал қарапайым баржалар 20 шақты көлікпен 100-ге жуық адамды ғана тасымалдауға жарамды.Үлкен жүк көліктерін баржалар мүлдем көтере алмайды. Сондықтан паром қызметкерлері Үкіметтен көмек сұрайды.


Бақытбек Нұрпейісов,"Қызылту" өткелінің басқарушысы:

- Тым болмағанда ақшалай қосымша көмек берілсе... Өзара келісіп, Үкімет қарамағына алса...Әйтпеген күнде осылай тұрады, тұрған сайын тозады.


Ірі паромдарды жөндеу үшін 67 млн теңгеден астам қаржы қажет. Ал олардың иелері бұндай шығынды көтере алмаймыз дейді. Ал облыстағы құзырлы орын басшыларының айтуынша, олар бұл мәселені шешуге қауқарсыз.


Нұржан Жұмаділов, ШҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл мәселені тез арада шешіле кояды деп айта алмаймын. Автомобиль көпірін салу ойда бар Бұл өте қымбат жоба. Құны шамамен 20-25 млрд теңге. Сондықтан барлығы қаржы мәселесіне тіреледі.



Бұқтырма су қоймасы Күршім ауданын Шығыс Қазақстанмен жалғастырып тұр. Күршімдіктер отын-суын да, азық түлігін де осы су жолы арқылы жеткізеді. Егер ірі паромдар іске қосылмаса, Күршім ауданының халқы ол жақтан үдере көшуі мүмкін.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны