gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Астанада"Номад" фестивалі жалауын көтерді

15.07.2010 21:01
Қазақстан соңғы уақытта Голливудке айналып бара жатқандай. Бұлай дейтініміз, елімізде бірінен соң бірі түрлі кинофестивальдер өтуде. Жақында ғана экшн-фильмдер фестивалі аяқталса, енді "Номад" фестивалі жалауын көтерді. Астанада ашылған мәдени шараға Голливуд жұлдыздары - Марк Дакаскос, Эдриан Броуди, Арманд Ассанте сияқты кино саңлақтары келді. Толығырақ актерлермен тілдесіп қайтқан тілшіміз Бекзат Жүсіп айтып береді.


Голливуд жұлдыздарымен қатар Ресейдің танымал актерлері Астанада жайылған қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Қазақтардың қонақжайлығы ұнаған болуы керек, олар қуаныштарын жасыра алмады.


Көпшіліктің назары әсіресе "Пианист" картинасында басты рөлде ойнаған Эдриан Броуди мен Наполеонның бейнесін керемет сомдаған Арманд Ассантеге ауды. Ал Марк Дакаскос қазақ көрермендеріне "Көшпенділер" фильмі арқылы жақсы таныс.


Елордадағы кинофестивальдың ашылу салтанатына қатысқан соң қонақтар Алматыға келіп, журналистермен кездесті. 29 жасында "Оскар" жүлдесін иеленген Эдриан Броуди Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.


Эдриан Броуди, актер:

- Мыңдаған шақырымды артқа тастап келгендіктен, мұндағы халықтың мені тануы қатты таңқалдырды. Мен ойнаған киноларды қазақстандық көрермендер соншалықты ықыласпен көреді деп ойламаппын. Сіздердің елдеріңіз туралы бұған дейін Бораттың фильмі арқылы көргем. Бүгін міне, оның өтірік қаралап, жалған картина түсіргеніне көзім жетіп отыр.

Қазір Америкада кино түсіріп жүрген отандасымыз Еркен Ялгашев бұл фестивальға 2 картина әкелген екен. Бірі - өзінің туындысы "Жұмақтағы көлеңке". Екіншісі - Эдриан Броудидің қатысуымен түсірілген "Жыртқыш" фильмі.


Еркен Ялгашев баспасөз жиынының соңында келесі картинасындағы басты рөлдердің бірінде Тұңғышбай әл-Таразиді шақырғысы келетінін айтты. Енді Голливуд фильмдерінен қазақ актерлерін де көріп қалармыз.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны