gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Алматы метросына электр пойыздарының алғашқы легі жеткізілді

15.07.2010 21:02
Келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған Алматы метросына электр пойыздарының алғашқы легі жеткізілді. Соңғы үлгіде жабдықталған бұл көлік түрі Оңтүстік Кореяда құрастырылған. Метрода енді төрт пойыз рельске орналастырылып жатыр. 2 айдан соң тағы үшеуі әкелінеді деп жоспарланып отыр. Барлық пойызды жасату үшін 13 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Жаңа көлік түрін тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы да көріп қайтты.


Кореялық компания құрастырған электр пойызының сапасын бірінші болып қала әкімі Ахметжан Есімовтың өзі тексерді.

Су жаңа пойыздар әлі 1 жылдан аса уақыт қозғалыссыз тұрады. Өйткені метроның іске қосылуы келесі жылдың аяғына, яғни еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына дейін шегерілгені белгілі. Техникалық талаптарды ескере отырып жасалған бұл пойыздарға 1 мыңға жуық жолаушы сияды. "Метроның алғашқы кезегі іске қосылса, көшедегі көлік тығыздығы 10 пайызға азаяр еді", - дейді мамандар. Жалпы, Алматы метрополитені толық біткеннен кейін тәулігіне 300 мың жолаушыны тасымалдайды деп жоспарланған.


Мұрат Өкшебаев, "Алматыметроқұрылыс" АҚ директоры:

- 2011, 2012 жылдан бастап барлық жұмыстар қолға алынып жатыр. Олар Алматы 2-ден Алматы 1-ге дейін, Гагарин, Абай көшелерінің бойымен Қалқаманға дейін созамыз ба деген жоспар бар.

Бүгінгі пойыздар кілтінің салтанатты түрде табыс етілуі метроның таяу арада ашылуына кепіл болатын сияқты.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- Біз Алматы метрополитенінің келесі жылы, яғни тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында іске қосылатынына сенімдіміз.

Екіжақты тиімді қарым-қатынастың дамуына Корея Республикасының өкілдері ризашылығын білдірді.


Ли Бен-Хва, Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстан мен Кореяның Президенттері ағайынды іспеттес. Сонымен екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда.


"Алматыметроқұрылыс" мекемесі өкілдерінің айтуынша, метроны салғанда сейсмикалық жағдайлардың бәрі ескерілген. Вагондарды құрастырушы компания да бұл талаптарды орындапты. Әрі олар ұзақ мерзімге пайдаланатындай етіп жасалған.


Электр пойызының көк және сары түске боялғаны да тегін емес. Мамандардың айтуынша, ол - еліміздің мемлекеттік нышандарының көрінісі. Жылжымалы құрылымдар тот баспайтын болаттан жасалған және машинистің кабинасында төтенше жағдай кезінде шығатын қосымша есік бар.


Ал бейне бақылау арқылы жүргізуші есіктен кіріп-шығатындарды көріп отырады. Вагондардағы ауа желдеткіштері бірқалыпты температураны сақтап тұрады. Жер асты жолымен жүру құны 75 теңге болмақ.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны