gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Байланыс және ақпарат министрлігі: жерсеріктік антенналар сертификациялануы тиіс!

03.08.2010 23:06
Жерсеріктік антенналар сертификациялануы керек. Еліміздің Ақпарат және байланыс министрлігі шетелден әкелінетін аталмыш құралдардың біразын сапасыз, қауіпті және адам денсаулығына зиянды деп тапты. Осылайша біздің елге бұл тауар түрін әкелуге шектеу қойылмақ. Бұдан былай тек арнайы құжаты бар антенналарды орнатуға рұқсат беріледі. Бүгінде мамандардың бірқатары және тұтынушылар бұл өзгерістерге қарсылық білдіруде.

Олардың пікірінше, антенналарды сертификаттау ісі олардың қымбаттауына алып келеді. Ал бұл халықтың, әсіресе шалғай аймақ тұрғындарының ақпарат алуға деген құқықтарын шектейді. Дегенмен Байланыс және ақпарат министрлігінің өкілдері "баға аса көтерілмейді және көрерменге шетелдік телеарналар бұрынғыдай қолжетімді болады" деп уәде беруде. Ал сертификациялау жүйесін енгізу шарасы қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Осыған дейін елімізге негізінен Қытайдан әкелінген жерсеріктік табақшалар сапасыз болып шықты. Министрліктің түсіндірмесі бойынша, бұл құралдар еліміздің климатына лайықталмаған. Алайда Қазақстанда осындай миллионға жуық антенна пайдаланыста. Зиянды болғанымен, бұлар қолданыстан әзір шығарылмайды, сертификат тек жаңа тауар сатушылардан талап етіледі. Бұған қоса, болашақта елімізде осындай өндірісті жолға қою жоспарда бар.

Ризат Нұршабеков, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы:- Әрине, осы бағдарламаларға қосылғанда, бейне және дыбыс сапасын көтеру үшін, халық денсаулығын сақтау үшін сертификаты бар антенналарды алған жөн. Ал бүгінге дейін қолданылып келген құралдарды ешкім тексермеген.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны