gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Алматы: бір айлық баланың өмірі қыл үстінде тұр! Операция жасатуға 11 мың АҚШ доллары қажет!

03.08.2010 23:07
Қайырымды жандардың назарына! Алматыда 1 айлық баланың өмірі қыл үстінде тұр. Ислам Шәкіров қазір қаладағы N2 аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Нәрестенің жүрегіне тез арада Ресейдің Новосібір қаласында операция жасату үшін 11 мың доллар қажет.


Бүгін қырқынан шығуы тиіс Исламның жүрегінің ауыратыны осыдан 3 күн бұрын ғана анықталыпты. Тынысы тарылып, жөтелге шашалған нәрестені қаладағы N2 аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызған. Сәбидің шешесі ауруханаға әрбір 3 сағат сайын сүтін апарады екен. Ислам сүтті арнайы шөлмектен ішеді. Сондай-ақ баланың асқазанының сол жағында гипоплазия анықталды. Ол жүректің жұмыс істеуі мен қан айналымына әсер етеді екен. Қазір оның ағзасына арнайы құрылғылар арқылы дәрі-дәрмек жіберілуде. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагноз қойылған балаларға дер кезінде көмек көрсетілмесе, олар ұзақ өмір сүре алмайды. Ал операцияны бала 2 айға толмай тұрып жасату керек.


Роза Саитова, Исламның анасы:

- Операция жасату керек, Қазақстанда жасалмайды. Туысқандарымызбен сатуға болатын мүліктің бәрін сатып, қолымыздан келгенше жинап жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймын. Бала деген жарық өмірге өмір сүруге келеді… көмектесіңіздерші…
Байланыс телефоны: 8 777 497 73 91; 8 (727) 253 82 80


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны