gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қырғызстан: Ош қаласында балаларға білім беру мәселесі тығырыққа тірелді

04.08.2010 23:15
Қырғызстанның Ош қаласында балаларға білім беру мәселесі тығырыққа тірелейін деп тұр. Маусым айындағы қақтығыс кезінде ондағы бірнеше мектепке зақым келтіріліп, тіпті екеуі мүлдем қирап қалған. Енді жарамсыз болған білім ошақтарының оқушылары басқа мектептерге ауыстырылады. Бірақ ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Сондай-ақ, Ошта ұстаздардың тапшылығы да байқалуда. Сондықтан балаға да, мұғалімге де психологиялық көмек қажет.


Қираған екі мектепті қалпына келтіру мүмкін емес. Тағы үш мектепке күрделі жөндеу жүргізу керек. Қырғызстандағы жаппай бейберекетсіздік осылайша білім саласына да әсер етті. Келесі оқу жылына бір айдан да аз уақыт қалды. Ал жергілікті билік оған дейін мектептерді қалпына келтіріп үлгере алмайтындарын айтуда. Сондықтан олар оқушыларды басқа білім ошақтарына орналастырып жатыр. Бірақ ата-аналар балаларын бөтен мектепте оқытуға қарсы. Ал Білім министрлігіндегілер: "Ұстаздар мен оқушыларға психологиялық көмек қажет", - дейді.


Әбдуәли Балтабаев, Ош қаласы білім беру бөлімінің бастығы:

- Бірінші кезекте мұғалімдер мен балалардың психологиясын қарау керек. Бірінші іс жүргізіліп жатыр. Осы жолы мектептерде еларалық ұйымдардың жәрдемімен балаларды мектепке даярлап жатырмыз.


"Жығылған үстіне жұдырық" демекші, Қырғызстанның оңтүстігінде ұстаздар да тапшы. Өйткені елін тастап, басқа жаққа көшіп кеткендердің басым көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлер екен. Қазір Оштың өзінде 600 ұстаз жетіспейді. Енді олардың орнын студенттер толтыратын болды.


Нүрилә Кимсанова, Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы Ош және Жалалабад қалаларындағы жағдайды реттеу комиссиясының мүшесі:

- Біз қазір жоғары оқу орындарының ректорларын шақырып, кадр мәселелесін шешуге байланысты сұрақ қойдық. Жоғары курстарда оқып жатқандарды мектептерге практикаға жіберу мүмкін екен.

Сайып келгенде, сол студенттердің өздері оқитын білім ордалары да жоқ болып тұр. Ош пен Жалалабадтағы қырғыз-өзбек университеттері қираған. Қырғызстанның оңтүстігінде оқу орындарынан бөлек, 30-ға жуық мемлекеттік мекеме де зардап шекті. Билік оларды бірінші кезекте қалпына келтіреміз деп отыр.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны