gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

"Меркур Град" компаниясының үлескерлері баспанасыз қалуы мүмкін

04.08.2010 23:16
"Меркур Град" компаниясы үлескерлерінің бір бөлігі мүлдем баспанасыз қалайын деп тұр. Аталмыш компанияға ақша салған 327 адам өткен жылдың наурыз айында Алматының "Думан" ықшамауданындағы жаңа үйлерге қоныстануы керек еді. Алайда тек биылғы мамыр айында ғана үлескерлердің бір бөлігі, яғни 240 адам баспаналарына қол жеткізді. Ал үйсіз қалған 87 үлескер енді әділеттік іздеп, Елбасының атына шағым хаттарын жолдауға бел буып отыр. "Меркур Град" компаниясының басшылығы болса, барлық үлескерлердің мәселесі келесі жылы шешіледі деп сендірді.


"Меркур Град" компаниясының үлескерлері 2009 жылдың наурыз айында Алматының шетіндегі "Думан" ықшамауданында тұрғызылып жатқан үйлерге қонйыстануы керек еді. Алайда бұл үйлерден "Меркур Градтың" 327 үлескерінің 240-ына ғана баспана бұйырыпты. Ал қалған 87 үлескер пәтерлерінің толық құнын төлеп қойғанына қарамастан, не себептен үйсіз қалғанына түсінбей дал.


Олардың айтуынша, бұл үйлерге "Меркур Градтан" басқа құрылыс компаниялары үлескерлерінің де таласы бар екен. Светлана анасы екеуінің ортақ баспанасын сатып, осы үйден жаңа 2 пәтер алмақ болған. Сөйтсе, анасының пәтері "Алматыинвестстрой" компаниясы үлескерлерінің де меншігі болып шығыпты. Ал Светлананың өзі әлгі баспанадан қағылған 87 үлескердің қатарында екен.


Светлана Межебицкая, "Меркур Град" компаниясының үлескері:

- Біз мына пәтердің әр шаршы метріне 2275 доллар төлегенбіз. Келісім-шартта оған ең соңғы үлгідегі тұрмыстық техника мен жиһаздың құны да кіреді делінген. Ал қазір 4 қабырғаға қолымыз жетпей отыр.


Үлескерлердің құқықтарын қорғап жүрген заңгерлердің айтуынша, "Меркур Град" компаниясы 826 пәтерден тұратын 14 үй тұрғызып, қалалық әкімдікке тапсырған. Әкімідік бұл үйлерді Алматыдағы үлескер атаулыға бөліп берген екен. Осы бөліс кезінде дайын 826 пәтердің 240-ы "Меркур Град" үлескерлеріне бұйырып, қалған пәтерлер басқа компаниялардың үлескерлеріне ұсынылған. Ал "Меркур Градтың" қалған үйлерін мердігер компания кепілдікте ұстап отыр.

Әлімжан Қожағұлов, заңгер:

- Мердігер компания мен "Меркур Град" соттасып жатыр. Мердігер компания 87 пәтерді кепілдікте ұстап отыр. Өйткені, олардың алдында "Меркур Градтың" қарызы бар көрінеді.

Ал компания басшылығы бір де-бір үлескердің баспанасыз қалмайтынына сендірді. Құрылыстың кешеуілдеуіне қаржы дағдарысы себеп болған екен. "Меркур Град" ешкімге қарыз емес және ешкіммен соттасып жатқан жоқ", - дейді олар.

Николай Овчинников, "Меркурград" ЖШС директоры:

- Келесі жылдың сәуір, мамыр айларында барлық үлескерлер баспаналарына қол жеткізеді. Қаржыландыру басталды. Күзде құрылыс аяқталса, көктемге дейін үйлердің ішіне жөндеу жүргізіліп, үлескерлерге кілттерін табыстаймыз.

Ал тауы шағылған үлескерлер компания басшысының берген уәдесіне қарамастан, Елбасыға шағым хат жолдамақ. "Өйткені тағы да бір жыл шыдауға мұршамыз жоқ", - дейді олар.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны