gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Павлодар: көпбалалы ана шенеуніктердің салғырттығынан тиісті жәрдемақыдан қағылды

06.08.2010 23:21
Павлодарда көпбалалы отбасы шенеуніктердің салғырттығынан тиесілі жәрдемақыдан қағылып отыр. Алты бала тәрбиелеп отырған Татьяна Прилепина қажетті құжаттарды әкімдіктің әлеуметтік қорғау бөліміне осыдан жарты жыл бұрын тапсырыпты. Дегенмен оған осы күнге дейін күміс алқа берілмеген. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, Татьяна бұл алқаның иесі аталмайынша, жәрдемақыға қол жеткізе алмайды. Өкініштісі сол, сегіз адамнан тұратын Прилепиндер отбасының тұрмыстық жағдайы ескерусіз қаллып отыр. Тілшіміз Айжан Әлібек көпбалалы отбасының жағдайын сұрастырып келді.


Сегіз адамнан тұратын Прилепиндер отбасы аумағы 9 шаршы метр үйді паналап отыр. Татьянаның үлкен қызы бой жеткен,м, ал қалғандары кәмелет жасына толмаған. Тамақ ішетін, ұйықтайтын, балалардың сабақ оқитын жері - алақандай бөлме.


Татьяна Прилепина, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Таяуда балаларым мектепке барады. Олардың оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алу қажет. Бір ұлым балабақшаға барады. Ал жолдасым табатын ақша тек тамаққа ғана жетеді.


Татьяна Прилепина көпбалалы ана мәртебесін ала алмай жүргендіктен, жеңілдік бойынша берілетін пәтер кезегіне де тұра алмай жүр екен. Ал әкімдіктегілердің сөзінше, құжаттардың ұзақ қаралуына биыл Павлодар облысындағы көпбалалы аналар санының ұлғаюы себеп.


Әсел Нұрғазинова, Павлодар қаласы әкімдігі бөлім бастығының міндетін атқарушы:

- Құжаттарды негізінде 30 күндей ғана қарастырамыз. Бірақ биыл күміс пен алтын алқаға өтініш білдірген әйелдердің саны көп болды. Кейде күніне 60 адамға дейін қабылдадық. Сондықтан барлық құжаттарды өңдеп үлгермей жатырмыз.


Ресми мәлімет бойынша, биыл Павлодар облысында 700-дей ана жәрдемақы ала алмай отыр. Татьяна шенеуніктер тарапынан қағазбастылық мәселесінің де жиі тіркелетінін айтады. "Олар мен барған сайын құжаттардың жаңа тізімін ұсынады",- дейді ашынған ана.


Любовь Бегімбетова, Павлодар қалалық "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы:

- Бірталай құжаттарының мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ол кісі біз берген тізім бойынша жаңа құжаттар әкелуі керек.

Осылайша шенеуніктердің салғырттығынан жәрдемақы мен пәтерге қол жеткізе алмай жүрген Татьяна Прилепина сең соққандай күй кешуде. Мемлекеттік мекеме табалдырығын жарты жыл бойы тоздырған көпбалалы анаға енді құжаттырды қайта жинауға тура келеді.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны