gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қауын-қарбыз қаншалықты қауіпсіз? Астаналық мамандар көкөніс саудасын жаппай тексеруде

06.08.2010 23:23
Адам денсаулығы үшін зияны жоқ қауын-қарбызды қай жерден сатып алған жөн? Дәл қазір Астана көшелерін бойлай бақша дақылдарын сатушыларды жиі кездестіруге болады. Бірақ олардың сатып тұрған өнімінің біразы адам ағзасы үшін өте зиянды көрінеді. Оның үстіне Елордаға ерте жеткізілетін өнімдер арнайы химиялық тыңайтқыштардың күшімен ғана піскен. Сондықтан осы жағдайлардың алдын алу үшін Астана қаласында бүгін арнайы рейд жүргізілді. Осы топтың құрамында біздің тілшіміз Ғабит Ұзақбай да болып қайтты.


Елордаға оңтүстік өңірден келіп жатқан қауын-қарбыздардың құрамында улы заттар бар ма? Бүгін осыны анықтау үшін санитарлық қадағалау басқармасының мамандары арнайы рейдке шықты. Олар өз құрылғылары арқылы өнімнің құрамын тексереді. Егер өнімнің құрамында нитраттың мөлшері шамадан тыс болса, адам денсаулығына зиянды болғаны.


Рейдке шыққан арнайы топтың алғашқы нысанына Тілендиев даңғылының бойындағы саудагерлер ілікті. Қауын-қарбыздарын тізіп қойып саудасын жасап жатқан азаматтардың қолында сауда істеуге рұқсат беретін куәліктері және санитарлық кітапшалары да болмай шықты. Ал олардың өнімдерін тексерген арнайы мамандар оларда зиянды заттардың бар екендігін анықтады.


Мейрам Молдашев, Астана қаласы МСЭҚБ бастығының орынбасары:

- Міне, мынаны нитротест дейді. Қауында нитрат бар ма, жоқ па, соны анықтайды. Қауынның мөлшері 90 болу керек, бізде қазір 100 болып тұр. Бұл нитрат зиянды. Өйткені ол - у! Адам ағзасында ауру тудырады.


"Бұл азаматтардың қауын-қарбыздарынан зиянды заттардың көп мөлшерде анықталуының өзіндік себебі бар", - дейді мамандар. Өйткені өнім жол бойында тұрғандықтан, көліктен шыққан лас түтінді ішіне сіңдіреді. Енді бұл өнімдер тәркіленіп, жойылады. Ал сатушылар болса, енді мұндай әрекетке бармайтындықтарын айтып құтылуда.


- Бізге заңсыз екенін ескертті, бұған дейін білген жоқпыз. Осыдан кейін сатпаймыз.


Ал қауын-қарбыз тиеген көлік қашып кетуге әрекет жасағанымен, онысынан түк шықпады. Жол бойында заңсыз сауда жасағаны үшін МАИ қызметкерлері көліктің нөмірін алып, айыппұл салды. Ал саудагерлерге осы әрекеттері үшін сауал қойғанда айтқан жауаптары:


Рахима Халикова, саудагер:

- Сізде санитарлық кітапша бар ма?

- Жоқ!

- Неге?

- Ешкім берген жоқ бізге.

- Онда неге сатасыздар?

- Сатамыз, бала-шағамды бағу керек! Менің 5 баламды кім бағады?! Екі айға рұқсат берсе болады ғой.


Мамандардың сөзінше, қауын-қарбыздарды арнайы орыннан сатып алған дұрыс. Астана қаласы үшін ондай жер қала шетіндегі көк базар. Бұл орын жол бойынан әлдеқайда қашық және күн сайын санитарлық мамандардың жіті қадағалауында.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны