gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Алматы: шипажайлар мен туберулезден емдеу мекемесіне жалғанған кәріз құбыры жарылды

06.08.2010 23:24
Алматыда тау жақтағы шипажайлар мен туберулезден емдеу мекемесіне жалғанған кәріз құбыры жарылды. Енді қаланың жоғарғы жағынан шыққан шайынды су төменгі аудандарға ағуда. Тіпті ол бүтіндей бір көшеге жайылғандықтан, тұрғындардың аулаға шығуы қиындаған. Ал қалдық судың мүңкіген иісі мұрныңды жарады. Тексере келе, бұл құбырдың не тау жақтағы шипажайлардың, не "Алматы су" Холдингінің қарауында жоқ болып шыққаны анықталды. Сондықтан жарылған құбырдың иесін іздеген тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды.


Алматыдағы Мүтәш Қожабергенов атындағы көшені түгел кәріз суы басып жатыр. Тау жақта орналасқан шипажайлардың, оның ішінде туберкулезден емдейтін мекеменің шайындылары жіберілетін құбыр жарылып, тұрғындарды әбігерге салуда.


Гүлмира Омарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Шипажайдан шығып жатқан су, су зарарсыз дейді. Қайдағы?! Өздеріңіз көрсеңіз, мүмкіндік жоқ мұнда. Бүгін күн тамаша ғой, ал күн ысығанда бұл жерде жүру мүмкін емес.


Ирина Харитонова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Көлік жүріп өтсе, үстімізге лай су шашырайды. Балалармызды арбаға отырғызып серуендеуді де қойдық. Өйткені мына кәріз суын кешіп жүргіміз келмейді. Осындай жағдай жылда қайталанады.


Туберкулезден емдеу шипажайы басшылығының айтуынша, ұзындығы 3 шақырым құбыр олардың қарауында емес. Сондықтан оны жөндеуге қаражаты да, құзырлары да жоқ. Ол құбырға сол маңдағы зәулім үйлер мен моншалардың да шайынды сулары құйылады екен. "Сондықтан ол "Алматы су" Холдингінің қарауында", - дейді дәрігерлер.


Тұрсын Қиынбаев, "Каменское плато" туберкулезден емдеу шипажайының бас дәрігері:

- Кәріздерді өз балансына алғылары келмейді. Олар ақша алғанды ұнатады, ал ақшасын шығарғанды жақсы көрмейді. Ал қалалық кәрізге қосылғанға дейін жер шипажайдікі болса, ол құбырға қосылған адамдар ақшаны Денсаулық сақтау басқармасына, шипажайға төлесін. Сосын айтсын, шипажай жұмыс істемей жатқандықтан су ағып жатыр деп.

Алматының ағынды суымен "Алматы су" Холдингінің құрамына кіретін "Тоспа су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны айналысады. Қызығы сол, оның басшылары бұл құбырға "біздің де қатысымыз жоқ" деп шықты.


Виктор Жигун, "Алматы тоспа су" МКК бас инженері:

- Шипажайлардың құбырлары мен құдықтары біздің балансымызда жоқ. Сондықтан онда ешқандай жөндеу жұмыстарын істей алмаймыз. Шипажайдағылардың өздері құбырларды біздің балансымызға бергісі келмей отыр.


Осылайша құбырдың кімге тиесілі екені белгісіз. Иесі табылғанша, қаланың шұрайлы ауданының тұрғындары лас суды кешуге мәжбүр.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны