gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Аптап ыстықтан еліміздің солтүстік аймақтары да зардап шегуде

07.08.2010 23:26
Аптап ыстықтан еліміздің батыс өңірі ғана емес, солтүстік аймақтар да зардап шегуде. Бұл әсіресе қан қысымы жоғары, жүрек, қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға қиын тиюде. Ыстықтан бас сауғалаған халық қазір суға көбірек түсетін болған. Осыған байланысты өзен-көлдерде қайғылы жағдайлар жиі орын алуда. Жаз басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысында 36 адам суға кеткен.


Биылғы жаз Петропавл тұрғындары үшін ерекше. Маусымның басында күн салқындау болғанымен, бір аптадан бері температура 35 градустан түспей тұр. Қызылжар өңірінде мұндай құбылыс осыдан 23 жыл бұрын тіркеліпті


200 мынан астам халкы бар Петропавл маңайында ресми түрде рұқсат етілген небәрі екі жағажай бар. Әдетте мұнда ине шаншар жер болмайды. Сондықтан аптап ыстықтан шаршаған тұрғындар Есілдің басқа жерлеріне шомылғанды жөн көреді.


Мамандар демалушыларға оқыс оқиға кезінде қалай көмек көрсету керектігін үйретуде. "Қатердің алдын алған дұрыс!" деген қағиданы ұстанған құтқарушылар биылғы жазда оқу жаттығу жұмыстарын тікелей жағажайларда өткізуді жөн көріпті. Олар бұдан нәтиже шығатынына сенімді.


Болат Мұстанов, құтқарушы:

- Нәтижесі болады, бізге келіп қарап, есінде қалады. Оқыс жағдай орын ала қалса, адамды өздері құтқарады.


Биыл облыста жаз басталы 36 адам суға кетіп қаза болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Құрбандардың дені ішімдік ішіп, сақтық шараларын естен шығарған.


Руслан Сұлтанов, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Ішімдіктің де әр түрі бар ғой. Арақ ішкен, әрине қауіпті, бірақ сыраның кесірі жоқ деп ойлаймын. Демалу үшін келеміз ғой.

Дегенмен құтқарушылар бұл пікірмен мүлдем келіспейді. Олардың айтуынша, суға кететіндердің көпшілігі - ішімдікке үйір адамдар. Ал синоптиктердің болжамына сүйенсек, аптап ыстық өңірде осы айдың соңына дейін сақталуы мүмкін.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны