gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Көкшетау: жекеменшік балабақшамен бір ғимаратта дүкен, монша, тіпті сырахана орналасқан!

07.08.2010 23:27
Көкшетаулық шенеуніктер қаладағы балабақша мәселесін шешудің ерекше жолын ойлап тапты. Енді олар мектеп жасына дейінгі мекемені "кәсіпкерлер ашсын" деген ұсыныс білдіріп отыр. Бірақ таяуда ғана іске қосылған жекеменшік балабақша ата-аналардың алаңдаушылығын туғызуда. Өйткені 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленетін мекемемен бір ғимаратта дүкен, монша, тіпті сырахана орналасқан. Ал ауласы көпшілік көңіл көтеретін орынға айналған. Ата-аналар: "Әзірге бұл жағдайға көнуге мәжбүрміз, өйткені балаларымызды апаратын басқа жер жоқ", - дейді.


Кезінде мемлекет қарамағында болған "Одуванчик" балабақшасы 1990 жылдары жекеменшікке өтіп кеткен. Содан бері оның иесі ғимаратты қайта жасақтап, дүкен, монша, сырахана сияқты қызмет көрсету орындарын ашқан. Ал екі ай бұрын осы ғимараттың бір бөлігін жекеменшік балабақшаға айналдырыпты. Бұған қуанған ата-аналар балаларын ойланбастан осында алып келген. "Бірақ, кейін өкініп қалдық", - дейді ата-аналар.


Татьяна Чайковская, ата-ана:

- Әрине, бұл дұрыс емес. Өз басым бұл жерде монша, дүкеннің болғандығына түбегейлі қарсымын.

Ұлжан Ысқақова, қала тұрғыны:

- Қазір кәсіпкерлер заманы болып кетті ғой. Бұл әрине, тазалық талаптарына да сай емес. Мұнда кішкентай балалар бар. Ал аулада кейде мас адамдар жүреді.


Дегенмен балабақша қожайындары "монша жабылады" деп отыр. Олардың айтуынша, ғимарат қайта жарақталып, бүлдіршіндер үшін тағы 50 орын ашылмақ. Қазір "Балапан" деп аталатын бұл балабақшаға 60 сәби барады.


Ғалия Рахымберлина, "Балапан" жекеменшік балабақша директоры:

- Монша енді болмайды, жөндеу жүріп жатыр, бәрі жабылады.


Балабақшадағы монша қазір екі аптаға жөндеуге жабылған. Бірақ екі аптадан кейін бұл жерде "балабақша ашылады" деген хабарландыру жоқ.


Қазір Көкшетауда 7 мыңға жуық ата-ана мектеп жасына дейінгі балаларын қайда орналастырарын білмей отыр. Ал "Балапан" сияқты жекеменшік балабақшалар қымбат болса да, бұл мәселені шешудің бірден-бір жолына айналған. Санитар мамандар осындай өрескел заңбұзушылықтарға қарамастан, бұл мекемені "жабуға құқығымыз жоқ" дейді. Өйткені оларға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.


Болат Есмағанбетов, Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығы:

- Санитар дәрігер ретінде айтамын, бұл жерде балабақша ашуға болмайды. Дегенмен, біз осындай жекеменшік мекемелерге санитарлық талапты жеңілдету жөнінде нұсқау алдық.


Ал шенеуніктер қаладағы балабақша мәселесін шешу үшін жыл басында кәсіпкерлерге өздері ұсыныс білдіріпті. Сондықтан олардың қызметіне "түсіністікпен қараған жөн" дейді.


Хабиболла Ғазизов, Көкшетау қалалық білім бөлімінің бастығы:

- Бұл балабақшаны ашуға келіскен кәсіпкерге қайта алғыс айту керек. Ол сол мекеме үшін өз бизнесін тәрк ете алмайды ғой.


Көкшетауда кезінде сатылып немесе басқа мақсатқа пайдаланылған 6 балабақша бар. Қазір оның біреуі ғана кері қайтарылған. Ал қалғандары жекеменшік иелігінде, ал кейбіреуінде мемелекеттік органдар әлі де жұмыстарын жалғастыруда. Оның есесіне қалада таяу күндері "Балапан" сияқты тағы 3 жекеменшік балабақша ашу көзделіп отыр


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны