gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Петропавл: сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот отырысы дауға ұласты

11.08.2010 23:32
Петропавлда пара алу үстінде ұсталған шенеунікке қатысты сот ісі дауға ұласты. Ондағы басты куәгер бұған дейін берген жауаптарынан аяқ асты айнып, Қаржы полициясы қызметкерлеріне қарсы шығып отыр. Оның айтуынша, құзырлы органдағылар бұған қоқан-лоққы көрсетіп, сол арқылы еш кәнісі жоқ санитар дәрігерді заңсыз айыптаған.


Даудың басы Петропавлдағы дәмханада басталды. Биылғы көктемде бұл жерде тексеру жүргізген санитар дәрігерлер бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, дәмхана жұмысын тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Бірақ, оны заңды күшіне ендірмеу үшін дәмхана иелерінен пара талап еткен көрінеді. Бұл жағдайдан құлағдар болған Қаржы полициясының қызметкерлері осы мекеме директорының орынбасарына белгі салынған ақша беріп, ол параны қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына апарған.


Еркебұлан Хасенов, куәгер:

- Белгі салынған ақшаны Мансұровка бер деп тапсырды. Бірақ ол орнында болмай шықты. Сол кезде қаржы полицейлері бастық болмаса, басқасын табамыз деп, параны бөлім бастығы Сартаевқа бер деді.


Осылайша қаржы полицейлерінің торына алдын ала жоспарланғанындай, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы емес, бөлім бастығы түсті.


Жанат Жүкенов, СҚО прокуратурасының прокуроры:

- Куәгер Хасеновтан ақшаны алып болған соң, Сартаевты қаржы полициясының қызметкерлері қамауға алды.

Бес ай бойы жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталып, бүгін осы қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Ал басты куәгердің бұлай өз жауабынан айнитынын қаржы полицейлері мүлдем күтпесе керек. Куәгердің атуынша, шенеунікке пара беруге оны құзырлы орган қызметкерлері мәжбүрлеген.


Еркебұлан Хасенов, куәгер:

- Мен жазықсыз адамды кінәлап, ондай бассыздыққа бармайтын едім. Бірақ Қаржы полициясының өкілдері "өзіңді түрмеге қамаймыз" деп қорқытты. Олардың бұлай деуге негізі де бар. Мен кезінде заңсыз кәсіпкерлікпен айланысқан едім , қорыққанымнан, солардың айтқандарына амалсыз көндім.


Ал Қаржы полициясындағылар Хасеновтың сөзін теріске шығарып отыр. Олар бұл іске қатысты арнайы тексеру жүргізген.


Нұрлан Жахин, СҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

- Сот бұл іс бойынша заңды шешім шығарады деп ойлаймыз, өйткені біздің барлық жүргізген жедел іс-шаралар барысында жүргізілген бейне аудиожазбалар, барлық дәлелдер жеткілікті деп санаймыз.


Қаржы полициясы қызметкерелерінің бұл әрекеттері жайында Еркебұлан Хасенов "Бас прокуратураға дейін жаздым" дейді. Бірақ еш жерден мардымды жауап алмаған.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны