gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Петропавлдың орталық саябағына орнатылған ескерткіштерге көптің көңілі толмайды

13.08.2010 23:40
Таяуда Петропавлдың орталық саябағына орнатылған ескерткіштерге көптің көңілі толмайды. Қазақ және орыс ақын жазушылардың 34 тас мүсінін қарапайым тұрғындар тұрмақ, өнертанушы мамандардың өздері ажырата алмай әлек. Осыған байланысты қала басшылығы атүсті жасалған тас мүсіндерді автордың өзіне қайтармақ.


Бұл ескерткіштердің барлығы орталық саябақта қала күні қарсаңында пайда болған-ды. Қазақ және орыс ақын-жазушыларының 34 тас мүсіні су бұрқақты жағалай орнатылған. Не тұғыры жоқ, не аты жөні жазылмаған ескерткіштерде кімнің бейнеленгенін анықтау қиын. Оның үстіне әр заманда өмір сүрген адамдарды автор біркелкі қылып киіндіріпті.


Алтын Кәрімова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Кемшілік көп. Пластикада кемшілік бар. Образда кемшілік бар. Пропорция , қарындашпен былай көріңіз.


Мүсіндердің бір қалыппен құйылғаны көзге оғаш көрініп тұр. Дене пішіндері шамамен бірдей, ескерткіштердің бастары ғана өзгертілген. Әу баста бұл мүсіндерқоладан құйылады деп жоспарланған еді, бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Мүсіндер цеменнтен соғылып, сырты жай бояумен сырланған. Жаңадан салынған мүсіндер тұрғындардың ғана емес, жергілікті өнертанушыларының да көңілінен шықпай отыр. Мамандар өнердің қыр сырына бойламай-ақ, оғаш көрініп тұрған кемшіліктерді көрсетіп әлек.


Валерий Крестников, суретші:

-Мына үлкен басына қараңызшы. Қолдары шолақ, ал аяқ киім өлшемі 60. Масқара ғой. Бұл келемеждеу үшін әдейі салынған ба деп ойлаймын.


Мүсіндердің бұл қалпына, тапсырыс берген қалалық әкімдіктегілердің өзінің көңілдері толмапты. Олар жергілікті өнертанушылардың қатысуымен арнайы кеңес өткізіп, ескерткіштерді ресми түрде қабылдамау туралы шешім шығарған. Ал туындылардың авторы болса, қала күніне дейін тапсырысты аяқтауға тапсырма берген шенеуніктердің өздерін айыптап отыр.


Қазбек Сатыбалдин, мүсінші:

-Асығыс, асығыс істелген жұмыс солай болады. Бірақ мен айтпаймын көп кемшілік кетті деп. Бұл кісілердің айтып отырғандары түсінікті, көреміз барып бәрін жинап, қайсысын алу керек, қайсысын қайта жасау керек.


Мүсін авторы алдағы бір екі айда барлық кемшіліктер жойылады деп сендірді. Осы уақыт ішінде әр ескерткіштің астына биіктігі бір метрлік тұғыр да орнатылмақ. Ал шененуктер мүсіндерді ресми түрде қабылдамай, авторға атқарылған еңбегі үшін ақы төлемейміз дейді. Бетоннан жасалған әрбір мүсінді 3 миллиолон теңгеге бағалаған автор өз жұмысына барлығы 112 миллион теңге талап еткен.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны