gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Астанада оққағарлар сайысы өтіп жатыр

10.09.2010 13:51
Астанада оққағарлар сайысы басталды. Биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтіп отырған бәсекеге 16 команда қатысуда. Бұл жолы өз оққағарларын Елордаға Украина мен Беларусь президенттерінің күзет қызметі жіберіп отыр. Сайыстан үздік шыққан топ 22 қыркүйекте Ялтада өтетін оққағарлар чемпионатына жолдама алады.


Оққағарлар сайысы Қазақстанда осымен 8 мәрте өтуде. Дегенмен бұл жолғы сынның өз ерекшелігі де жоқ емес. Оның ауқымы кеңіп, халықаралық деңгейге жеткен. Әрі оққағарлық қызметі Қазақстанда спорттың бір түрі ретінде тіркеліп отыр.


Болат Мұқанов, Президент күзеті қызметінің майоры:

- Оққағарлық Спорт комитетінде қызметтік көпсатылы сайыс ретінде тіркеліп отыр. Ол екі жыл сайын өткізіледі. Биылғы сайысқа Беларусь, Украина оққағарлары қатысса, Армения президентінің күзет қызметі қонақ ретінде келді.


Ал Қазақстан тарапынан бақтарын сынауға Президенттің күзет қызметі, ҰҚК, Ішкі істер министрлігі секілді мемлекеттік органдармен қатар жеке күзет фирмаларының оққағар командалары қатысуда. Мұнда негізінен бір ғана адамның емес, топтық жұмысқа назар аударылады. Алдымен оққағарларға берілген тапсырма: өз қорғауындағы адамды қалың бұқара ішімен аман-есен алып өту.


Осылайша тұтқиылдан жасалатын шабуылға тойтарыс беру кезінде оққағарлардың қырағылығы, қорғану тәсілі, қару-жарақты қолдану шеберлігі сыналады. Қатысқан командалардың бәріне бірдей қорғауға алған адамдарының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Соған қарағанда қастандық жасау жоспары да жақсы ұйымдастырылған сыңайлы.


Мұнан соң байқау қоян-қолтық ұрыс тәсілдері бойынша жалғасты. Онда төрелікті кәнігі оққағарлар мен осы спорт түрі бойынша арнайы дәрежесі бар төрешілер жасады. Оққағарлық елімізде онша жариялы түрде жүргізілмейтіні белгілі. Дегенмен қазір дайындығы бар жеке оққағарды жалдау 400-500 мың теңге шамасында көрінеді. Ұйымдастырушылар соңғы кезде бұл қызмет түріне сұраныс арта түскенін жасырмайды.


Арыстан Ыбыраев, Президент күзеті қызметінің жаттықтырушысы:

- Әлемде лаңкестік әркеттер орын алып жатыр. Сондықтан осындай оққағарлар дайындығы қажет, сайыс керек. Біздің президенттік күзет жақында Украинаға барады, дәрежемізді көтеру үшін.


Оққағар-2010 байқауы 3 күнге жоспарланған. Осы уақыт ішінде қарудан оқ ату, көліктен жарылғыш затты іздеп табу, алғашқы медициналық көмек көрсету секілді міндеттерді орындау бойынша сайысқа түседі. Қазақстандықтардың нәтижелері жаман емес. Нақты қай команданың оққағарлары сенімді екені жалпы сайыстың қорытындысы бойынша есептелмек.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны