gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Ерейментау қаласының әкімі өз-өзіне қол салды

01.09.2010 14:22
Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының әкімі өз-өзіне қол салып қайтыс болды. Мұрат Абуллин үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған. Әзірге шенеунікті мұндай оқыс қадамға не итермелегені белгісіз. Жергілікті прокуратура мен полиция өкілдері ешқандай ресми мәлімет бермей отыр. Мәселенің мән-жайын біздің астаналық тілшілеріміз анықтап көрді.


Мұрат Абдулиннің бұрынғы жұмыс орны. Бөлмесінде әлі ештеңе өзгермепті. Есік сыртында есімі жазылған, ал үстелінде отбасылық фотосурет тұр. Бұл кабинетте марқұм соңғы екі жыл бойы еңбек етті.


Бақыт Дүйсенбаева, Ерейментау қаласы әкімінің орынбасары:

- Проблема болса да, біз білмедік... жұмысын істеді, бізге тапсырма беріп, біз орындап жүрдік. Ал көңіл күйі жаман болса білдіртпейтін, үй шаруасымен жұмысты араластырмайтын....


Мұрат Абдуллин еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Өзі Целиноград облысының тумасы. Туған жерінен көп алыстамады. Түрлі қызметтерді атқарғанннан кейін Ерейментау қаласының әкімі болып тағайындалды. Жауапкершілігі мол жұмыста әдетте дау-дамайсыз болмайды. Бірақ басшылық өкілдері мұндай мәселердің туындағанын жоққа шығарып отыр.


Нұрлан Ережепов, Ерейментау ауданының әкімі:

- Қала бойынша шаралар болды. Жұмыс істедік, ешқандай айғай-шу болған жоқ, бір-бірімізге реніш жасаған жоқпыз. Екі жарым жыл істеді, ешқандай ұрыс-керіс, жанжалға келген жоқпыз...


Қала әкімі тамыздың 16-нан бастап еңбек демалысына шыққан. "Жұмыстан біраз шаршағанын айтты, тыныққаннан кейін алдағы жылу маусымына дайындалмақ сияқты еді", - дейді әріптестері. Алайда жоспарлары іске аспады. Туған күнінен кейін бір апта өтей, 39 жастағы азамат дәл Конституция күні өз-өзіне қол салған. Тергеу жүргізіп отырған тәртіп сақшылары әзірге қандай да бір түсініктеме беруге асығар емес.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны