gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қазақстанның өте сауатты, денсаулығы мықты және мәдениетті азаматтарын дүниежүзі сыйлайтын болса екен деп армандаймын - Елбасы

01.09.2010 14:23
Бүгін, Астанадағы "Атамекен" Қазақстан картасы" - этно-мемориалдық кешенінде 11 сынып оқушылары мен аталмыш кешеннің патриоттар клубының мүшелерімен кездескен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, болашақ ұрпақ - жастар Қазақстанды әр уақытта басқа елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті ететініне үміттенетінін және Қазақстанның сауатты да мәдениетті, денсаулықтары мықты жастарын дүниежүзі сыйлайтын болса екен деп армандайтынын айтты.


"Менің және менімен жүрген азаматтардың, баршамыздың бүгінгі істеп жатқан шаруаларымыз сендердің болашақтарың үшін", - деп атап өтті Елбасы жастарға қаратып айтқан сөзінде.


"Болашақ бағдарламасын жақсы білесіздер. Тек қана Астанада 80 мектеп жұмыс істейді. Оның үштен екісі Астана құрылғалы салынды. Оның 30 мектебі - қазақша, сондай-ақ аралас, орыс тілді, жекеменшік және қазақ-түрік лицейлері бар. Онымен бірге, халықаралық деңгейдегі үлкен университет салдық (ред. - Назарбаев университеті), биыл ол алғашқы түлектерін қабылдады. Соған түсуге сендер ұмтылуларың керек. Себебі оған түскеннен кейін шет елге барудың ешқандай қажеті жоқ", - деді Н.Назарбаев.


Президент Астанада бой көтерген аталмыш заманауи университет екі елдің дипломын алуға мүмкін беретінін тілге тиек етіп, Қазақстан бойынша салынып жатқан 20 интеллектуалдық мектепке ең қабілетті дегендер іріктеп алынып, оқытылатынын қадап айтты.


"Әр адамның қабілеті әртүрлі болады. Әркім өзінің жолымен жүріп, өз-өзін табуы тиіс. Сондықтан менің бар үмітіп, болашақ арманым, сендер Қазақстанды әр уақытта басқа елдермен терезесі тең, бәсекеден қалмайтын етіп, Қазақстанның өте сауатты, денсаулығы мықты және мәдениетті азаматтарын дүниежүзі сыйлайтын болса екен деп армандаймын", - деп түйіндеді сөзін Елбасы.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны