gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Петропавлда Конституция күніне орайластырылған концерт жанжалмен аяқталды

01.09.2010 14:29
Петропавлда Конституция күніне орайластырылған концерт жанжалмен аяқталды. Мерекелік шараны ұйымдастырушылар гастрольдік сапармен келген эстрада жұлдыздарына ақша төлемей, әншілер сахнаға шығудан бас тартқан. Көрермендер шу шығарған кезде ғана жұлдызды топтың біреуі өнер көрсетіпті. Ал ұйымдастырушылар ол ақшаны біреулер ұрлап әкеткенін, сондықтан көрермендерге билет құнын қайтаруға мүмкіндік жоқ екенін алға тартады. Берекесіз аяқталған мереке жөнінде Гүлмира Тасболатқызы.


Петропавлдың өнерсүйер қауымның наразылығында шек жоқ. Ұйымдастырушылар Конституция күніне орайластырылған шараға "Арнау", "Домино" топтарын, Айқын Төлепбергенов пен Қайрат Түнтеков келеді деп уәде берген. Осынша жұлдыздың бір мезетте сахнаға шығуы жергілікті тұрғындар үшін таңсық. Дегенмен әншілер Петропавлға келгенімен, сахнаға шықпай қойды. Тек бір сағат айқай шудан кейін, Домино тобы өнер көрсеткен.


Стадионға жиналған халық келесі жұлдыздың сахнаға шығуын ұзақ күтті. Ұйымдастырушылар бұл үзілісті алдымен техникалық ақаулармен түсіндіруге тырысты. Ал әртістер мінген көліктің еш ескертусіз неге аяқ астынан стадионнан кетіп қалғандығы көрерменге жұмбақ күйі қалды.


Ұйымдастырушылар келесі күні баспасөз мәслихатын өткізгенімен, болған жайдың себептерін ашық айтудан бас тартты. Кейін белгілі болғанындай, ұйымдастырушылардың бірі бүкіл ақшаны алып ізін суытқан. Мұны естіген әртістер сахнаға шығып тегін өнер көрсетуден бас тартыпты. Ұйымдастырушылар өз кемшіліктерін жуып-шаюға тырысты.


Ержан Қабдуллин, "Кен" продюсерлік орталығының жетекшісі:

- Ең бастысы, халықтың алдында бетіміз ашық. Ешкім ешқайда қашқан жоқ. Абыроймен міндетімізді атқарып кетейін деп жатырмыз.

Концерттен көңілі қалған көрермендерге қымбат билеттердің ақысын қайтаруға ешкім асығар емес. Дегенмен эстрада жұлдыздары бұл келеңсіз жағдайды түсініп, ертең концерт беруге келісіп отыр. Тек олар орталық стадионда емес, білім күніне орай орталық алаңда өнер көрсетпек.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны