gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қазақстан 2011 жылдан бастап парниктік газдардың квотасын сататын Чикаго биржасына шығуды жоспарлап отыр

15.09.2010 15:04
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2010 жылдың соңына дейін парниктік газдардың квотасын сататын Чикаго климаттық биржасымен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның вице-министрі Елдана Сәдуақасова мәлім етті.


Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжатқа қол қойылатын болса онда қазақстандық кәсіпорындар парниктік газдарды сататын үлкен халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алады. Е. Сәдуақасова министрлік сонымен қатар, осы бағытта жұмыс істеп жатқан басқа да нарықтармен, атап айтқанда Жапониядағы, Кореядағы биржалармен осындай келісімдерді бекіту мәселесін пысықтап жатқанын атап көрсетті. "Австралия мен Жаңа Зеландия біздерге нарықтарын ашты. Алайда, істі бастайтын уақыт кейінге шегеріліп қойды. Біз олармен сәл кейінірек жұмыс істейтін боламыз", деді ол.


Е. Сәдуақасова Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Киото хаттамасын жүзеге асыру механизмі аясында 2011 жылдан бастап республикамыздың аумағында СО2 шығарындыларының квотасын сату бойынша өзінің жеке көміртектік рыногын құруға дайын екенін атап көрсетті. "Біз келесі жылы Қазақстан Республикасының ерікті көміртекті нарығын құратын боламыз. Сөйтіп парниктік газдардың шығарындыларына рұқсат алу үшін еліміздегі кәсіпорындарға жағдай жасаймыз", деді ол. "Сонымен қатар екі жақты негізде біз басқа да елдермен келісімдерді бекітуді бастаймыз және бұндай халықаралық келісімдердің аясында біз өзіміздің көміртекті бірліктерімізді бере алатын, оны өз елімізден көшіре алатын және басқа елге жаза алатын боламыз", деді вице-министр.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны