gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Алматыда қазан айының 1-нен бастап қала тазалығын сақтамағандарға айыппұл салынатын болады - Марат Кесекбаев

29.09.2010 15:11
Бүгін Алматыда "Таза қала" акциясының қорытындысы жарияланды.


Естеріңізге сала кетсек, бұл шара қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен қыркүйек айының 1-де басталды. Оның мақсаты - үлкен мегаполис саналатын Алматы қаласының тазалығын сақтау, қаланың көркіне титтей де нұқсан келтіргендерді әшкерелеу. Акцияда қала тазалығын сақтамағандар, инфрақұрылымға зиян келтіргендер, жол қозғалысына қолбайлау жасап, қоқыстарды төккен не лақтырғандар әкімшілік жазаға тартылатындығы хабардар етілді.


"Шара барысында қаланың барлық аудандарында рейдтер өтті. 249 адам ҚР Кодексінің 387 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 188 адамға ескерту жасалды. 61 адам жалпы құны 407 669 теңге болатын айыппұл төледі. Бір ай бойы БАҚ құралдары арқылы да, рейд барысында да барлығына ескерту жасалды, енді қазан айының бірінен бастап қатаң шаралар қолданылып, айыппұл салынатын болады. Жеке тұлғаларға жиырма айлық есептеу көлемінде, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаларға, кіші және орта бизнес субъектілері мен коммерциялық емес құрылымдарға жиырмадан қырыққа дейін, ал ірі кәсіпкерліктің жеке тұлғасы болса елуден жүзге дейінгі көлемде айыппұл салынатын болады", деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Марат Кесекбаев.


Оның айтуынша, бұл мәселені қоғам болып шешу керек. "Әр адам қаланың тазалығына атсалысса, шынымен де әсем қаламыз "таза қалаға" айналады", деп атап өтті ол. "Тазалыққа баулуды балабақшадан, мектеп қабырғасынан, үйдегі тәрбиеден бастау қажет".


Алматы қаласының ІІД-нің жол полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұқан Досымбаевтің сөзіне қарағанда, рейд барысында 471 адамға әкімшілік шара қолданылып, нәтижесінде 2 миллион 477 мың 154 теңге айыппұл төленген. "Оның 1 миллион 842 842 теңгесі өндіріліп алынды", деді ол.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны