gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Бақтарды өркендету бағдарламасының бiрiншi жетiстiгi

04.10.2010 16:02
сы жылғы ең жетік дүниежүзілiк ғылыми зерттемелер мен агротехнологиялар қолдану арқылы Алматы облысында 2008 жылы отырғызылған эксперименталдi қарқынды бақтардың 25 гектарынан 100 тоннадан астам жоғары сапалы алмалардың өнiмiн жинауға жоспарланып отыр.

Жоба Италия, АҚШ, Голландия және Туркияда жоғары өнімді қарқынды жеміс бақтарын вируссыз кондырғы материал қолдануымен тудырудағы озат тәжірибелерге негізделген.

Жобаның құны - 200 млн астам теңге. Жоба "Raimbek Group" АҚ құрамына кіретін "Alma Prodex" ЖШС-мен және "КазАгроФинанс" АҚ-мен бірге қаржыландыру негізінде, сонымен қатар, Алматы облысының әкімшіліктің белсенді қолдау арқасында жүзеге асырылуда. Қазақстанда жоғары сапалы көшет жоқтығына байланысты, қаржы салу құрлымында аз бөлігі емес Италиядан, Бельгиядан және Туркиядан көшет сатып алуы болды. Сондай ақ, израильдік технологиясы бойынша тамшылатып суландыру жүйесін орнатуға және инфрақұрылым жеткізуге қаражат жұмсалған.

Бақшалардың басым бөлігін, дәл айтқанда 20 га-да алманың алты түрінің көшеттері орын алады, олардың арасында Голдан Делишес, Гала, Фуджи, Ред Делишез әйгілі сорттар бар. Сонымен қатар бес гектар тәжірибелі алаңда алхоры, өрік, шабдалы, шие және алмұрт көшеттері отырғызылған. Аймақ сүйекті дақылдардың жоғары өнімділігі және технологияларды сақтау нәтижесінде осы жемістердің басқада жеткізушілерімен бәсекелесе алады.

Кәзіргі уақытта "Alma Prodex" ЖШС-і өнімді дәнекершілерге соқпай өтіп, тікелей сауда жүйелеріне жеткізеді. "Apple fest"фестивалі өткізілген кезінде алматылықтар жаңа сорттардың тамаша дәмін татып, шаттанған пікірлерін қосты. "Alma Prodex" бұл алмалардың дәмдік қасиеттері қыс бойы өзгермейді деп уәде береді, себебі өнімнің жартысы Алматы қаласының қасындағы Шамалған ауылындағы "Kazakh Gold" ЖШС-ің жеміс қоймасына қойылған. Өкінішке орай бұл аймақта, халықаралық деңгейге сай келетін басқа жеміс қоймалары жоқ.

"Raimbek Group" АҚ Басшылар Кеңесінің Төрағасы, Раимбек Баталов: "Бақтарды өркендету бағдарламасын біз бірнеше жыл бойы істеп келеміз. Үш жыл бойы біздің мамандар шет елдерде оқыды. Олардың оқу қорытынды ретінде - халықаралық талаптарға сай келетін Алматы облысындағы біз отырғызған бақшалар. Біздің келесі мақсатымыз -қазақстандық сорттарды өркендету, олардың арасында ең бірінші біздің әйгілі апорт. Әзірше біз Қазақстандағы бақтарды өркендету бағдарламасының ен алғашқы табыстарын көрсете аламыз. Мені ылғи ұялтатын келесі мәселе бар. Біз көне заманнан әйгілі болған ең дәмді және пайдалы алмалардың отаны болып саналып, Іле Алатау бөктерінде өмір сұріп, орасан жер және табиғи байлықтарымызға ие болып, дәмсіз, жасанды өсірілген Қытай алмаларын сатып аламыз. Кәзіргі уақытта біз сапа және баға саласында кез келген мемлекетпен бәсекелесе алатынымызды дәлелдедік деп, мақтан тұтып айталамыз. Мен он жылдан астам уақыт бойы сүт және шырындар өндірісімен айналасатындығымнан, біз шет елдік шикізат және генді-өзгертілген өнімдерді сатып алмауымыз керек екенін жақсы білемін. Біз "өндіріс-өңдеу-сату" толық аяқталған жүйені құра алатынымызға және тұтынушыға ең сапалы және пайдалы өнімді ұсынатынымызға сенімдімін. Көбірек айтқанда, біз Қазақстан Республикасының премьер-министрі қасындағы бірыңғай Координациялау кеңесінің шеңберінде және біздің саладағы тәжірибемізді ескере отырып, республикадағы ауыл-шаруашалығының жобаларын каржылаудағы түбегейлі жаңа әдістер жиынтығын дайындап жатырмыз".

"Alma Prodex" ЖШС-нің басшысы Максим Коваленконың айтуы бойынша, шаруашылықта бірінші рет қолданылған жаңа технологиялар, өз тиімділігін дәлелдеді, ал, өсірілген өнімнің дәмдік сапасы мен сатылатын өңі арта түсті. Сонымен қатар, шаруашылық басшысының пікірі бойынша, қарқынды технологияның бақшалар үшін пайдасы орасан зор: жоғары рентабельденген технологиялар аздаған аймақтан жоғары сортты және кепілденген өнім береді. Шаруашылықтың барлық сатып алынған алма ағаштары, жоғары өнімділік беретін және төмен температура мен ауруларға төзімді сорттар, бірнеше елдің ғалымдарының көпжылдық селекциондық жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Компанияның жоспарында өндірісті ұлғайту да бар. Қазіргі ауқытта 150 га аумақта жаңа жас көшеттерді отырғызу жұмыстары өткізіліп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты- тұрғындарды балғын және жоғары сапалы жемісті қол жетімді бағамен қамтамасыз етіп, қажеттілігін қанағаттандыру.


Анықтама:

"Alma Prodex" ЖШС-сі "Raimbek Group" компаниясының құрамына кіреді. Компания - агротехнология аумағында соңғы жетістіктермен алынған жаңа піскен жемістер өндірісін қолға алуды көздеп отыр.

"Raimbek Group" АҚ - Қазақстандағы ең ірі агроөнеркәсіптік холдингі болып табылады. Қазіргі кезде холдингтың құрамына 10 компания кіреді.

"КазАгрофинанс" AҚ 1999 жылы ҚР өкіметінің қауылысы бойынша құрылған. Компанияның негізгі мақсаты - мемлекеттің аграрлық секторының дамуын қолдау, ауыл шаруашылық өнім өндірушілеріне қаржылық қаражатка қол жеткізу мүмкіндігін тудыру, сонымен қатар, ауылшаруашылық техникасына және технологиялық жабдықтарға лизинг негізінде қол жеткізу. "КазАгро" ұлттық холдингтың құрамына кіреді.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны