gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

С. Тұрысбеков жетекшiлiгiндегi "Ақ жауын" оркестрi Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің қонақтарына арнап концерт берді

30.11.2010 16:14
Кеше елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты,


"Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бірінші дәрежелі жеңімпазы "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтті.


ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушы шетелдік делегаттарға арнап, Мәдениет министрлігінің мәдени бағдарламалары дайындалған. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрінің концерті келген қонақтардың құрметіне ұсынылып отыр.


"Біздің бағдарлама Астана қонақтарына арнайы жасақталды. Барлық жағынан қамтып, әдейілеп қобыздан бастап, домбыраға дейінгі диапазонымызды көрсетейік дедік. Оның ішінде сазсырнай, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, қылқобыз, сымқобыз, домбыра аспаптары бар. Сонымен қатар Огинскийдің "Полонез" музыкасы ұлттық аспаптарда орындалды", дейді Оркестрдің көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек.


Концерт бағдарламасы бойынша, шетел қонақтары алдында жетіген, қылқобыз, шаңқобыз аспаптарында қазақ күйлерінің попурриі, Ықыластың, Динаның, Нұрғиса Тілендиевтің, Тәттімбеттің, Кетбұғаның, Құрманғазының таңдаулы күйлері, сонымен қатар сыбызғы күйі "Алыстағы арман", сазсырнайда Сейдолла Бәйтерековтің "Кішкентай" атты туындысы ойналды. Сахнада оркестрдің сүйемелдеуімен С. Тұрысбековтің "Қоңыр жел", "Қоңыр қаз" әндері республикалық конкурстың лауреаты Гүлмира Саринаның орындауында шырқалды.


Концерттің шырқау шегінде дәулескер күйші Секен Тұрысбеков сахнаға шығып, өзінің "Дарабоз", "Көңіл толқыны" шығармаларын орындап, аспаптарының қоңыр үніне елітіп отырған қауымды біржолата серпілтіп тастады.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны