gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

2014 жылға қарай Қазақстанда "Еуро-5" экологиялық стандарты енгізілуі мүмкін

13.12.2010 16:23
2014 жылы Қазақстанда "Еуро-5" экологиялық стандарты енгізілуі мүмкін. Бүгін Алматыда мұнай өңдеу экологиясы мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында халықаралық сарапшылар 2014 жылға қарай Қазақстанның "Еуро-5" экологиялық стандартын енгізу жөніндегі жоспарының жүзеге асырылу мүмкіндігін растады.


Олардың бағамдауы бойынша "Еуро-5" экостандарттарын енгізу Қазақстанда ауаға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін үш есеге төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұл жағдай парник газдарын төмендету бойынша Киот хаттамасы шеңберінде елімізге жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру жолында едәуір ілгері басушылық болып табылады. Ауа бассейнін ластау жағдайының 80 пайызы көліктерден шығарылған газдарға келетін еліміздің ірі қалаларында тыныс алу жеңілдей түспек. Сондықтан Қазақстан "Еуро-5"-ті енгізуді жуық арада қолға алады.


Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан бұл бағыттағы жұмыстарын бастап та кетті. Бұған мысал ретінде ҚР Мұнай және газ министрлігінің "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясына 2014 жылға қарай "Еуро-5" стандартына сәйкес келетін жанармайды шығару туралы жақында берген тапсырмасы дәлел бола алады.


"Қазақстан бұл стандартты енгізуді қысқа мерізімде жүзеге асыра алады. Бұл ретте Еуропа тәжірбиесін қолдана алады. Аталған мәселені шешу Қазақстанға үлкен қалалардың экологиясын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ, парник газдарын төмендету жөніндегі халықаралық бағдарлама шеңберінде қосымша қаржы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік бермек", - деп атап өтті Киот хаттамасы мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің британдық кеңес берушісі Иан Ватт.

Сарапшылар бұнымен қатар Қазақстан "Еуро-5" талаптарына сай жанармай өндіруде әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын заманауи екі сатылы терең гидрокрекинг технологиясын пайдалануды ұсынды. "Қазақстандық МӨЗ-де гидрокрекинг технологиясын қолдану уақыт пен қаражатты үнемдеп, "Еуро-5" және одан да жоғарғы экостандарттарға жауап беретін отынды шығаруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, сіздердің зауыттарыңыз сапалы бензин, экологиялық талапқа сай дизельдік отын, авиация қажеттіліктеріне арналған керосин және жоғары сапалы отандық мотор майын шығаруға қабілетті болады",-дейді Chevron Lummus Global (АҚШ) компаниясының аға кеңес берушісі Войцех Свинарски. Оның айтуынша, көрші Ресейде Росмұнайдың бір өзі соңғы уақытта гидрокрекинг технологиясын енгізу бойынша бес жобаны жүзеге асырған. "Татмұнай" және "Киришемұнайоргсинтез" секілді ірі ресейлік компаниялар Нижнекамский зауытында және Кирише қаласында аталған технологияны орнату бойынша келісім-шарттарға отырған. Иелігінде екі МӨЗ-і бар және "Еуро-5" стандартына сәйкес келетін жанармайды өндіру бойынша көпжылдық тәжірибеге ие Беларус Республикасы өз өнімін Еуропаға табысты түрде экспорттауда. "Аталған мысалдар әлемдегі өзгерістердің беталысын байқатады. Сондықтан Қазақстан қазір бүкіл еліміздің экологиясына едәуір ықпал ететін осы күрделі мәселеге қатысты маңызды шешім қабылдауы қажет", - деді сарапшылар.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны