gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Жер қойнауын игеруші жамбылдық фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгенің зиянын келтірді

13.12.2010 16:24
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында жұмыс істейтін жер қойнауын игеруші фирмалар қоршаған ортаға 328 миллион теңгеден астам соманың зиянын келтірген.


Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.


Прокурорлық тексерудің қорытындысы бойынша, ауданда кейбір жекелеген тұлғалардың жер қойнауын қазып, бірақ ол жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбегені анықталды.


Атап айтқанда, Қордай ауданында "Қақпатас" карьеріне жақын маңдағы Қақпатас өзенінің жайылма алқабында белгісіз біреулердің құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз қазып алуының салдарынан 1,2 гектардай жердің беткі қабаты бұзылған. Осындай оқиға Масанчи, Қаракемер және Сортөбе селолық округтерінің учаскелерінде Қарақоңыз өзенінің жайылма алқабында тіркеліп отыр - пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің салдарынан ол жерлерде 1 гектардай жердің беткі қабаты бұзылған. Осындай заңсыздықтар Аухаты ауылының маңындағы тау өзенінің жайылма алқабында да тіркелген.


Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы жер қойнауын заңсыз игергені үшін және мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама бұзатын мәмілелер жасағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 122-ші бабы бойынша "Бақнұр-Инвест" ЖШС мен "Еркін-Бестерек" ЖШС-нің үстінен әкімшілік істер қозғады.


Аталған фирмалардың қоршаған ортаға келтірген шығынын анықтау үшін прокуратура маркшрейдерлік шаралар жүргізді. Нәтижесінде, "Бақнұр-Инвест" серіктестігінің Қарақыстақ селолық округінің Қазақ ауылындағы карьерден 20,7 мың текшеметр саз-құмды тау жынысын, "Еркін-Бестерек" серіктестігі Жаңатұрмыс селолық округінің Жаңатұрмыс ауылындағы N1 және N2 карьерлерден сәйкесінше, 113,7 мың текшеметр және 43,4 мың текшеметр саз-құмды тау жынысын өндіргені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 328,2 миллион теңгені құрап отыр. Прокуратура келтірілген экономикалық шығынды өтеу және қабаты бұзылған жер учаскелерін қайта қалпына келтіру үшін аталмыш екі серіктестіктің үстінен сотқа шағым берді.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны