gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Түзеу мекемелеріндегі жағдай адам төзгісіз!

14.09.2010 16:58
Еліміздің барлық түзеу мекемелеріндегі жағдай адам төзгісіз. Оған соңғы кездері түрмелерде орын алып жатқан түрлі бүліктер айғақ. Сол себепті бас бостандығынан айырылған жазасын өтеушілер мекеме қызметкерлері тарапынан жасалып жатқан озбыр әрекеттерге қарсы жаппай наразылық білдіруге мәжбүр, - деп мәлімдеді бүгін бірқатар қоғамдық бірлестік жетекшілері. Олардың айтуынша, билік тарапынан бұған тиісті назар аударылмай отыр. Сондықтан құқыққорғаушылар "Озбырлыққа қарсы тұру" атты сотталғандардың құқын қорғайтын Қоғамдық бірлестік құрды.


Вадим Курамшин басқаратын болашақ ұйым түрмедегілердің ғана құқын қорғап қоймай, әскердегі әлімжеттікке де төтеп бермек. Оның айтуынша, еліміздің қылмыстық атқару жүйесі дағдарысқа ұшырады, ал түрмедегі ахуал өте күрделі. Әсіресе жазасын өтеушілер жиі жазаланатын көрінеді. Дегенмен әзірге заңды түрде тіркелмеген ұйым мүшелері "билік тарапынан кедергілерге тап боламыз ба" да қауіптенеді.


Есенбек Өктембаев, "Озбырлыққа қарсы тұру" Қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы:

- Кедергілер қоюы мүмкін. Оны біз ойландық, бірақ бұл мәселе мүлдем жабулы қазан күйінде қалмайды. Өйткені бізде болып жатқан мәселе бүкіл әлемге жайылып кетті.

Дәулетжан Рахманов тамыздың 15-і күні ғана Атбасардағы түрмелердің бірінен босап шықты. Мекеме қызметкерлерінің сотталғандарды ұрып- соғып, заңсыз әрекеттерге баратынын ол да мойындап отыр.


Дәулетжан Рахманов:

- Лагерьде біреуге қарсы сөйлесең, құқығыңды сұрасаң, қайтадан изоляторға апарып, клизма жасайды. "Не іздеп жатырсың?" десең, "лезвиея, чип" дейді. Бұл жерде заңбұзушылық болмау керек, "біздің айтқан заң" дейді, сендер зек, біз мент деген іс әрекет.


Әйткенмен еліміздің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқаша пікірде. Олар түрмедегі соңғы кездегі оқиғалар қылмыс "әлеміндегі арандатушы топтар әрекетінің салдары" дегенді айтады.


Есқали Саламатов, ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

- Олар жүйені әлсірету мақсатындағы талаптарды қояды. Мысалы, саппен жүруден бас тарту, таңертеңгі уақытта тұрмау. Олар бір біріне қонаққа барғысы келеді. Түрмеде өз тәртіптерін орнатқысы келеді. Бірақ кешіріңіз, бұл - заң талабы. Бұлар - қылмыс жасаған адамдар. Заң бойынша олардың құқықтары шектеулі.

Жаңадан құрылған ұйым қазанның 1-і күні Еуропарламент өкілдерімен кездеспек. Бірақ Курамшин мырза қазірдің өзінде өз қауіпсіздігіне алаңдаулы. "Біз сияқтыларға қастандық та жасалуы мүмкін" дейді ол. Сол себепті болар, құқыққорғаушы келесі айға дейін Ресейді паналай тұрмақ.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны