gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Күздің қара суығы Үкіметте қарбалас тудырды

14.09.2010 17:01
Арқаға келген күздің қара суығы Үкіметте үлкен қарбалас тудырды. Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов арнайы жиын өткізіп, аймақтардың қысқа дайындығы туралы сұрады. Бұл салаға жауапты Идустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, еліміз алдағы қыста "тұралай қоймайтын" сияқты.


Дегенмен жылу маусымына дайындықтың ақсап жатқан тұстары әлі де жоқ емес. Бүгінге дейін еліміздің электр станцияларына 3,5 млн тонна көмір қоры жиналған. Көмір жеткілікті болғанымен, мазуттың жетіспеушілігі қазірдң өзінде белгілі болып отыр. Сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңді бірқалыпты өткеру үшін еліміз бойынша 3 энергоблокқа, 70-ке тарта қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл міндеттерді дер кезінде аяқтауға уәде берген Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің басшысы Серік Нокин тұтуыншылар тарапынан да кейбір міндеттердің орындалмай жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, тұрғындардың жалпы коммуналдық қызметтер үшін мемлекетке қарызы 8 млрд. теңгеден асқан. Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімов қалай болғанда да облыс әкімдеріне қысқа дайындық барысындағы кемшіліктерді жылдам түзеуді тапсырды.


Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

- Қыс түседі, таяу күндері қар жауады, сондықтан жіті қадағалаңыздар. Біз келіскенбіз, кемшіліктер болса ренжімеңіздер. Әлсіз тұстарыңызды нығайтыңыздар. Егер өз күштеріңізбен еңсере алмасаңыздар, онда басқа шаралар қабылдаймыз.


Сондай-ақ Үкіметте 2020 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық бағдарлама да кеңінен талқыланды. Оның маңыздылығын бұқараға насихаттау үшін Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда индустрияландыру күнін белгілеуді ұсынды. Ол тіпті телеарналарда танымал тұлғалардың қатысуымен осы бағдарлама жөнінде түрлі шоулар ұйымдастыру қажет деп есептейтінін білдірді. Ал инновациялық жобаларда істеп жатқан кәсіпкерлер дәл қазір Үкіметтің ақпараттық емес, басқа қолдауына зәру көрінеді. "Атамекен Одағы" ұлттық палатасының президенті Азат Перуашев Индустрияландыру картасына енгізілген бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды тексеруге мараторий жариялау қажет деп есептейді. Бұл ұсынысты Премьер-министр Кәрім Мәсімов те қолдады. Азат Перуашев тынымсыз тексеруді тоқтатып қана қоймай, кәсіпорындарға Кедендік баж салығы бойынша жеңілдік қарастырған жөн дейді.


Азат Перуашев, "Атамекен" одағы" Қазақстанның экономикалық ұлттық палатасының төрағасы:

- Біздің ойымызша, иновациялық жобаға енгізілгеннен кейін жалпы кедендік бажсыз рәсімделу керек. Өйткені кедендік баждан кейін кейбір жоба құны 400 млн теңгеге дейін қымбаттап кетіп жатыр.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны