gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Сүйінші! "Қазақтың Бауыржаны" деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті

15.09.2010 17:05
"Қазақтың Бауыржаны". Алматыда режиссер Қалила Омаровтың осындай атпен шығарылған деректі фильмі көрсетілді. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы жайында түсірілген кинотуындыда ол туралы тың деректер көп. Фильмнің жарыққа шығуына батырмен дәм-тұздас болған адамдар, замандастары және туған-туысқандары септігін тигізген. Туындының тұсаукесер рәсіміне тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы да қатысып қайтты.


Биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толмақ. Фильм де осы айтулы шараға байланысты шығарылып отыр.


Қалила Омаров, фильмнің режиссері:

- Кеңес үкіметі кезінде Бауыржан Совет Үкіметінің атақты соғыс ардагері ретінде ғана қабылданды, сол ретінде ғана насихатталған. Ол кісі тағдырында үлкен қиянат көрді. Сол кезде 12 мыңға жуық Совет Одағы батыры атағын алған адамдар болды. Біздің Бәукеңе келген кезде сол бұйырмады.


Халықтың өзі "батырым" деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілгені белгілі. Батырдың өзі тірі кезінде көре алмаған "Қызыл жұлдыз" ордені енді ұлы Бақытжан Момышұлы үшін әкесінің көзіндей. Ол фильмді түсіру кезінде керек деректерді іздеуге көмектесті. Түсіру тобы Ресейге барғанда Бақытжан аға атақты Волоколамск түбіндегі шайқас алаңынан бір уыс топырақ ала келіпті.


Бақытжан Момышұлы, Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы:

- Қатты толқыдым.Сол топырақты алып Алматыға келген соң, Кеңсай зиратына барып: "Әке, өзің соғысқан, қан төккен жерден, талай сарбаздың қаны сіңген топырақты әкеліп, қабіріне қосайын" дедім. Қайта-қайта көзіме жас үйірілді.

Деректі фильмдегі ең құндысы сол, өлеңдерді Бауыржан Момышұлының өзі оқиды. "Бұл - жастарға рух беріп, намысын көтеретін құдіретті үн",- дейді келіні Зейнеп Ахметова. Оның ойынша, фильмге қосар тұстар әлі де жетерлік.


Зейнеп Ахметова, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы:

- Көптеген деректер бар, әлі де жарыққа шықпаған. Қазірдің өзінде кедергі болып жатқан мәселелер өте көп. Мен оны қазір айта алмаймын. Айтайын, атаның қазір тірі жалғыз нағашысы 80-нен асқан көкеміз бар. Сол кісі фильмде сөйлемеді.

Бауыржан Момышұлының артынан қалған қара шаңырақта оның көптеген қолжазбалары сақтаулы. Бірақ артындағы ұрпақтары сапасын сақтап қалу үшін оларды "орталық мұрағатқа тапсырамыз" деп отыр.


Деректі фильм Бауыржан Момышұлы жайында түсірілген осымен 3-ші туынды. "Алдыңғы екеуі Кеңес Одағы кезеңінде түсірілгендіктен, онда батырдың ерлігі мен болмыс-бітімі толық ашылмады", - дейді киногерлер. Десе де, 30 минуттық "Қазақтың Бауыржаны" деректі фильміне де барлық мәліметтерді сиғызу мүмкін болмапты. Сондықтан фильмнің жалғасы болуы мүмкін.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны