gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Шымкент: білім ордасында тағы да дау туды

16.09.2010 17:12
Шымкент мектебінде тағы да дау. Бұл жолы қаладағы N52 білім ордасының төрт мұғалімі "директор соққыға жықты" деп полицияға арызданып отыр. Алайда осы оқиға бойынша құзырлы органдар қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Енді басшылықтың теріс тірлігін айтып арызданған ұстаздардың өздері "жала жапты" деп айыпталуда.


Шымкенттегі N52 мектептің төрт мұғалімі "мектеп директоры ұстаздарды уысында қорқытып ұстайды" деп отыр. Олардың айтуынша, мектеп басшысы Байдалы Сламбеков мұғалімдерге дөрекілік көрсетеді, тіпті қол жұмсауды шығарған.


Күләнда Мырзахметова, Шымкент қалалық N52 мектептің мұғалімі:

- 21 мамыр күні мені кабинетіне кіргізіп алып ұрды. Қолымда сот сараптамасының қорытындысы да бар. Арызданып едім, "қалтаңа есірткі салып, полицияға ұстатып жіберем" деді. Тіпті "балаңды көшеде бауыздап кетеді" деп қорқытады.


Ал білім ошағының басшысы мұның бәрін жоққа шығарды. Байдалы Сламбековтың осы мектепті басқарғанына 1 жыл болыпты. Алайда жаңа тағайындалған директорға қатысты алғашқы айдан-ақ құзырлы орындарға арыз-шағымдар түсе бастаған.


Байдалы Сламбеков, Шымкент қалалық N52 мектептің директоры:

- "Ауру боп қалған, вирус боп қалған". Бір-ақ нәрсе айтайын: ондай нәрсе болған жоқ. Бұл жөнінен Абай аудандық Ішкі істер бөлімі бар ғой, соның 4 шыққан қаулысы бар, кері қайтарылған қаулы. Барлығы тексеріліп, барлық процессуалдық шешім қабылданған. Ол прокуратурамен келісілген.


Ұстаздар арызының негізінде өткен оқу жылының екінші жартысында мектепке 15 рет тексеру жүргізілген. "Соның барлығында айтарлықтай заңбұзушылық анықталмады", - дейді директор.


Ал мектеп басшылығына қатысты арызданған бір мұғалім бұған дейін де "жала жапқаны үшін" осыдан бір ай бұрын шартты түрде бас бостандығынан айырылыпты. Соған қарамастан, ол әлі осы мектепте жұмыс істеп жүр. Бір айта кетерлігі, N52 мектептегі ұстаздар мен басшылық арасындағы келіспеушіліктен соңғы жеті жылда 5 директор ауысқан.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны