gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Ақтөбеліктер ас тұзы мен қарақұмықтан тарығуда

16.09.2010 17:13
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін дәнді-дақылдар тапшылығы Ақтөбеде де сезіле бастады. Өңірдегі сауда нүктелеріне қарақұмық қана емес, ас тұзының да жеткізілмегеніне екі аптадан асты. Қазір тек көтерме сауда базарлары қорда қалған тұз бен қарақұмықты өлшеп сатуда. Оның бағасының өзі бір аптада үш есеге өсіпті. Мамандар қарақұмық тапшылығын көршілес Ресейдегі қуаңшылықпен байланыстырса, тұздың жоқ болу себебін нақты айта алмайды.


Тұрғындардың сұрауынан сатушылар шаршаған болса керек, дүкен сөрелеріне "тұз жоқ" деген хабарлама ілінген.


Асхат Оразбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бірнеше дүкенге бардым, тұз жоқ еш жерде. Тұзды қайдан табамыз? Ал тамақты қалай ішеміз, тұзсыз?! Мынау қызық жағдай болды ғой!

Ас тұзы жалғыз орталық базарда ғана бар. Онда да арнайы қораптағы емес, бірнеше жылдан бері қоймада жатып қалған қаптағы қара тұз.


Гуля Базарбаева, саудагер:

- "Қораптағы тұз қайда?" деп сұрайды. Оның келмегеніне екі апта болды. Неліктен жоқ екенін білмейміз. Бізге арғы жақтан көтерме бағамен келмей жатыр. Амал жоқ, пакетке салып сатып жатырмыз.


Өңірде екі аптадан бері қарақұмық жармасының тапшылығы да сезіле бастады. Бұл дәнді-дақыл дүкендерде жоқтың қасы. Ал көтерме базардағы саудагерлер қорда қалған жарманы үш есе қымбат бағамен сатуда. Cонымен қатар бір тәулік ішінде өсімдік майының бағасы 220 теңгеден 320 теңгеге өскен. Ұн мен сүттің құны да 10-15 пайызға артты.


Райхан Жұмағұлова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бағаны антимонополиялық комитеттер қарау керек қой. Халықтың жағдайына қарау керек.


Азық-түлік қауіпсіздігіне Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жауап береді. Олар күнделікті халық тұтынатын өнімдердің бағасы мен қол жетімділігін зерттеп отыруға міндетті. Бірақ аталмыш мекеме өкілдері азық-түлік тапшылығына қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны