gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

"Ақ кент" жұмысшылары наразылық шарасын ұйымдастырды

16.09.2010 17:13
Алматыда үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген "Ақ кент" тұрғын үй кешенінің жұмысшылары наразылық білдірді. Салынып жатқан кешеннің алдына жиналған 50 шақты адамның талабы біреу. "Ала жазғы маңдай тер, еңбекақыны компания басшылығы қайтарсын" дейді.


Еңбекақысын даулап келген 40-тан астам адам "Ақ кент" тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясының қызметкерлері. Екі айдан бері осында күнде жиналғанымен, құрылыс аумағын қақпа сыртынан ғана сығалап кетеді. Бүгін шыдамы таусылған наразы топ басшылықпен қалай да жолықпақ болған. Бірақ тағы да қақпадан әріге аса алмады.


Айжан Төлегенова, жұмысшы:

- Бастыққа бардық. "Берекет" жоқ жабылды, ақша жоқ" деп айтады. "Берекет" міне, құлпы жабылды. Ішіне кіргізбейді. Сосын осы плакатты салып, "Берекет" жабық, ақшаны берсін!" деп ұстап тұрмын.


Тамара Матьякупова, бригадир:

- Жұмысшылар жан-жақтан келген. Олардың да 6-7-8 айларда алмағандары бар. 9-шы айға кіріп кетті міне, ақшасын әлі берген жоқ.


Құрылысшылардың айтуынша, мердігер компания олардың бәріне 3 млн теңге қарыз. Бірақ басшылықтың қарызды қайтаратын түрі жоқ. Айтуларынша, құрылысшылар бастаған нысанды аяқсыз қалдырған.


Бағдат Тоқтағазиев, құрылыс компаниясының инженері:

- Мүлдем алмайды, бітірсін жұмысын, сосын алады. Жұмыс істегісі жоқ. Өйткені бақылауға ала бастады. Біз жүре бастадық, тексере бастадық. Ал бұған дейін бұлар бәрі отырды, ұйықтады. Болды, ешкім жұмыс жасаған жоқ. Жасаған жұмыс болса, міне,1 ай осында жүрді. Бір ай емес, 15 күнде бітіретін жұмыс бұл жер.


Бірақ наразы топ жұмысты қайта бастағысы келмейді. "Алдымен тиісті ақымызды берсін" дейді. Негізі "Ақ кент" тұрғын үй кешенінің құрылысы 4 жыл бұрын басталған. Жоспар бойынша оны биыл толық пайдалануға беруі тиіс. Жақында мұнда Елбасының өзі арнайы келіп, алғашқы пәтер кілттерін де тапсырған. Бірақ бұндай қарқынымен құрылыстың әзірге бітер түрі көрінбейді.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны