gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Әлімжеттіліктің құрбанына 5 млн теңге өтемақы төленбек

17.09.2010 17:15
Әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан Рафаэль Бадрутдиновтың ата-анасына Қорғаныс министрлігі 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Істі 4 айдан аса уақыт қараған Астана қалалық сотының шешімі осындай. Былтыр күзде әскер қатарына шақырылған жігіт бір айға жетпей командирінің қолынан қаза тапқан еді. Оқиға Жамбыл облысының Гвардейский кентіндегі 82796 әскери бөлімшесінде орын алған. Бірнеше ай бұрын дәл осы бөлімшеде тағы бір көкшетаулық жігіт әлімжеттіліктің құрбаны болды. Қазір оның ата-анасы да әскери ведомствомен соттасып жатыр.


Былтыр күзде әскерге аттанған Рафаэль Бадрутдинов небәрі 20 күн ғана азаматтық борышын өтеп үлгерді. Рафаэльді келісім-шартпен әскери қызметте жүрген сержант Нұрмахан Оңғалтаев соққыға жыққан болатын. Басынан алған ауыр жарақаттан жігіт екі апта бойы жан сақтау бөлімінде жатып, ақыры тілге келместен көз жұмды.


Ольга Бадрутдинова, Рафаэльдің анасы:

- Баламның өліміне кінәлілерді қалайда жазалауға тиіспін деп шештім. Қорғаныс министрлігі 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді. Дегенмен сот шешіміне көңілім толмайды. Ары қарай шағымданам. Олар түсінсін, мен сияқты басқа аналарды жылатпасын! Әскерде тәртіп орнатсын!


Сарбаздың өліміне кінәлі сержант сәуір айында Әскери соттың шешімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен қайтыс болған сарбаздың ата-анасы орны толмас қайғыма әскери бөлімшенің басшылары да жауап беруге тиіс дейді


Ольга Бадрутдинова, Рафаэльдің анасы:

- 82796 әскери бөлімшесінің командирі Қасымбеков, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбжалалов әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр. Оларды 3 айлық сыйақыдан айырған. Бар алған жазалары осы ғана. Бұл мазақ емес пе?! Әскердегі тәртіпке жауапты осы адамдар жауапқа тартылсын!

Аталмыш әскери бөлімшесінде көкшетаулық 20 жастағы Әнуәр Елеусізов те әлімжеттіліктің құрбаны болды. Оны ұрып-соғып, кейін 5-ші қабаттан лақтырып жіберген екі сарбаз қазір 6 жылға сотталған. Сарбаздың әкесі Еркін Елеусізов баласының өліміне кінәлі, әскердегі тәртіпті бақылай алмаған "Қорғаныс министрлігі" дейді. Ұлынан айырылып, қара жамылған әке әлі күнге дейін әділдікке қол жеткізе алмай жүр.


Еркін Елеусізов, Әнуәрдің әкесі:

- Мен сотқа бергенде, олар маған қарсы сотқа берді, Қорғаныс министрлігі. Міне, әлі соттасып жүрміз. Олар біз берген 200 мың теңге төлемақы ішіне кіреді дейді.

Әнуәрдің әкесі "Қорғаныс министрлігі 10 миллион теңге моральдық шығын өтесін" деп отыр. Және баласының өліміне кінәлі сарбаздардан басқа, тәртіпсіздікке жол берген басшылар да сазайын тартуы керек деп есептейді.


Дегенмен осы іске қатысты бүгін мәлімдеме жасаған Қорғаныс министрлігінің өкілдері тәртіпсіздікке жол берген Жамбыл облысындағы әскери бөлімше басшыларының жауапқа тартылғанын айтты.



Бауыржан Арынов, ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі департамент бөлімінің бастығы:

- Бадрутдиновке келетін болсақ, өте қатаң іс-шаралар қолданылды. Олардың біреуі осындай деңгейге дейін тәртіпті төмендеткені үшін әскери бөлімнің командирі және әскери бөлімнің тәртіп жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметінен босатылды.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны