gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Сібір жарасы! Мал өліктері көмілген жерде өндіріс тоқтар емес

17.09.2010 17:16
Астана қаласының маңындағы Тайтөбе ауылының тұрғындары әлі күнге дейін алаңдаулы. Ауылдың маңында кезінде сібір жарасымен ауырған малдың өліктері көмілген бірнеше орын бар. Сол жердің тас құмын қазып сатып жатқан өндіріс мекемесі жұмысын әлі күнге дейін тоқтатар емес. Естеріңізде болса, Тайтөбе ауылындағы осы жағдай туралы біз бұдан бұрын хабарлағанбыз. Содан кейін сот отырысы өтіп, 19 тамызда кеніш қазуды уақытша тоқтату туралы шешім де шыққан. Бірақ жергілікті тұрғындар жағдайдың өзгермегенін айтып дабыл қағып отыр.


Тас, құм тиеген жүк көліктерінің жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. "Қазылып жатқан кеніш аумағы кеңейген сайын жанымызды қоярға жер таппаймыз", - дейді тайтөбеліктер. Өйткені сібір жарасымен ауырған мал өліктері дәл осы жерге көмілген. Зардабы ондаған жылдар бойы жойыла қоймайтын кесел "қайта ушығып кетпес пе екен" деп алаңдайды ауыл тұрғындары.


Тасболат Жұмабаев, Тайтөбе ауылының тұрғындары:

- Осы жерде қазір тас жарып, ақ балшық алып, жерді қопарып жатыр. Сол туралы қаншама арыз жаздық. Енді тоқтатамыз деп уәде береді, бірақ орындамай жүр.


Тайтөбе ауылының жағдайымен танысуға бүгін "Нұр Отан" партиясының өкілдері келіпті. Олардың сөзінше, кеніш қазуды уақытша тоқтату туралы сот шешімі 19 тамызда шыққан. Шешім күшіне ену үшін он күн уақыт ішінде өндіріс мекемесі ешқандай қарсы шағым түсірмеген. "Яғни, кеніш жұмысы тоқтатылуы тиіс",- дейді партия қызметкерлері.


Жұмажан Жүкенов, Нұр Отан ХДП орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

- 29-ы күні шешім өз күшіне енгеннен кейін 8 қыркүйекте сот орындаушылары өзінің жұмысына алады. Кеше басшыларына тиісті шақырту беріпті. Соның аясында олар ертең осында келіп, сот шешімін орындау мәселесін атқарады.

Кеніш қазып жатқан Серіктестіктің өкілдері бұл жаңалықтардан бейхабар. Олар: "Соттан ешқандай қағаз келген жоқ. Тіпті кен жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім де шыққан емес. Тек сараптама жұмыстарын жүргізуге ғана тапсырма берілген,"- дейді.


Наталья Шостова, "Александрит-ИВ" ЖШС өкілі:

- Соңғы екі жылдан бері әділдікке жете алар емеспіз. Целиноград ауданының шенеуніктер тобы жұмысымызға кедергі келтірумен келеді. Олардың бұл әрекеттеріне қарап, арнайы тапсырыспен жұмыс істеп жатқандықтарын аңғару қиын емес.


Наталья Шостованың сөзінше, қазір олардың қолдарында жарылыс жасауға, жұмыстарын одан әрі жалғастыра беруге рұқсат құжаттары бар. Яғни Тайтөбе ауылының маңындағы кеніш жұмысы әзірге тоқтатылмайды.


http://kaz.gazeta.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны