gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Оралда Ресей консулдығы бас консулдық мәртебесіне ие болды

13.06.2012 11:14
"Бас консулдық - бұл консулдық мекемелердің жоғары дәрежесі. Екі елдің өзара қарым-қатынасы үшін консулдық округтың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекеттің сыртқы қатынастары органымен беріледі", - деп хабарлады Орал қаласындағы РФ консулы Сергей Прохоров.

Сергей Прохоровтың айтуы бойынша, жоғары мәртебе жұмыстың принциптерін өзгертпейді, бас консулдық азаматтарға қызмет көрсету, заңдылық шеңберінде олардың мәселелерін шешу және визалар, төлқұжаттар, нотариалды құжаттар мен анықтамалар сияқты құжаттарды ресімдеумен айналысады.

Бұл туралы Ресей күнін тойлауға арналған салтанатты қабылдау өткізілген Орал қаласындағы консулдықта айтылды. Мұнда өкіметтің атқарушы органдарының басшылары, мәжілісмендер, депутаттар, Қазақстан халықтарының шағын ассамблеясының өкілдері, қоғамдық қайраткерлер шақырылды.

"Ресей мен Қазақстанды берік тату көршілік қатынас байланыстырады. Біздің еліміздің Президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев 20 жыл болған достық туралы шарттың мерзімін ұзартты. Біздің азаматтарымыз үшін тағы бір жақсы хабар бар: РФ мен ҚР азаматтары келу мерзімін 30 күнге дейін тіркелусіз ұзарту туралы келісімге қол қойды. Біздің елімізді 7,5 мың км мемлекеттік шекара байланыстырады. Сонымен қатар оның жартысы біздің консулдық округке жатады. Оған Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстары кіреді",- деді Сергей Прохоров.

"Біз ағайынды Ресей халқын мерекесімен құттықтаймыз. Ресей күні - бұл елдің пайда болған күні, олармен бізді жалпы шекара және жалпы тарих байланыстырады. Біздің осынау ынтымақтастығымызды барлық облыстарда дамытуымыз қажет", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғай.

www.bnews.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны