gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері әлемде маңызды рухани және құнды үдерістердің қозғаушы күші бола алады - Елбасы

18.06.2012 12:52


Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері біздің әлемде маңызды рухани және құнды үдерістердің қозғаушы күші бола алады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін Астанада өтіп жатқан "Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет" халықаралық форумына үндеуінде осылай айтылған.

Елбасы құттықтауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед халықаралық форумның ашылуы барысында оқып берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет" форумы қатысушылары мен қонақтарына үндеуі

Әлемнің 1/6 бөлігінің мәдени және шығармашыл өкілдері форумының Еуразияның нағыз кіндігінде, тәуелсіз Қазақстанның жас елордасы - Астанада өтуінің терең мәні бар.

Қазақстан әрқашан да қазіргі заманның ең өзекті проблемалары бойынша диалог үшін алаң болып келді және солай бола береді.

Жақында біз шын мәнінде жаһандық даму проблемаларына кең "еуразиялық көзқарасты" таратушы болған V Астана экономикалық форумын өткіздік.

40 елден 85 делегацияның қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтті. Бұл форумдар әлемдік тәртіптің моделі және G-Global ұстанымдары туралы қазақстандық бастаманы қолдады.

Нақ сіздер, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері әлемдегі маңызды рухани құндылықтар үдерістерінің, бүкіл еуразиялық кеңістіктегі гуманитарлық білімнің және жасампаз шығармашылықтың қозғаушы күші бола аласыздар, делінген Н.Назарбаевтың үндеуінде.

Мемлекет басшысы форумның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, есте қаларлық кездесулер мен ашылымдар, шабыт пен шығармашылық биіктер тілеген игі тілегін білдірді.


Источник: www.inform.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны