gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Мәскеуде Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың 20 жылдығына арналған Гала-концерт өтеді

02.10.2012 17:44
Биыл Ресей мен Қазақстан өзара достық қарым-қатынастың 20 жылдығын атап өтуде.

Осыған орай, 9 қазан күні Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Үлкен театрының жаңа сахнасында екі мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстан арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарт жасалуының 20 жылдығына арналған бірлескен салтанатты концерт өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Салтанатты концертке Ресей мен Қазақстанның өнер шеберлері қатысады. Ресей Ұлттық оркестрі (Ресей), К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы (Қазақстан), Пятницкий атындағы мемлекеттік орыс халықтық хоры (Ресей), "Серпер" домбырашылар ансамблі (Қазақстан), Мәскеу мемлекеттік камералық хоры (Ресей) үлкен театр сахнасында өздерінің таңдаулы шығармаларын ұсынады.

Сондай-ақ, екі мемлекеттің танымал және дарынды әртістері көрерменге өз өнерін паш етеді. Олар - Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева, Ресей халық әртісі Лев Лещенко, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлер Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары Карина Сербина (Ресей), Медет Шотабаев (Қазақстан), "Кватро" тобы (Ресей) және тағы басқа жарқын жұлдыздар


http://inform.kz
Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны