gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.А.Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапарына

25.01.2013 10:01

2013 жылғы 24-25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.А.Ыдырысовтың Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді.

Сапар барысында қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавровпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда казақстан-ресей ынтымақтастығының бүгінгі жай-күйі мен болашағын талқылау, сонымен қатар халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері бойынша пікір-талас жүргізу жоспарланып отыр.

Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығының шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекеттестіктің нығаюы бойынша практикалық қадамдарға, сонымен бірге 2012 жылдың 19 желтоқсанында екі елдік Президенттерімен бекітілген 2013-2015 жылдарға арналған Бірлескен әрекеттер жоспарын тиімді орындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен бірге, сыртқы саясат ведомстволар басшылары ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК және БҰҰ интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық, Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ каспий мәселесі бойынша көзқарастармен алмасу мәселелерін қарастырмақ.

2012 жылғы 9 қазанда қабылданған Қазақстан мен Ресей Президенттерінің Бірлескен мәлімдемесінің аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі жаңа XXI ғасырда Тату көршілестік пен одақтастық шартының жобасын дайындады. Бұл құжатта Қазақстан мен Ресей әрекеттестігінің негізін қалаушы қолданыстағы құжаттарда бекітілген екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары көрініс тапты, сондай-ақ жаңа заманның қауіп-қатерлерін ескере отырып одан да тығыз әрекеттестіктің контурлары белгіленді.

Осы Сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуі барысында Шарт жобасы ресей тарапына құжатқа қатысты өз көрінісін белгілеу және талқылау үшін беріледі. Оны ағымдағы жылы келісу мен оған қол қою жоспарлануда.

Кездесу нәтижесінде 2013 жылға арналған Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылады. Оның жүзеге асуы Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси саласындағы тығыз әрекеттестігінің тереңдетілуіне мүмкіндік береді.

http://kazembassy.ru/

Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны