Тверь облысында XV Жаздық дипломатиялық ойындар өтті
2013 жылғы 24 тамызда Тверьде "Завидово" демалыс кешенінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық корпусқа қызмет ету жөніндегі бас басқармасы өкілдігінің бастамасымен XV Жаздық дипломатиялық ойындар өтті.
Жарыстарға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қызметкерлері және Мәскеуде тіркелген 16 дипломатиялық өкілдіктерінің, Ресейдің Сыртқы істер министрлерінің және Дипломатиялық корпусқа қызмет ету жөніндегі бас басқармасының қызметкерлері қатысты.
Ойындардың бағдарламасына - жүгіру (кросс), футбол, волейбол, баскетбол, теннис, балық аулау, бильярд, атыс және шахмат секілді спорт түрлері кірді.
Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған барлық спорт түрлері бойынша жарысып, жеткілікті физикалық дайындығын және футбол, волейбол баскетбол секілді командалық спорт түрлері бойынша ұжымдық бірлестікті көрсете білді.
"Завидово" демалыс кешенінде орналасқан су қоймасы жағасында балық аулау жарысы көпшілікке ұнаған спорт түрлерінің біріне айналды.
Қазақстандық командасы бильярд бойынша жарыстарда маңызды жеңіске жетті.
"Завидово" демалыс кешенінде жыл сайын өтетін дипломатиялық спорт ойындары дипломатиялық корпусқа арналған маңызды спорттық-сауықтыру шарасы болып табылады.
http://www.kazembassy.ru
|