|
|
Қысқаша анықтама
Ресей Федерациясының заңнамасы шетел азаматтары мен тұрақты шетелде тұрып жатқан отандастардың Ресейде білім ала алатынын қарастырады. Отандастардың Ресей азаматтығы бар болған жағдайда олар Ресей азамттары тәрізді жалпы түрде, мемлекеттік білім беру мекемелеріне бюджеттік орындарға түсе алады. Байқау бойынша бюджеттік орындарға өтпейтіндер мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде ақылы түрде білім ала алады.
Одан басқа, Ресей Үкіметі және Мәскеу Үкіметі жыл сайын "жақын" және "алыс" шетелден келген ең дарынды балалардың мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқуларына шәкіртақылар бөледі. Шәкіртақы сондай-ақ отандастар мекемелерінің ұсыныстары бойынша байқауға қатысатын талапкерлер үшін шетелдегі ресей елшіліктеріне бөлінеді. Артықшылықты жыл сайын ТМД және Балтияның орыс тілді мектептерінің арасында жүргізілетін олимпиадалар жүлдегерлері иеленеді.
Ресейлік білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін үлкен мүмкіндіктерді қашықтықтан оқыту ұсынады. Қашықтықтан оқытудың желілік және телевизиялық әдістері кең дамыды, электронды және мультимедиялық оқулықтар, компьютерлік үйрету бағдарламалары, сонымен қатар, оларды пайдалану әдістемелері құрылды.
Ресейлік білім беру жүйесі туралы деректер және басқа пайдалы ақпарат Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің Ғаламтордағы http://mon.gov.ru; http://www.ed.gov.ru/, сайттарында, сонымен қатар, біздің "Ресейлік білім беру шетел азаматтары үшін" порталымызда орналасқан.
|
|