gerb ministry
Russian
Русский
English
English
French
Français
Spanish
Español
German
Deutsch
Italian
Italiano
Portuguese
Português
український
Україн
Kazakh
Қазақша
Chinese
中文
Arabic
ﺔﻴﺑﺮﻌﻟا
Mongolian
Mонгол
Vietnamese
Tiếng Việt
Moldavian
Moldov
Romanian
Română
Türkçe
Türkçe
Home About Site map Useful links Log in




Portal - Asociación Latinoamericano Rusia - Oferta Universitaria de las Americas y el Mundo, Rusas, estudios en rusia, universidades rusas, idioma ruso
Ruski studenti SCG
Фонд Русский мир

2012 жылы мемлекеттік шәкіртақыға шетелде тұратын отандастар мен шетел азаматтарын оқуға қабылдау туралы хабарландыру


Ұлттық кадрларды даярлауда шетел мемлекетіне ықпал ету мақсатында Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрілігі (Ресей Білғылмин) 2012/2013 оқу жылына бакалаврларды, мамандарды және жоғары оқу орнынан кейінгі (аспирантура, интернатура , ординатура, докторантура) және қосымша кәсіби білім (тағылымдама, біліктілігін арттыру) мамандарын даярлау бағдарламасы бойынша федералдық бюджет қаражатының есебінен жоғары кәсіби білімнің федералдық мемлекеттік білім беру мекемелерінде шетел азаматтары мен отандастарды оқуға қабылдау үшін мемлекеттік шәкіртақы бөледі.
Жіберуші тарап ұсынып отырған әр кандидаттың құжаттарының жиынтығын ұсынады, қарастыру нәтижесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы шешім қабылдайды.

Міндетті құжаттар жиынтығына мыналар кіреді:

1.Қабылдаушы жоғары оқу орны қабылдау мәселелерін алдын ала пысықтауды жеделдету үшін кандидаттың бастапқы сауалнамасы интерактивті режимде толтырылады.

2. Кандидаттың сауалнамасына түрлі-түсті сурет жапсырылады.

3. Төлқұжаттың көшірмесі (көшпелі оқу визасының әрекет ету мерзімі басталғанға дейін 18 айдан кем емес әрекет ету мерзімімен белгілі мәліметтер қамтылған шақыру қағазын рәсімдеу үшін төлқұжаттың беттері анық оқылатындай).

4. Орыс тіліне аударылған туу туралы куәлігінің көшірмесі.

5. Кандидат тұратын елдегі ресми денсаулық сақтау органы берген оқу үшін қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындының көшірмесі.

6. Кандидат тұратын елдегі ресми денсаулық сақтау органы берген адамның иммун тапшылығы (АИТ) және ЖҚТБ ауруларының болмауы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі.

7. Оқыған пәндерінің тізбесі мен олар бойынша алынған емтихандық (қорытынды) бағаларының (балдар) тізбесі қамтылған қосымшалары бар білімі туралы құжаттың көшірмесі.

Сонымен қатар мыналарды ескеру қажет.
Бакалавр немесе маман даярлау бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау үшін Ресей Федерациясында орта (толық) жалпы білімі немесе орта кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат ретінде танылатын білімі туралы құжат ұсынылады. Магистр бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау үшін Ресей Федерациясында бакалавр дипломы (кем дегенде 4 жыл оқу) немесе маман дипломы (кем дегенде 5 жыл оқу) ретінде танылатын білімі туралы құжат ұсынылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім (аспирантура, интернатура, ординатура) білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясында маман дипломы (кем дегенде 5 жыл оқу) немесе магистр дипломы (бакалаврды даярлау бағдарламасы бойынша төрт жылдық оқудан кейін кем дегенде 2 жыл оқу) ретінде танылатын білімі туралы құжат ұсынылады.
Ординатурада оқуға тек Ресей жоғары оқу орындарының бітірушілері қабылданады. Докторантураға түсу үшін Ресей Федерациясында ғылым кандидаты ғылыми атағы туралы құжат ретінде танылатын білімі туралы құжат ұсынылады.

8. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім бағдарламасы бойынша оқу үшін кандидат қосымша ұсынады:

Аспирантурада (интернатурада, ординатурада) оқу үшін - болашақ зерттеу ғылыми тақырыбы бойынша орыс тілінде реферат (баспа мәтінді 1-2 бет) және егер бар болса, ғылыми жарияланымдарының тізбесі;

Докторантурада оқу үшін - болашақ зерттеу ғылыми тақырыбы бойынша орыс тілінде реферат және ғылыми жарияланымдарының тізбесі; Оқуға қабылдаудың ерекше құқығы таңдаған мамандығы бойынша профильді пәндерден жоғары бағасы (балы) бар кандидаттарға беріледі. Барлық құжаттардың көшірмелері орыс тіліне аударылып, нотариус арқылы куәландырылуы тиіс.

Кандидаттардың оқуға тапсыратын құжаттарының жиынтығын жіберуші тарап 2012 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде ұлттық министрліктің немесе Ресей елшілігінің ресми ілеспе хатымен және кандидаттардың тізімімен бірге Халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынылады.

Кандидат таңдаған мамандықтың атауы және мамандықтың шифрі даярлау мамандықтарының атауы тізбесінде көрсетілгенмен сәйкес келуі тиіс.
Оқу орнын (білім беру мекемесі және қала) Ресей Білғылмин анықтайды. Ресей Федерациясында оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

Орыс тілін меңгермеген кандидаттар үшін оны оқуға 1 жылға дейінгі мерзімде дайындық факультеті (бөлімшесі) ұйымдастырылады.

Оқуға келген кандидатта өзімен бірге төлқұжаты, қосымшаларымен бірге білімі туралы құжаттардың түпнұсқалары, медициналық анықтама және қосымша 7 сурет (4х6 мөлшердегі) болуы қажет. Сондай-ақ тиісті жабдықталу (Ресей ауа райын ескеріп) және Ресейге келуде шығындарын жабу үшін бастапқы ақша қаражатының болуы ұсынылады. Ресейлік тарап кандидаттың оқу орнына бару және қайтадан отанына оралу жолын төлемейді.

Кандидат кездесулер ұйымдастыру, оқу орнына дейін жол жүру, Ресей Федерациясы аумағында медициналық сақтандыру полисін алу шығындарын жұмсайды (долларлық эквивалентпен аталған шығындар 250 АҚШ доллар (кездесу, оқу орнына жету) және жыл сайын медициналық сақтандыру полисін алу 250 АҚШ доллары).
Ресей көші-қон заңнамасының ережелеріне байланысты кандидаттың оқуға баруы оның көшпелі оқу визасының әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін кем дегенде 20 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.

Оқуға қабылданған шетел азаматтары Ресей азаматтарымен теңдей жағдайда ай сайын шәкіртақымен және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқуға қабылдаушы білім беру мекемелері оқуға қабылданған шетел азаматтарының Ресейге отбасы мүшесімен және басқа туыстарымен келуі бойынша міндеттемелерді мойнына алмайды.

Жіберуші тарап өз азаматын оқу аяқталғаннан кейін (жіберуші тараптың есебінен) уақтылы жіберуге, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңдары бұзылған жағдайда, денсаулық жағдайы бойынша немесе өліммен аяқталу кезінде кепіл болуы тиіс.








Іздеу Кең көлемді іздеу


Маңыздысы
Сілтемелер
ЖАҢАСЫ
FAQ
Интерактивная карта образовательных организаций (учреждений), проводящих государственное тестирование по русскому языку как иностранному

Федеральный портал "Российское образование"

ЕДИНОЕ ОКНО
доступа к образовательным ресурсам
Библиотека учебных ресурсов


© 2007-2013 Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі
При использовании материалов сайта ссылка на «Шет ел азаматтарына арналған Ресей білімі» и уведомление администратора обязательны