|
|
Күндізгі оқыту
 |
|
Күндізгі оқыту Күндізгі оқыту бөлімінде студенттер күнделікті сабақ оқиды, тек аптасына бір күн демалыс болады.
Әдетте күндізгі оқыту бөлімінде сабақ таңертен 9.00-10.00 шамасында басталып, түстен кейін 16.00-17.00 уақыт аралығында аяқталады.
Бірақ әрбір оқу орындарында сабақ оқу уақыты өздерінің сабақ кестесіне байланысты әр түрлі болады. Күндізгі оқыту бөлімінде студенттерге сабақ тікелей мұғалімдердің қатысуымен және олармен қарым-қатынаста болу арқылы өтіледі. Егер олай болмаған күнде оқыту бөлімі сырттай оқыту бөлімі болып табылады. |
Сабақтың шамамен 70%-ы тікелей мұғаліммен бірге өтілсе, қалған 30%-ы студенттердің өзіндік жұмысы болады. Күндізгі оқыту лекция, семинар, коллоквиумдар және т.с.с. арқылы өтіледі.
|
|