|
|
Сырттай оқыту, экстернат

|
|
Сырттай оқыту бөлімі пәндерді өзіндік оқу түрі болып табылады.
Оқытудың бұл түрінде өзіндік оқуға 70%-ы, ал 30%-ы мұғалімнің өткен лекциясына, семинарына, коллоквиумға қатысуға жұмсалады.
Сырттай оқытуда сессия бойынша пәндік курстық оқыту жүйесі пайдаланылады. Күндізгі және кешкі оқыту түрінде оқу жылы 1-қыркүйектен басталып, шамамен 30-маусымда аяқталса, сырттай оқыту кезінде оқу жылы 1-қазанда басталады.
Құрылымдық деп аталатын осы оқыту формасында пән бойынша қысқаша лекция өтеді. Осы қысқаша лекциядан кейін студент әрі қарай өзіндік жұмыстары арқылы білімін толықтырып, сессияда емтихан, сынақтарын тапсырады. Құрылымдық сессия 2-3 апта өтеді де төрт-бес ай студент өзіндік жұмыспен айналысады. Яғни, төрт-бес айдан соң емтихандық сессия белгіленеді. Ол сессияда мұғалімдер студенттердің пән бойынша білім деңгейін бағалап, аттестациядан өткізеді. Одан кейін жаңа пән топтамасының құрылымдық сесиясы жүргізіліп, процессс қайталана береді. |
|
|